Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет39/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   110

116 
 
Жүйені  дамыту  және  бұдан  әрі  жетілдіру  тұрақты  Интернет  желісі 
пайдаланушыларының  мыңдаған  командасы,  зерттеу  орталықтарының 
қызметкерлері,  университет  пен  қарапайым  жеке  тұлғалар,  ойын  ретінде 
өздерін  линуксоид  деп  атайтын  осы  жүйенің  табынушылары  арасында 
қолдау  тапты.  Linux  операциялық  жүйесі  IBM  PC  аппараттық 
тұғырнамасында 
кеңінен 
таралған 
және 
басқа 
аппараттық 
тұғырнамалардың бірқатар позицияларын (Apple Macintosh) жаулап алды. 
Linux ОЖ негізгі құндылықтары: 
•  жұмыста, сондай-ақ үйде тегін және заңды заманауи ОЖ  пайдалану 
мүмкіндігі; 
•  жоғары тез әрекеттік; 
•  тұқырусыз сенімді және тұрақты жұмысы;  
•  ДК қорларын максималдық толық пайдалану;  
•  көп тапсырмалы көпшілік пайдаланатын режим;  
•  пайдаланушылардың  компьютерлерін  жергілікті  және  ғаламдық 
желіге жеңіл біріктіру;  
•  Linux,  сондай-ақ  басқа  ОЖ  жұмыс  жасау  үшін  жарамды  кез  келген 
қиындық  дәрежесіндегі  қолданбалы  бағдарламаларды  әзірлеу  үшін 
аспаптық құралдардың бай жинағы;  
•  Linux ОЖ әзірлеушілерінің кез келгенімен Интернет арқылы тілдесу 
мен бірлескен жұмысты қоса, жүйені жеке түзету мүмкіндігі;  
•  вирусқа аз ұшырау. 
Linux  операциялық  жүйесі  өзара  әртүрлі  компоненттердің  жинағымен 
айтарлықтай  ерекшеленетін  дистрибутивтер  түрінде  таратылады.  Linux 
ОЖ анағұрлым атақты дистрибутиві – бұл үй немесе кеңселік компьютерге 
сияқты,  сондай-ақ  қуатты  серверге  орнату  үшін  бірдей  сәйкес  келетін 
RedHat. RedHat Linux өзіне орнатуға арналған қолайлы бағдарламаны және 
қосымшалардың  толық  жинағын:  ойындар,  кеңселік  пакеттер,  web-
серверлер  және  т.б.  қамтиды.  RedHat  Linux  бір  компьютерде  сияқты, 
сондай-ақ  жергілікті  желіде  MS  Windows  бірге  оңай  іргелесе  алады,  ал 
OpenOffice  кеңселік  пакеті  Windows  ОЖ  кеңселік  қосымшаларын 
пайдаланатын DOC және XLS форматтарында құжаттарды ешбір мәселесіз 
ашу, түзету мен сақтауға мүмкіндік береді.  
Сонымен  бірге  басқа  операциялық  жүйелер  үшін,  соның  ішінде 
Windows 
үшін  әзірленген  қосымшалар  Linux  астында  жұмыс 
жасамайтынын атап өткен жөн. Әрине, бұл жүйеде өзінің функционалдық 
мүмкіндіктері  бойынша  атақты  MS  Office,  графикалық  пакеттерге  және 
т.б.  сәйкес  келетін  қосымшалар  әзірленген.  Дегенмен  құжаттардың 
экспорты  мен  импорты  белгілі  бір  қиындықтармен  байланысты. 
Осылайша,  Linux  ОЖ  өзінің  сүйкімділігімен  әдеттегі  кеңселік 
компьютерлердегі 
пайдаланушыларға 
қарағанда, 
аса 
тәжірибелі 
пайдаланушылар мен бағдарламалаушылар арналған.  
 


117 
 
Әртүрлі  аппараттық  тұғырнамаларда  есептеу  машиналары  арналған 
операциялық  жүйелердің  бірқатары  бар.  Осылай,  Apple  фирмасының 
Machintosh компьютерлері үшін арнайы  Mac  ОЖ операциялық жүйесі,  ал 
қалта  компьютерлер  үшін  –  Windows  CE  және  т.б.  әзірленген.  Сонымен 
қатар  тек  желілерге  қызмет  көрсету  арналған  операциялық  жүйелердің 
тұтас  санаты  бар.  Осы  санаттың  анағұрлым  атақты  ОЖ  арасында  Novell 
NetWare және Windows NT айтып кетуге болады.  
Операциялық  жүйелердің  алуандығына  қарамастан,  кеңселік  және  үй 
компьютерлері  үшін  ешбір  бәсекелесусіз  Microsoft  корпорациясымен 
әзірленген  ОЖ  қалады.  Осы  санаттың  тарихи  бірінші  жүйесі  DOS  — 
арнайы дербес компьютерлер арналған дискілі операциялық жүйесі болды. 
Осы  санат  жүйелерінің  келесі  буыны  ретінде  IBM-үйлесімді  сәулеттің 
дербес компьютерлері үшін операциялық жүйе нарығында теңдесіз табысы 
бар  Windows  ОЖ  тобын  санауға  болады.  Статистика  бойынша 
дүниежүзінде  шамамен  80  %    дербес  компьютерлерде  осы  операциялық 
жүйенің түрлері орнатылған. 
 
3.1.2.  MS DOS 
жүйесі 
MS  DOS  операциялық  жүйесі  (Microsoft  Disk  Operating  System  —
Microsoft 
корпорациясының  дискілі  операциялық  жүйесі)  дербес 
компьютерлерде  кең  таратылымды  алған  бірінші  ОЖ  болды.  Қазіргі 
уақытта,  Windows  тобыны  ОЖ  пайда  болғаннан  кейін,  ол  ДК  «таза» 
күйінде  іс  жүзінде  пайдаланылмайды.  DOS  оның  басқарылуында 
пайдалану үшін әзірленген бағдарламалар сияқты, тарихтың мүлігі болды 
деп санауға болады. Дегенмен Windows ОЖ DOS командалары және оның 
қосымшаларымен  жұмыс  жасау  үшін  арнайы  құралдары  бар.  Бұл 
мүмкіндіктер кейде оның толық жүктемесі мүмкін болмаған жағдайда ОЖ 
дұрыстау үшін пайдаланылады.  
DOS  өзімен  ерекше  жүйелік  файлдарды  физикалық  көрсететін 
бөліктерден  тұрады.  Олардың  барлығы  жүйелік  дискінің  түбірлі 
каталогында орналасуы қажет. Windows ортасында Өткізгішті пайдалану 
кезінде бұл файлдар әдетте пайдаланушыдан жасырын тұрады.  
Io.sys және msdos.sys файлдары – бұл дискілі операциялық жүйелердің 
негізгі файлдары. Олар компьютердің жедел жадына жүктеледі және оның 
«тіршілік  әрекетін»  үнемі  қолдайды,  резидент  болып  табылады. 
Сommand.com  командалық  процессоры  пернетақтадан  командаларды 
қабылдайды және оларды орындайды. 


118 
 
 
MS  DOS  командаларының  бөлігі  ішкі  немесе  резидентті  болып 
табылады  –  бұл  ОЖ  негізгі  бөлігінде  (оның  ядросында)  оларды  орындау 
үшін  құралдар  бар  командалар  және  оларды  дискіден  жүктеудің  қажеті 
жоқ. Бақса командалар (сыртқы) файлдар түрінде дискіде жазылған (әдетте 
DOS қосалқы каталогында) және орындау үшін жүйелік дискіден жүктеуді 
талап етеді.  
Операциялық жүйе ДК мен пайдаланушының әртүрлі құрылғыларында 
үйлесімді  жұмысты  ұйымдастыратын ерекше  диспетчер немесе  менеджер 
болып табылады. ОЖ ісі бар негізгі объектілер: 
ДК  жедел  жады.  ОЖ  бағдарламалар  мен  деректерді  жедел  сақтайтын 
құрылғыға (ЖСҚ) жүктеуді қамтамасыз етеді; 
ДК  сыртқы  құрылғылары.  ОЖ  перифериялық  құрылғылардан,  соның 
ішінде  пернетақта  мен  таймерден  үзілу  сигналдарын  өңдейді.  Негізгі 
сыртқы  құрылғыларға  қатты  және  иілгіш  магниттік  дисктер  жатады.  Бұл 
құрылғылардың әріптік атаулары бар: «А», «В»  — ИМД жинақтауыштар; 
«С», «D», «Z» — CD-ROM қоса қатты дисктер.  
Бағдарламалар-қабықшалар. 
Norton 
Commander. 
Пайдаланушының  операциялық  жүйемен  өзара  әрекеттесуі,  диалогы 
мысалдары  жоғарыда  келтірілген  операторлар  мен  командалардың 
көмегімен  жүзеге  асырылады.  Дегенмен  адамның  компьютермен 
тілдесуінің  мұндай  түрі  біршама  қолайсыз  және  кішкентай  көрінісі  бар. 
Команданың синтаксисінде болмашы қатенің болуы, ДК оны орындауына 
алып  келеді.  Әдетте  барлық  хабарламалар  ағылшын  тілінде  беріледі,  ол 
бастаушы  пайдаланушының  жағдайын  анағұрлым  қиындатады.  Каталог 
пен  файлдармен  жұмыс  жасаудың  қолайлылығы  үшін  арнайы 
бағдарламалар-қабықшалар  немесе  файлдық  менеджерлер  әзірленген, 
олардың ішінде ең атақтысы Norton Commander (NC) болып табылады.  
3.1-сурет. Norton Commander  


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау