Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет45/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   110

135 
 
 
3.17-сурет. Өткізгіш терезесі 
Папка  мәзіріне  кіру;  тінтуірді  шетке  қалдырып,  [Backspace]  пернесімен 
«Жаңа папка» көк атауын өшіріп, оның орынына пернетақтадан папканың 
жаңа атауын енгізіп, [Enter] батырмасын басу.  
П а п к а н ы ң   а т ы н   ө з г е р т у .   Терезенің  оң  жақ  бөлігінде  оның 
папкасын тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіп, пайда болған қалқыма 
мәзірден  Атын  өзгерту  командасын  таңдау,  бұдан  әрі,  тінтуірді  шетке 
қойып,  пернетақтадан  файлдың  жаңа  атын  енгізіп,  [Enter]  батырмасын 
басу.  
П а п к а н ы   ж о ю .   Терезенің  оң  жақ  бөлігінде  жойылатын  папканы 
белгілеп,  Жою  батырмасына  басу  қажет,  бағдарлама  жоюды  растауды 
ұсынады.  Терезеде  жойылатын  папканың  атын  мұқият  оқып,  тек  содан 
кейін  жоюды  растаған  жөн.  Бұл  папканы  «Кәрзеңке»  белгісіне  апару 
арқылы жеңілдетуге болады.  
Ақпаратты  ауыстыру  және  көшіру.  Ақпаратты  көшіру  мен 
ауыстырудың көптеген амалдары бар, бірақ ең әмбебап жолдарының бірі – 
айырбастау  буфері  арқылы  көшіру.  Айырбастау  буфері  –  бұл  кез-келген 
көлемдегі ақпаратты уақытша сақтауға арналған жады аймағы (бір әріптен 
толық  бағдарламаға  дейін).  Айырбастау  буфері  арқылы  ақпаратты  бір 
қосымшадан  келесі  қосымшаға  ауыстыруға  болады.  Мысалы,  Paint 
графикалық  редакторында  сурет  құру,  ал  сосын  оны  Word  мәтіндік 
редакторына ауыстыру. Буфердің келесі қасиеттері бар:  
•  тек  бір  фрагментті  сақтайды,  бірақ  кез-келген  мөлшерде  (құжаттың 
бірнеше сөзінен бастап көптеген файлдар санын қамтитын папкаға дейін); 


136 
 
•  ақпаратты  компьютер  өшірілгенге  (немесе  қайта  жүктелгенге)  дейін 
немесе  буферге  басқа  фрагмент  көшірілгенге  дейін  сақтайды,  яғни  келесі 
ақпарат айырбастау буферінен алдыңғысын ығыстырады.  
Ақпаратты айырбастау буферіне орналастыру үшін, қажетті фрагментті 
белгілеп,  сосын  Түзету  мәзірінде  Көшіру  немесе  Кесу  пунктін  таңдау. 
Көшіру кезінде бастапқы фрагмент құжатта қалады. Кесу кезінде бастапқы 
фрагмент құжаттан жойылады.  
Айырбастау  буферінен  ақпаратты  қою  үшін,  меңзерді  құжаттың 
қажетті  жеріне  қойып  (бұл  маңызды!),  сосын  Түзету  мәзіріне  кіріп,  Қою 
пунктін  таңдау.  Осы  операцияларды  жүргізу  үшін  жоғарғы  мәзірді  емес, 
тінтуірдің оң жақ батырмасын басу кезінде ашылатын мәнмәтіндік мәзірін 
пайдалануға  болады. Соңғы нәтиже  бірдей болады. Объектіні көшіру мен 
қоюды  объектілерді  көшіру  үшін  [Ctrl]  +  [C]  және  қою  үшін  [Ctrl]  +  [V] 
пернелерді қиылыстыруды пайдаланумен жүргізуге болады.  
Айырбастау буферінің ағымдағы мазмұнын көру үшін, Бағдарламалар 
мәзіріне  кіріп,  сосын  жүйелі  түрде  Стандартты,  Қызметтік  және 
Айырбастау буфері тармақтарын таңдау қажет.  
О б ъ е к т і л е р д і   ж ы л ж ы т у   н е м е с е   « с ү й р е у » .   Тінтуірдің 
көрсеткішін  белгіленген  объектіге  апарып,  сосын  тінтуірдің  сол  жақ 
батырмасын басып және ұстап тұрып қажетті орынға жылжытып (мысалы, 
басқа  папкаға),  тінтуірдің  сол  жақ  батырмасын  жіберу.  Объектілерді 
жылжытудың  бұл  технологиясы  Windows  қосымшаларының  барлығында 
белсенді пайдаланылады және Drag-and-Drop деп аталады () 
Следует навести указатель мыши на выделенный объект, затем нажать 
и, удерживая левую кнопку мыши, перетащить в нужное место (например, 
в  другую  папку),  отпустив  левую  кнопку  мыши.  Эта  технология 
перемещения  объектов  активно  используется  во  всех  приложениях 
Windows  и  называется  Drag-and-Drop  («апарып  тастау»  деп  аударуға 
болады). 
« Д и с к   А:»  п а п к а с ы н а   а қ п а р а т т ы   ж е д е л   к ө ш і р у . 
Өткізгіш  терезесінің  сол  жақ  бөлігінде  дерек  көзі-папкасын  белгілеп,  оң 
жақ  бөлігінде  тінтуірдің  оң  жақ  батырмасымен  қажетті  файл  немесе 
папканы  белгілеу.  Пайда  болған  мәнмәтіндік  мәзірден  Диск  А:  түсіндіре 
отырып,  Жөнелту  командасын  таңдау.  Дискжетекке  дискіні  енгізуді 
ұмытпау  өте  маңызды,  әйтпесе  жүйе  қате  туралы  хабарламаны  көрсетеді. 
Сонымен  қатар,  қатты  дискіні  пайдалану  арқылы  жасалатын  басқа 
операцияларға қатысты. 
Жұмыстың  аяқталуы.  Іске  қосу  мәзірінен  осы  пункті  таңдау 
компьютерді  өшіру,  қайта  жүктеу  немесе  жұмысын  тоқтатуды  ұсынатын 
диалогтық  терезе  ашылады.  Жұмысты  аяқтамас  бұрын  ОЖ  барлық  ашық 
(немесе  түрілген)  терезелердің  мазмұнын  сақтауды  ұсынады  –  кері 
жағдайда  сәйкес  қосымшалардағы  сақталмаған  ақпараттың  барлығы 
жоғалады.  
Кітаптың осы бөлігінде біз барлығын емес, тек Windows  операциялық 
жүйесінің  ең  маңызды  баптаулары,  орнатқыштары  мен  функцияларын 
қарастырдық.  Анағұрлым  толық  меңгеру  үшін  кіріктірілген  анықтамалық 
жүйесін немесе арнайы кітаптарды пайдалануға болады. 


137 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1.  Бағдарламалық  өнімдерінің  негізгі  түрлерін  атап  шығыңыз  және 
сипаттаңыз.  
2.  Операциялық жүйелердің құрылымы мен мақсатын сипаттаңыз.  
3.  Сіз  операциялық  жүйелердің  қандай  түрлерін  білесіз?  Оларды  пайдалану 
аймақтарын көрсетіңіз.  
4.  Windows  ОЖ  негізгі  мүмкіндіктері  мен  оның  DOS-тан  түбегейлі 
ерекшеліктерін атап шығыңыз. 
5.  Деректерді файлдық сақтау құрылымы дегеніміз не? 
6.  Windows ОЖ стандартты терезесінің құрылымын сипаттаңыз. 
7.  Тапсырмалар панелі қандай қызмет атқарады? 
8.  Іске қосу батырмасының мақсаты қандай? 
9.  Басқару панелін қалай ашуға және ДК негізгі баптауларына қолжетімділікті 
алуға болады? 
10. Іздеу жүйесі мен Анықтамалық жүйе қандай қызмет атқарады? 
11. Файлдардың менеджері дегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады? 
12. Өткізгіштің Құралдар панелінің мақсатын сипаттаңыз.  
13. Өткізгіштің  терезесінде  файл  және  папкалармен  қандай  операциялар 
жасауға болады? 
14.  Папкалар  мен  жарлықтардың  мақсаттарын  көрсетіңіз.  Оларды  құру,  жою 
және атын өзгерту тәсілдерін атап шығыңыз. 
15.  Файлдарды 
ауыстыру  мен  оларды  көшірудің  арасында  қандай 
айырмашылық бар?  
16.  Файлдарды көшірудің бірнеше тәсілдерін атап шығыңыз.  
17.  Компьютерде  жұмысты  аяқтау  кезіндегі  операциялардың  жүйелілігін 
сипаттаңыз.  
3.2.  MS OFFICE 
КЕҢСЕЛІК ҚОСЫМШАЛАРЫ 
Microsoft  Office  —  бұл  кеңседе  жұмыс  жасау  үшін  бағдарланған 
қолданбалы  бағдарламалардың  жиынтығы  (немесе,  басқаша  айтқанда, 
пакеті)  емес,  бұл  әртүрлі  бағдарламалық  және  аспаптық  құралдар  мен 
кітапханалар  біріктірілген  және  олардың  өзара  әрекеттесуінің  жоғарғы 
деңгейін қамтамасыз ететін бірыңғай орта. Windows ОЖ сияқты, MS Office 
қосымшаларының  әзірлеушісі  Microsoft  корпорациясы  болып  табылады. 
Microsoft  Office  пакетінің  құрамына  кіретін  бағдарламаларды  шартты 
түрде үш санатқа бөлуге болады. 
Негізгі кеңселік қосымшалар: 
•  MS Word мәтіндік редакторы; 
•  MS Excel кестелік редакторы; 
•  MS Access деректер қорын басқару жүйесі; 
•  MS PowerPoint көрсетілім редакторы. 
Қосымша кеңселік қосымшалар: 
•  MS DataAnaliser бизнес-деректерінің талдауышы; 
•  MS Publisher баспа басылымдарын шығару бағдарламасы 
•  MS Project жобаларды басқару бағдарламасы


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау