Даму болжамы



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет9/19
Дата30.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#18435
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

20 

Орта  мерзімді  перспективада  цифрлық  технологиялардың  негізінде 

өндірістің  жаңа  салаларын  құру  және  технологиялық  серпіліс  пен  еңбек 

өнімділігін  арттыру  есебінен  экономиканы  жаңғыртуға  ерекше  назар 

аударылатын болады. 

«Цифрлық  Қазақстан»  жаңа  мемлекеттік  бағдарлама  шеңберінде 

экономиканың  құрылымын  оңтайландыруға  және  дәстүрлі  салаларға  жаңа  сапа 

беруге  бағытталған  3D-принтинг,  онлайн-сауда,  мобильді  банкинг,  цифрлық 

қызмет  көрсету  секілді  денсаулық  сақтау,  білім  беру  ісінде  қолданылатын  және 

басқа да перспективалы салалар дамитын болады  

Бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістердің дамуына назар аудара отырып,  

индустрияландыру  саясаты  жалғасады,  ол  экономиканың  дәстүрлі  салаларын 

дамытуға  серпін  береді.  Агроөнеркәсіп  секторында  құнарлы  жерлерді  кеңейту, 

Қазақстанның  бидай  өсіру  бойынша  көшбасшылардың  бірі  болу,  экспортты 

арттыру мен «made in Kazakhstan» брендін құру басты міндеті болмақ.  

Көліктік және  логистикалық инфрақұрылымның одан әрі дамуына «Нұрлы 

жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастыру ықпал ететін болады. 

Халықты  қолайлы  жағдаймен,  қолжетімді  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету 

үшін «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру

 

басталады. 



Бизнес  ортаны  түбегейлі  жақсарту  және  кеңейту,  оның  стратегиялық 

мақсатының бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 

2050  жылға  қарай  кем  дегенде  50%  болуы  Нәтижелі  жұмыспен  қамту  және 

жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту  бағдарламасын  іске  асыру  арқылы  бизнес  үшін 

шығынның  барлық  түрлерін  азайту,  сонымен  бірге  мемлекеттің  экономикаға 

қатысуын  төмендету,  мемлекеттік  қызмет  көрсетуді  бизнеске  беру,  яғни 

мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейту арқылы қамтамасыз етіледі. 

Инвестициялық 

саясат 

экономиканы 



қаржыландырудағы 

жеке 


инвестицияларды  барынша  тарту  мен банк  секторының рөлін  қалпына  келтіруге 

бағытталатын болады. 

 

2.1 Экономика салаларын дамыту 

Тау-кен  металлургия  өнеркәсібінде  негізгі  күш  ел  ішінде  шикізатты 

барынша  өңдеуді  қамтамасыз  етуге  және  машина  жасау,  құрылыс  индустриясы 

сияқты  өнеркәсіптің  аралас  салаларын  дамытуды  қамтамасыз  ететін  жоғары 

деңгейдегі өнімдер өндіруге жұмсалатын болады. 

Тау-кен металлургия саласын дамыту: 

– бәсекеге қабілетті өндірістер құру, ШОБ-ты тарта отырып қосылған құны 

жоғары терең өңделетін өнімнің номенклатурасын кеңейту және үлесін ұлғайту; 

–  ресурстар  мен  энергия  сыйымдылығын  төмендету,  еңбек  өнімділігін 

арттыру мақсатында қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту; 

– шикізатты алу және кешенді түрде қайта өңдеу технологиялары бойынша 

инновацияларды,  өнімнің  жаңа  түрлерін  әзірлеуді  дамыту  және  инновациялық 

процестерге саланың ғылыми-техникалық әлеуетін белсенді тарту; 




21 

 

–  салалық  жобаларды  қажетті  инфрақұрылыммен  қамтамасыз  ету, 



минералды-шикізат  базасын  кеңейту  және  қайта  қалпына  келтіруін  қамтамасыз 

ету,  саланы  білікті  еңбек  ресурстарымен  қамтамасыз  ету  жолымен  қамтамасыз 

етілетін болады. 

Мұнай және газ секторының міндеттері ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне 

қажеттілігін  қанағаттандыруға,  мұнай  тасымалдаудың  экспорттық  бағыттарын 

әртараптандыруға бағытталатын болады. 

Мұнай  және  газ  саласын  одан  әрі  дамыту  жаңа  кен  орындары  ашылған 

жағдайда қорлардың өсімімен қамтамасыз етілетін болады. Көмірсутегі шикізаты 

қорларының  өсімі  негізінен  Каспий  теңізі  алабындағы  кен  орындары  есебінен 

болады. 

Геологиялық  барлауға  және  құрлықта  өндіруге  инвестицияларды 

ынталандыру,  интеграциялық  процесстерді  есепке  ала  отырып,  венчурлық 

тетіктерді  қалыптастыру  мақсатында  нормативтік  құқықтық  базаны  жетілдіру 

бойынша жұмыс жүргізілетін болады. 

Мұнай  экспортын  қамтамасыз  ету  үшін  «Каспий  Құбыр  Консорциумы» 

және  «Қазақстан-Қытай»  мұнай  құбырларының  өткізу  қабілетін  ұлғайту  арқылы 

көлік дәліздерін кеңейту бойынша жұмыстар жалғасады. 

2020  жылға  дейін  мұнай  өңдеу  зауыттарын  жаңғырту  бойынша 

индустриялық-инновациялық  даму  жобаларының  іске  асырылуы  аяқталатын 

болады. 


Ауыл  шаруашылығы  саласындағы  мемлекеттік  саясат  Қазақстан 

Республикасының  АӨК  дамыту  бағдарламасының  шеңберінде  іске  асырылатын 

болады,  оның  мақсаты  нарықтарда  сұранысқа  ие,  бәсекеге  қабылетті  АӨК  өнімі 

өндірісін қамтамасыз ету болып табылады.  

АӨК-ті  дамыту  бағдарламасының  шеңберінде  500  мыңнан  астам  жеке 

қосалқы  және  ұсақ  шаруа  (фермерлік)  қожалықтарын  тарта  отырып,  ауыл 

шаруашылығы  кооперациясын  дамыту  арқылы  мал  сою,  ветеринария,  азық 

дайындау,  агрохимия,  өнімді  қайта  өңдеу  және  сауда  объектілеріне  жеткізу 

бойынша көрсетілетін қызметтер орталықтандырылатын болады.  

Сондай-ақ,  мал  шаруашылығы  өнімі  өндірісінің  көлемдерін  ұлғайту  үшін 

елдік  азықтық  теңгерім  әзірленеді,  құрама  жем  өндірісі  1,3  млн.  тоннаға  және 

құрама  жем  зауыттарын  қосымша  жүктеу  48%-дан  80-ға  дейін  ұлғайтылады.  Су 

басқан жайылымдардың алаңы 18 млн. гектарға кеңейтіледі. 

Өсімдік  шаруашылығы  өнімі  өндірісінің  көлемдерін  ұлғайту  мақсатында 

егісті 2 млн. астам алқапта әртараптандыру жүргізілетін болады.  

Агрохимияға,  минералдық  тыңайтқыштарды  енгізуді  ынталандыруға  және 

сапалы  сорттық  тұқымдар  егістері  алқабының  үлесін  ұлғайтуға  ерекше  назар 

аударылатын болады. 

Мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын тиімді пайдалану үшін АӨК 

субъектілерін  субсидиялаудың  және  оларға  «ҚазАгро»  арқылы  кредит  берудің 

қазіргі  жүйесіне  өзгерістер  енгізіледі.  «ҚазАгро»  ҰБХ»  АҚ  кредиттік  саясаты 

бірінші  кезекте  ауыл  шаруашылығы  кооперативтерінің,  шағын  және  орта 




жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау