Даму болжамы



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет10/19
Дата30.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#18435
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

22 

агробизнестің кредиттік ресурстармен қамтылуын кеңейтуге бағытталады.  

Шешім қабылдаудың айқындылығы мен субсидиялар және кредиттер беру 

тәртібін  оңтайландыру  мақсатында  субсидиялар  және  кредиттер  процесстері 

автоматтандырылатын болады.   

АӨК-ті  дамыту  бағдарламасының  шеңберінде  АӨК  субъектілерінің 

техникалық  жарақтандырылу  деңгейін  арттыру  бойынша  шаралар,  оның  ішінде 

инвестициялық субсидияларды қайта қарау арқылы ірі агрохолдингтердің қымбат 

импорттық техника сатып алу жағының диспаритетін төмендету шаралары

 

қайта 



қаралатын болады.  

Экспорттық  саясатты  іске  асыру  үшін  «Азық-түлік  келісімшарт 

корпорациясы»  ұлттық  компаниясы»  АҚ  негізінде  АӨК  экспорттық  орталығы 

құрылатын  болады,  оның  функциялары  нақты  өткізу  нарықтары  үшін  жасау 

(Ресей,  Қытай,  Үндістан,  орталық  Азия  және  Таяу  Шығыс  елдері)  экспорттық 

каналдар құру және жол карталарын болып табылады.  

АӨК-ті  мемлекеттік  реттеуді  жетілдіру  мақсатында  жер  қатынастары, 

ветеринария,  фитосанитария,  органикалық  өнімдер,  ғылым  саласында 

қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі. 

Елде  машина  жасауды  дамыту  жөніндегі  саясат  ішкі  нарықтың 

қажеттіліктерін  барынша  қанағаттандыруға  және  қосылған  құны  жоғары 

түпкілікті өнім өндірісін ұлғайту есебінен экспортты кеңейтуге бағытталады. 

Автомобиль  өнеркәсібін  және  автоқұрамдауыштар  өндіру  өнеркәсібін 

дамыту  машина  жасауды  қалыптастыру  іргетасына  айналуға  тиіс.  2020  жылға 

қарай  отандық  өндірушілердің  автомобильдер  шығаруы  300  мың  бірлік 

деңгейінде болжанып отыр. 

Машина  жасау  саласында  негізгі  күш  ауыл  шаруашылығы  техникасын 

сатып  алу  кезінде  ауыл  шаруашылығы  тауарларын  өндірушілерді  субсидиялау 

тетіктерін жетілдіруге және жалпы жеткізілімдер көлемінде өздері өндіретін ауыл 

шаруашылығы техникасының көлемін 30%-ға дейін жеткізуге бағытталады. 



Жеңіл  өнеркәсіпті  дамыту  жөніндегі  саясат  Қазақстан  Республикасының 

2015  –  2019  жылдарға  арналған  жеңіл  өнеркәсібін  дамытудың  кешенді  жоспары 

шеңберінде  әлеуметтік  тиімділігін  күшейте  отырып  жеңіл  өнеркәсіп  өнімдерін 

әртараптандыруға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталатын болады. 

Сонымен  бірге,  ішкі  нарықта  жеңіл  өнеркәсіп  тауарларын  ілгерілету, 

үшінші  елдердің  нарығына  ЕуразЭО  жеңіл  өнеркәсіп  өнімдерін  бірлесіп 

ілгерілету бойынша жұмыс жүргізілетін болады. 

Көліктік  инфрақұрылым.  Осы  саланы  дамытудың  басты  мақсаты 

транскаспий  дәлізі  бойынша  тасымалдау  көлемін  және  2020  жылға  қарай 

транзиттік әуе жолаушылар санын 1,6 млн. адамға ұлғайту болып табылады.  

 «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өсіп келе жатқан жүк 

айналымының  көліктік  қызметін  қамтамасыз  ететін,  көліктік  инфрақұрылымды 

құру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.  




23 

Автомобиль  құрауышы  мен  Құрық  портында  паром  кешенінің  құрылысы 

жобасын іске асыру есебінен паромдық қуатты жылына 23,5 млн. тоннаға арттыру 

жоспарлануда.  

Шу-Алматы  учаскесінде  екінші  жолдарды  салу  құрылысы  жобасын  аяқтау 

транзиттік  әлеуетті  арттырумен  қоса,  ішкі  темір  жол  маршруттарын 

оңтайландыруды қамтамасыз етеді.  

Жаңа  Еуразиялық  логистикалық  инфрақұрылымды  дамыту  есебінен 

2020 жылға  қарай  жүктерді  транзиттік  тасымалдаудың  жылдық  көлемін 

2 миллион контейнерге дейін жеткізу жоспарланған. 

Еліміздің  көліктік-логистикалық  саласын  дамыту  мақсатында  негізгі 

күш одан әрі мультимодальды Еуразиялық трансконтиненталдық дәлізінің қуатын 

арттыруға  және  Ляньюньган  портындағы  қазақстан-қытай  логистикалық 

терминалын  пайдалану  арқылы  Қытай-Еуропа-Қытай  бағыты  бойынша 

тасымалды ұлғайтуға бағытталады. 

Туристік  саланы  дамыту  саясаты  Қазақстан  Республикасының  туристік 

саласын  дамытудың  2020  жылға  дейінгі  жаңартылған  тұжырымдамасының 

шеңберінде  жүргізіледі, онда  ішкі  туризмді дамыту  мен өңірлік  мәдени-туристік 

кластерлерді қажетті инфрақұрылыммен құру негізгі бағыт болады. 

Ішкі 

және 


келу 

туризмін 

дамыту 

үшін 


инженерлік-көліктік, 

коммуникациялық  инфрақұрылымды  дамытумен  Алакөл,  Балқаш,  Кендірлі, 

Баянауыл,  Имантау-Шалқар,  Байқоңыр,  Катон-Қарағай,  Сарыағаш-Түркістан 

курорттық аймақтарының тартымдылығы арттырылатын болады. 

Туристік  қызмет  көрсетуді  ұсынудың  деңгейін  жоғарылату,  визалық 

режимді  жеңілдету  және  халықаралық  туристік  көрмелерге  қатысу  бойынша 

жұмыстар жалғасын табады. 

2022  жылға  қарай  орналастыру  орындарымен  қызмет  көрсетілген 

келушілердің 

ағыны 


5,7 

миллионға 

дейін 

өседі. 


Туристік 

салада  


10 000 жұмыс орны құрылатын болады. 

Химия  өнеркәсібін  одан  әрі  дамыту  агрохимия  саласын  және  өнеркәсіпке 

арналған 

химикаттарды 

дамытудың 

басым 

бағыттары 



шеңберінде 

жалғастырылатын болады. 

Агрохимиялық  секторды  дамыту  күрделі  (NPK-тыңайтқыштар),  калий 

тыңайтқыштары  мен  өсімдіктерді  қорғау  құралдарын  өндіру  бойынша  басым 

бағыттарды іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.  

Химиялық  кластерді  одан  әрі  дамыту  шеңберінде  кейіннен  жемшөп 

фосфаттарын  өндірумен  экстракционды  фосфорлы  қышқыл  өндірісі,  метанол 

және  аммиак  негізінде  химия  өнімдерінің  өндірісі  жөніндегі  жобалар  іске 

асырылады. 

Батыс  Қазақстан  мен  Ақтөбе  облыстарында  калий  тыңайтқыштарын  және 

Жамбыл  облысында  «Еврохим-Удобрения»  ЖШС  кешенді  минералды 

тыңайтқыштарды өндіру бойынша жобалар іске асырылады. 



Фармацевтика саласындағы саясат отандық өндіріс есебінен жұмыс істеп 

тұрған  өндірістерді  жаңғырту  және  жаңадан  салу,  салаларды  білікті  кадрлық 




жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау