32
қолдауға баса назар аударылатын болады, оның негізінде құрылған құндылықтар
жүйесі, шығармашылық белсенділік, сұранысқа ие мәдени өнімді жасауға
қабілеттілік жатыр.
Мемлекеттің әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы саясаты оның
атаулы сипатын күшейту арқылы әлеуметтік көмекті оңтайландыруға
бағдарланатын болады.
Мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып, Қазақстан
Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына
сәйкес ең төменгі күнкөріс құрылымы қайта қаралатын болады.
2018 жылдан бастап аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік
төлемдердің 3 түрі (4 немесе одан да көп балалары бар отбасыларға берілетін
арнайы мемлекеттік, аз қамтылған отбасылардан шыққан 18 жасқа дейінгі
балаларға берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек) бір жәрдемақыға
біріктірілетін болады.
Әлеуметтік келісімшарт негізінде халықтың аз қамтылған санатын
әлеуметтік қолдауға «Өрлеу» негізделген ақшалай көмекті енгізу жалғасатын
болады.
Зейнетақы
жүйесін
одан
әрі
жаңғыртудың
ұзақ
мерзімді
тұжырымдамасының шеңберінде зейнетақымен қамтамасыз етудің қолданыстағы
көпдеңгейлі жүйесін сақтай отырып және мемлекеттің, жұмыс берушінің және
жұмыскердің жауапкершілігін күшейте отырып, 2030 жылға дейінгі зейнетақымен
қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту одан әрі жалғасатын болады.
Еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктіліктерді алу,
жаппай кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ еңбек делдалдығының тиімді моделін
құру арқылы еңбек ресурстарының әлеуеті мен сапасын арттыру мақсатында
2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
бағдарламасын іске асыру басталды.
Бағдарлама шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және
өзге де мамандығы жоқ тұлғалар өнімді жұмыспен қамтуға мынадай үш бағыт
бойынша тартылатын болады:
– кәсіпкерлік негіздер мен сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаппай
оқыту және дағдыларын қалыптастыру;
– жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау;
– жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек ұтқырлығын қолдау арқылы
еңбек нарығын дамыту.
Бірінші бағыт бойынша колледждер базасында 2,5 жылға дейін тегін
техникалық және кәсіптік білім беріледі және «Атамекен» ҰКП-ның оқу
орталықтары мен колледждер базасында оқыту мерзімі 1 айдан 6 айға дейінгі
дуальді оқытудың қысқа мерзімді курстары ұйымдастырылады.
Екінші бағыт бойынша ауылда да, қалаларда да микрокредит беру
құралдарын кеңейту көзделуде.
Үшінші бағыт жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды
жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесуді, еңбек ресурстарының ұтқырлығын
33
арттыруды және жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңдар
құруды көздейді. Белгілі бір санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуді
және еңбек ресурстарының ұтқырлығын қолдау, жұмыс іздеу үшін
«Еңбек
биржасы» немесе Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы құрылатын
болады. Бұл жұмыс қолданыстағы enbek.kz платформасы базасында жүзеге
асырылатын болады.
Мемлекеттік көші-қон саясаты мыналарға:
– ішкі көші-қонның дамуына азаматтардың ерікті түрде басым өңірлерге
көшуіне жәрдемдесуге;
– шетелдік жұмыс күшін тарту, іріктеу және пайдалану тетіктерін
жетілдіруге;
– мигранттардың
бейімделуіне,
мигранттар
мен
қабылдаушы
қоғамдастықтар арасында сындарлы өзара іс-қимыл құруға жәрдемдесуге;
– заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталады.
Тұрғын
үй-коммуналдық
саласындағы
әлеуметтік
саясаттың
міндеттерін шешу шеңберіндегі салалық саясат халықтың тыныс-тіршілігін
қамтамасыз етуге, олардың өмір сүру деңгейін және сапасын жақсартуға
бағытталатын болады.
Орта мерзімді кезеңде халық үшін жаңа тұрғын үйге қолжетімділікті
ұлғайту мақсатында мемлекеттік тұрғын үй саясаты «Нұрлы жер» бағдарламасы
шеңберінде жеке капиталды тартуға және мемлекет тарапынан тұрғын үй
құрылысын тікелей қаржыландыруды азайтуға бағытталатын болады. Жыл сайын
10,5 млн.шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
2020 жылға қарай «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
үшін 1000 км жылумен жабдықтау желілері және 6000 км сумен жабдықтау мен
су бұру желілері салынып, реконструкцияланады.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде
орталықтандырылған сумен жабдықтау желілеріне: қалаларда 97%; ауылдарда
62% және су бұру желілеріне : қалаларда 97%, ауылдарда 13% дейін қол жеткізу
артады. 4385,0 км сумен жабдықтау, 616,0 км су бұру желілері салынды және
реконструкцияланды.
Елімізді газдандыру бойынша жұмыс жалгасуда. Мәселен, ҚР
газдандырудың бас схемасы шеңберінде халықты газдандыру деңгейі 2030 жылға
56%-ға жетеді, бұл 1,6 мыңнан астам елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді, ал тұтынылатын газ көлемі 2016 жылдағы 13,1 млрд. м3-ден
2030 жылында 18 млрд.м3-ға дейін өседі.
4. Теңгерімделген өңірлік даму
Өңірлік саясаттың негізгі бағыттары елдің стратегиялық бағдарламалық
құжаттары – «Қазақстан – 2050» стратегиясында, Елдің 2020 жылға дейінгі
аумақтық-кеңістіктік
дамуының
болжамды
схемасында,
Аумақты
ұйымдастырудың 2030 жылға дейінгі бас схемасында айқындалған.
Өңірлік саясат өңірлердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға,