Даму болжамы



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет8/19
Дата30.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#18435
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

18 

Атыраудағы  «Ұлттық  индустриялық  мұнай-химия  технопаркі»  арнайы 

экономикалық  аймағының  инфрақұрылымын,  Құрық  портында  паром  кешенін 

салу, «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Шығыс», «Орталық – Батыс», Алматы – 

Өскемен,  Атырау  –  Астрахань,  Орал  –  Каменка  –  Ресей  Федерациясының 

шекарасы,  Ұзынағаш  –  Отар,  Жетібай  –  Жаңаөзен,  Ақтөбе  –  Мақат  автожол 

жобаларын салу жоспарлануда.   

2)  Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығы  мен  су  және  жылумен 

жабдықтау  желілерінің  инфрақұрылымын  жаңғырту,  тұрғын  үй  құрылысын 

дамыту,  АӨК  субъектілерінің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  жолымен  өңірлік 



драйверлерді дамыту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту. 

АӨК  бағдарламаласының  шеңберінде  іске  асырылатын  АӨК-тің  басым 

бағыттарын дамыту бойынша жұмыс жалғасатын болады. 

Сондай-ақ,  «ҚазАгро»  Ұлттық  басқарушы  холдингі»  Акционерлік  қоғамы 

(бұдан  әрі  –  «Қазагро  «ҰБХ»

 

АҚ)  нәтижелілік,  транспаренттілік  және  тиімді 



корпоративтік  басқару  қағидаттарында  АӨК  индустриялық  дамытуды 

ынталандыру  жөніндегі  мемлекеттік  саясатты  іске  асыру  бойынша  жұмыс 

жалғасатын болады.  

Шағын және орта бизнестің (бұдан әрі – ШОБ) өндіріс көлемін сақтап қалу 

және  халықты  жұмыспен  қамтуды  қамтамасыз  ету  үшін  БЖК  2020  бизнесті 

қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жалғасады. 

Елдің 

макроөңірлерін 



дамыту 

мақсатында 

халықаралық 

қаржы 


ұйымдарымен  (Еуропа  Қайта  құру  және  Даму  Банкі,  Азия  Даму  Банкі,  Ислам 

Даму  Банкі,  Дүниежүзілік  банк  және  басқалары)  бірлесіп,  тұрғын  үй-

коммуналдық  шаруашылықты,  агроөнеркәсіптік кешенді, көліктік,  логистикалық 

және  коммуникациялық  инфрақұрылымды  дамыту  жөніндегі  жобалар 

қаржыландырылатын болады. 

3)  Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту  

Мектепке  дейінгі  ұйымдардың,  мектептердің  және  денсаулық  сақтау 

объектілерінің желілерін кеңейту, апатты мектептер мен үш ауысымдық оқытуды 

жою,  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  орын  тапшылығын  қысқарту  проблемаларын 

шешуді есепке ала отырып жүзеге асырылатын болады. 

Білім  және  ғылым,  денсаулық  сақтау  және  жұмыспен  қамту  саласындағы 

мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жалғасатын болады.  

4)  Нәтижеге  бағдарланған  мемлекеттік  жоспарлауды  енгізу  арқылы 

мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтердің  және  мемлекеттік  функцияларды 

іске асыру сапасын арттыру. 

Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтердің  және  мемлекеттік  функцияларды

 

іске  асыру  сапасын  арттыру  жөніндегі,  оның  ішінде  «Ақпаратты  Қазақстан  – 



2020»  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру  шеңберіндегі  іс-шаралар  басым 

қаржыландырылатын болады.

 

 

Бюджетаралық  қатынастар  мемлекеттік  басқару  деңгейлер  арасында 



айқын  функциялар  және  өкілеттіктер  аражігінің  ажыратылуына,  шығыстар  мен 

түсімдердің  облыстық  бюджеттердің,  республикалық  маңызы  бар  қала,  астана, 




19 

аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  бюджеттері  арасында  біркелкі  бөлінуін, 

сондай-ақ  бюджетаралық  трансферттерді  айқындау  әдістерінің  біртұтастығына 

және ашықтығына негізделетін болады. 

Орта  мерзімде  кезеңдегі  халыққа  бюджеттік  қызмет  көрсетуде  Қазақстан 

Республикасының  Конституциясында  кепілдік  берілген  тең  фискалдық 

мүмкіндіктерді  қамтамасыз  ету  бюджетаралық  қатынстар  саясатының  негізгі 

мақсаты болып табылады. 

Бюджетаралық қатынастар 2017-2019 жылдарға бекітілген жалпы сипаттағы 

трансферттерге  (субвенциялар  мен  алып  қоюларға)  негізделетін  болады.  Үш 

жылдық  мерзімде  жалпы  сипаттағы  трансферттердің  тұрақтылығы  сақталатын 

болады. 


Нормативтік  құқықтық  актілер  қабылдауға  байланысты  жергілікті  бюджет 

кірістерінің  шығындары  немесе  қосымша  шығыстар  туындаған,  кезде  ЖАО 

шығындары  нысаналы  ағымдағы  трансферттер  бөлу  арқылы  республикалық 

бюджеттен өтелетін болады. 

Бұдан  басқа,  жалпы  сипаттағы  үш  жылдық  трансферттерді  қолдану 

кезеңінде  ЖАО-лар    өңірлік  деңгейдегі  мәселелерді  шешу  үшін  жергілікті 

бюджетке түсетін артық кірістерін өз бетінше иеленетін болады. 

2017-2019  жылдарға  арналған  жалпы  сипаттағы  трансферттерге  салынған 

жергілікті  бюджеттерді  дамыту  болжамының  бюджеті  ұлғаюын  ескере  отырып, 

ЖАО  қаржылық  дербестігін  кеңейту  мақсатында  өңірлерге  республикалық 

бюджеттен  берілетін  нысаналы  даму  трансферттері  көлемін  қысқарту 

жоспарланып  отыр.  Жергілікті  деңгейдегі  объектілер  (білім  беру  объектілерін, 

фельдшерлік-акушерлік  пункттер,  медициналық  пункттерді,  сумен  жабдықтау 

жүйесін,  жергілікті  маңызы  бар  автомобиль  жолдарын  және  т.б)  құрылысын 

қаржыландыру жергілікті бюджетке берілуі тиіс. 

Республикалық  бюджеттен  берілетін  нысаналы  даму  трансферттері 

өңірлердің  инфрақұрылыммен  қамтамасыз  етілуіндегі  өткір  сәйкессіздіктерді 

жою және ұлттық маңызы бар жобаларды іске асыру үшін ғана бөлінетін болады. 

Орта мерзімді кезеңде жергілікті бюджет шығыстарының басымдықтары: 

– мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелердің толық көлемде орындалуы

– халыққа бюджеттік қызметтердің толық көлемде ұсынылуын қамтамасыз 

ету; 


– білім беру, денсаулық сақтау объектілерін, инженерлік коммуникациялық 

инфрақұрылым салу, қолжетімді тұрғын үймен, халықты ауыз сумен қамтамасыз 

етуге  арналған  объектілер  салу,  реконструкциялау,  жергілікті  деңгейдегі 

автомобиль жолдарын дамыту болуы тиіс. 



 

2. Экономиканың жаңғыруы 

Өсіп  келе  жатқан  жаһандық  экономикалық  бәсеке  жағдайында  Үшінші 

жаңғыру  елдің  дамуын  экономиканың  өсуін    орташа  әлемдік  көрсеткіштерден 

жоғары денгейде қамтамасыз ете отырып және  дамыған 30 елдің қатарына кіруді 

ынталандыруға бағытталады.  



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау