1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет5/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

         
4           
мектепті  №13  Құмсуат  колхозында,       
7  жылдық  мектепті  Ким  мектебінде,  ал 
орта мектепті  Бірінші Май  кеңшарында 
1953  жылы  бітіреді.  Осы  жылы 
Қызылорда  педагогикалық  институты-
ның  физика-математика  факультетіне 
оқуға  түсіп,  оны  «физика»  мамандығы 
бойынша  1957  жылы  үздік  бітіреді. 
Мұғалімдік  қызметінің  алғашқы  қада-
мын  ӛзі  оқып бітірген қазіргі  №40  орта 
мектепте бастайды. 
Мектепте физика, математика пән-
дерінен сабақтар бере бастайды. Бойына 
білімнің  бұла  күшін  жинаған  жас  жігіт 
тынымсыз  еңбегінің  және  үздіксіз  ізде-
нісінің  арқасында  аз  уақыттың  ішінде 
елге  сыйлы  болады.  Мектептің  және 
ауылдың қоғамдық ӛміріне белсене ара-
ласып,  мектеп  жанынан  құрылған  ӛнді-
рістік  бригадаға  басшылық  жасап,  оқу-
шыларды  еңбек  тәрбиесіне  баулиды, 
ауылдың  кӛркеюіне  ӛз  үлесін  қосады. 
Ӛз пәнін терең меңгеруі, жоғары ұйым-
дастырушылық  қабілеті,  әрбір  іске  ас-
қан жауапкершілікпен қарауы, ӛзіне де, 
ӛзгеге де талап қоя білуі сияқты қасиет-
тері  арқасында  Базарбек  ағай  2-3  жыл-
дың  ішінде  мектеп  оқу  ісінің  меңгеру-
шісі қызметіне тағайындалады. 
Базарбек  Қашқынбаев  1962  жылы 
ӛзі  білім  алған  Қызылорда  педагоги-
калық институтының «Теориялық физи-
ка»  кафедрасына  оқытушылық  қызмет-
ке  шақыртылады.  Оқу  орнына  келген 
уақыттан  бастап  студенттерге  сапалы 
дәріс беріп, ғылыми бағыттағы зерттеу-
шілік  жұмыстармен  айналыса  бастады. 
Институттағы  қоғамдық  жұмыстарға  да 
белсене  араласып,  осы  жылы  партия 
ұйымының  хатшысы,  институт  партбю-
росының мүшесі болып сайланады. 
Жас  маманның  терең  білімі  мен 
ғылымға  деген  құштарлығын,  зерттеу 
жұмыстарына  деген  бейімділігін  байқа-
ған  кафедра  меңгерушісі  Зұлқарнай 
Икрамов оны ӛзі оқыған Киев қаласына 
барып,  аспирантураға  түсуіне  бағыт-
бағдар  жасайды.  Сӛйтіп,  ғылымдағы 
ізденісін 1967 жылы адамзат баласының 
тарихында  айырықша  орын  алатын 
Киев  шаhарындағы  іргелі  оқу  орны 
Тарас Шевченко атындағы Киев универ-
ситетінің  теориялық  механика  кафедра-
сында  аспирант  болудан  бастайды. 
Базекең «Жоғары жиілікті электр тоғын 
ӛндіретін  жаңа  типтегі  массивті  ротор-
лы  турбогенераторлардан  электромаг-
ниттік  ӛрістің  таралуын  зерттеу»  тақы-
рыбында ғылыми зерттеулерін 3 жылда 
аяқтап,  кандидаттық  диссертациясын 
сәтті  қорғап,  техника  ғылымдарының 
кандидаты  ғылыми  дәрежесіне  ие  бо-
лып, елге оралады. 1971 жылдан педаго-
гикалық институттың «Физиканы оқыту 
және жалпы техникалық пәндер» кафед-
расын басқарды. 
1977-1979 
жылдары 
Киевтегі 
Украина  Ғылым  Академиясының  Элек-
тродинамика институтында докторанту-
рада  оқып,  ӛзінің  ғылыми  зерттеулерін 
жалғастырды.  Зерттеулердің  қорытын-
дысы  бойынша  халық  шаруашылығына 
аса  қажетті  жоғары  жиілікті  электр 
тоғын  ӛндіретін  жаңа  типті  массивті 
турбогенераторлардың  жаңа  үлгісі  ұсы-
нылды. 
«Ӛзіне де, ӛзгеге де талап қоя біле-
ді»  дегеннен  шығады,  аспирант  және 
докторант  болып  жүрген  кезеңінде 
тумысынан еңбекқор Базекең Киев уни-
верситетінде білім алып жатқан барлық 
қазақ  азаматтарының  тәртіпті  болула-
рын,  уақытылы  оқу  залына  барып  ғы-
лыммен айналысуларын, жатақханадағы 
тәртіпті  бұзбауларын  қатаң  бақылаған. 
Ғылым  жолына  түскен  жастардың  бар-
лығына дерлік Базекең ағалық  және ұс-
таздық  қамқорлық  жасаған.  «Ішетін 
тамағымыздан  бастап,  ғылыми  тақы-
рыпты  таңдау  және  ондағы  зерттеу  жұ-
мыстарына  дейін  ақылын  айтып,  жол 
сілтейтін.  Сол  жігіттердің  бәрі  ғылым 
жолында  табысты  еңбек  етіп  жатыр»,  - 
деп  еске  алады  сол  жылдары  Киевте 
оқыған белгілі ұстаз Ысқақ Қарқынбаев 
ағамыз. 
Базекең  докторантураны  бітірген-
нен  кейін  Қызылорда  педагогикалық 
институтына  кафедра  меңгерушілігі 
қызметіне  қайта  оралады.  1989  жылдан 
Ғалымдар мінбері 
№4 (42) 2014 



         
5           
институттың сырттай оқу факультетінің 
деканы,  1993  жылдан  профессор,  осы 
жылы  ол  институт  жанынан  дарынды 
оқушыларға  арналған  қазақ-түрік  лице-
йін  ашуға  ӛз  үлесін  қоса  отырып,  осы 
лицейдің  директоры  болып  тағайында-
лады. 
Ұстазымыз  жоғары  оқу  орны  мен 
лицейде  қатар  сабақ  бере  жүріп,  сту-
денттер  мен  оқушылардың  бойында 
оқу-білімге,  ғылымға  деген  құштар-
лықты  арттырып,  Отанға  және  туған 
жерге  деген  сүйіспеншілік  сезімдерін 
қалыптастыру  бағытында  ӛлшеусіз  ең-
бек  сіңірді.  Физика  пәніндегі  құбылыс-
тар мен заңдылықтарды түсіндіру бары-
сында  оларды  ӛмірмен  тікелей  байла-
ныста  қарастыратын,  оның  ӛмірде  қол-
данылуы  жағына  басты  назар  аудара-
тын. Бұл дегеніңіз қазіргі уақытта білім 
жүйесінде күн тәртібінде тұрған оқушы-
лардың  функционалдық  сауаттылығын 
қалыптастырудың ӛзі емес пе? 
Әдетте, кез келген ұстаздың еңбегі 
оның  шәкірттерінің  жетістігімен  баға-
латыны  белгілі.  Ағайдың  шәкірттерінің 
ішінде  ғылым  докторлары  мен  ғылым 
кандидаттары, жоғары оқу орны ректор-
лары мен институт директорлары, қала-
лық және аудандық білім бӛлім басшы-
лары,  мектеп  директорлары,  медицина 
және мәдениет саласындағы қызметкер-
лер кӛптеп кездеседі. Олардың барлығы 
әлі  күнге  дейін  ӛздерінің  тұлға  болып 
қалыптасуындағы  Базарбек  ағайдың  сі-
ңірген  еңбегі  жайлы  айтудан  жалық-
пауда. 
«Әлемдегі  ең  басты  құдірет  –  ең-
бек  және  тәртіп»,  -  деп  ӛскен  Базекең 
физика ғылымы және оны оқыту әдісте-
месі тақырыбы айналасында 60-қа жуық 
еңбегін  одақтық,  Украина  және  қазақ-
стандық  белгілі  басылым  беттерінде 
жариялады. Ол –  «СССР-дің оқу-ағарту 
ісінің  үздігі»  белгісімен,  ҚР  Білім  және 
ғылым  министрлігінің  және  Облыстық 
Кеңестің  Құрмет  грамоталарымен,  «Ең-
бек  ардагері»  медалімен  марапатталған 
ұлағатты  ұстаз.  Суреті  Жоғары  оқу  ор-
нының  «Құрмет тақтасында» үнемі  ілу-
лі тұратын.  
1997  жылы  Қорқыт  Ата  атындағы 
Қызылорда  мемлекеттік  университеті 
тарихында  Меккеге  барып,  қажы  атан-
ған тұңғыш ғалым да Базарбек ағай бо-
латын. Ислам дінінің жастарды иманды-
лыққа  тәрбиелеудегі,  қоғамды  ізгілікке 
шақырудағы  рӛліне  терең  ғылыми  кӛз-
қараспен қарайтын еді. 
Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік 
университеттің  ӛзі  ӛмір  бойы  дәріс  ӛт-
кізген «Электротехника негіздері» зерт-
ханасына  профессор  Базарбек  Қашқын-
байұлының есімі берілді. Ағайдың ӛмір 
бойы  оқу  қағидатын  ұстана  жүріп, 
Мәскеу,  Ленинград,  Киев  және  Алматы 
қалаларынан  жинаған  3000  данадан  ар-
тық  құнды  кітаптарын жұбайы  Тоқсұлу 
апай мен баласы Сексенбай университет 
кітапханасына сыйға тартты. 
 
 
Базарбек ағайымыз жұбайы  
Тоқсұлу апаймен бірге 
 
Базарбек ағай – ұлағатты ұстаз бо-
лумен  қатар  үлгілі  отбасы  иесі,  жақсы 
әке  бола  білген  жан.  Жұбайы  Тоқсұлу 
апай  –  педагогикалық  институттың 
физика-математика  факультетін  бітіріп, 
ұзақ жылдар бойы Қызылорда қаласын-
дағы орта мектепте математика пәнінен 
сабақ  берген,  саналы  шәкірттер  тәрбие-
леген  ұстаз.  Апай  қазір  балаларымен 
Астана  қаласында  тұрады.  Туған  інісі 
Орынбасар 
– 
ғылым 
кандидаты, 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық 
университетінде  математикадан  дәріс 
береді.  
№4 (42) 2014 
Ғалымдар мінбері 
 



жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау