Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет38/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   110

113 
 
пьютеріне  өнімді  орнату  кезінде  пайдаланылатын  өнімнің  сериялық 
нөмірі 
(ID). 
Лицензиясыз 
(жалған 
ақшалы) 
бағдарламалық 
қамсыздандыруды  пайдалану  заңмен  құдаланады.  Лицензиялы  өнім 
оның  пайдаланушысына  бірқатар  құқықтарды  береді:  әзірлеуші-
фирманың  немесе  оның  дистрибьюторының  (өнім  сатып  алынатын 
ресми  өкілі)  техникалық  және  кеңестік  қолдауын  пайдалануға, 
толықтырулар  мен  түзетулердің  тегін  жіберілімі,  бағдарламалық 
өнімнің жаңа нұсқасын сатып алу кезінде айтарлықтай жеңілдіктер және 
т.б.  
Тегін  таратылатын  осындай  бағдарламалар  да  бар.  Көбінесе  бұл 
бағдарламалар  қандай-да бір тәжірибелі бағдарламалаушымен өзі  үшін 
жазылған,  содан  кейін  ортақ  пайдалану  үшін  берілген.  Мұндай 
бағдарламалардың 
дәрежесі 
тегін 
(freeware) 
болады. 
Кейде 
бағдарламаның 
әзірлеушілері 
олардың 
бағдарламалары 
жеке 
пайдаланушылар  үшін  тегін  болып  табылатындығын,  бірақ  ұйымдарда 
пайдалану үшін сәйкес лицензия сатып алу қажеттігін көрсетеді.  
Тегін  және  коммерциялық  бағдарламалардың  арасындағы  аралық 
орналасуды  шартты-тегін  бағдарламалар  (shareware)  алады.  Бұл 
бағдарламаларды  алып  (көбінесе  Интернет  арқылы)  және  тегін  сынап 
көруге  болады,  бірақ  оларды  жүйелі  пайдалану  үшін  әзірлеушілерге 
немесе  бағдарламаны  таратушыларға  белгілі  бір  соманы,  кейде  таза 
символдық соманы төлеу қажет.  
Пайдаланушыларда  үлкен  атақты  алған  бағдарламалар,  қағида 
бойынша, жақсартуын жалғастыруда: олардың қателері түзетіледі, жаңа 
мүмкіндіктер қосылады және т.б. Олар ауыспалылығын сақтағандықтан,  
бастапқы  бағдарламалардың  нұсқалары  деп  аталады.  Орнатылған 
дәстүр  бойынша  бағдарламалардың  нұсқалары  1.00,  3.5  және  т.б. 
түріндегі 
сандармен 
белгіленеді. 
Нұсқаның 
нөмірі 
әдетте 
бағдарламаның  атауынан  кейін  көрсетіледі,  мысалы  Windows  3.0  («үш 
нөл» деп оқылады). Сонымен бірге бағдарламадағы маңызды өзгертулер 
нүктеге  дейінгі  тұрған  санның  ұлғаюымен,  ал  болмашы  өзгертулер 
немесе  қателердің  түзетулері  –  нүктеден  кейін  тұратын  санның 
ұлғаюымен көрсетіледі. Мысалы, бағдарламаның бастапқы нұсқасы 1.0 
деп  белгіленеді,  бірнеше  түзетулері  бар  нұсқа  –  1.1,  ал  маңызды 
толықтырулар  енгізгеннен  кейін  бағдарламаның  жаңа  нұсқасында  2.0 
нөмірі  болады.  Кейде  шыққан  жылдары  бойынша  нұсқаның  белгіленуі 
пайдаланылады,  мысалы:  Windows  98  –  бұл  1998  жылы  шығарылған 
Windows  ОЖ  кезекті  нұсқасы.  Бағдарламалық  өнімнің  кезекті 
нұсқасына  әріптік  индекс  тіркелуі  мүмкін,  мысалы  Windows  XP 
(ағылшын тілінен eXPerience — «тәжірибе»). 


114 
 
Операциялық  жүйелердің  әртүрлілігін  әртүрлі  негіздер  бойынша 
шартты  түрде  жүйелеуге  болады:  есептеу  жүйелері  мен  аппараттық 
тұғырнаманың қуаттылығы, желілік өзара  әрекеттесулердің мүмкіндіктері 
және  т.б.  Бұдан  әрі  бізді  тек  дербес  компьютерлерде  пайдаланылатын 
операциялық жүйелер ғана қызықтыратын болады. 
3.1.1.  UNIX 
операциялық жүйесі 
Unix  операциялық  жүйесі  басында  бағдарламалық  әзірлеулерге 
арналған  жинақы  жүйелер  ретінде  құрылған.  Іс  жүзінде  барлық  жүйе  Си 
жоғарғы  бағдарламалау  тілінде  жазылған,  соның  салдарынан  меңгеруге 
оңай  және  әртүрлі  аппараттық  тұғырнамаларға  жеңіл  беріледі.  Осы  ОЖ 
әзірлеу ХХ ғасырдың 70-жылдары басталған болатын.  
Сол  кезде  ол  негізінен  университеттік  ортада  еркін  таралған  және 
аспаптық  орта  ретінде  атақты  иеленді.  ХХ  ғасырдың  70-жылдарының 
аяғында мини-ЭЕМ UNIX пайда болуымен сол уақытта қолданыста болған 
коммерциялық  операциялық  жүйелердің  барлық  функционалдығын 
иеленгендіктен  және  әртүрлі  аппараттық  тұғырнамаларға  оңай  орнатыла 
алатын осы санаттың машиналары үшін ОЖ стандарты болып қалды.  ХХ 
ғасырдың  80-жылдарының  ортасында  бірінші  ДК  пайда  болуымен  Intel 
тұғырнамасында  пайдалануға  арналған  UNIX  ОЖ  нұсқалары  туындады. 
Бірінші  32-разрядты  процессордың  пайда  болу  сәтінен  бастап  осы  ОЖ 
дамытуға  жаңа  айналым  басталады.  Дегенмен  осы  серпіліс  Интернеттің 
пайда болуының арқасында UNIX туындады.  
Классикалық  операциялық  жүйелерден  айырмашылығы  дербес 
компьютерлер  (DOS,  Windows)  үшін  UNIX  уақыт  бөлгіші  бар  көп 
пайдаланушылық  және  көп  тапсырмалы  операциялық  жүйе  болып 
табылады.  UNIX  басқарылатын  сол  есептеу  жүйесі  файлдық  сервер, 
коммуникациялық сервер, баспа  сервері ретінде  пайдаланыла алады  және 
көптеген  желі  пайдаланушыларының  сұранымдарына  қызмет  көрсете 
алады.  UNIX  операциялық  жүйесі  ең  басында  желілік  есептеулерді 
ұйымдастыру  үшін  әзірленген  болатын  және  қазіргі  уақытта  жергілікті 
және  корпоративті  есептеу  жүйелерін  құрастыру  үшін  ең  тиімді  орта 
болып табылады.  
UNIX  операциялық  жүйесінде  мультибағдарламалаудың  классикалық 
сұлбасы пайдаланылады. Жүйеде оның астында бірнеше пайдаланушылық 
бағдарламаларды  параллель  орындау  мүмкіндігі  қарастырылған.  Әрбір 
орындайтын  бағдарламаға  белгілі  бір  операциялық  жүйенің  үрдісі  сәйкес 
келеді.  
UNIX  операциялық  жүйесі  дүниежүзіндегі  ең  танымал  операциялық 
жүйелердің  бірі  болып  табылады.  Осы  ОЖ  нұсқалары  іс  жүзінде  барлық 
аппараттық  тұғырнамалар  үшін  бар:  дербес  компьютерлерден  қуатты 
серверлер мен суперЭЕМ дейін. 1992 жылдан бастап бірінші 64-разрядты.  
  


115 
 
процессорлар пайда болғаннан кейін, UNIX 64-разрядты нұсқалары пайда 
болды.  
UNIX  жүйесінің  сенімділігі  айтарлықтай  дәрежеде  оның  ашықтығы 
мен жеткілікті ұзақ өмір мерзімімен анықталады. Жүйенің ашықтығы мен 
осы  ОЖ  әзірлеулер  жүргізетін  тәуелсіз  компаниялардың  үлкен  санының 
бар болуы жаңа механизмдер, компоненттер мен түзетулер сапалы жүзеге 
асырылатын  қалыпты  бәсекелес  ортаны  құруға  мүмкіндік  береді.  Бұдан 
басқа,  UNIX  тұрақты  дамуы  осы  ОЖ  коммерциялық  емес  нұсқаларының 
бар болуымен ынталандырылады. Осының барлығы әзірлеуімен  Microsoft 
монополиялық  бір  компаниясы  айналысатын  Windows  ОЖ  дамыту 
идеологиясынан  өте  ерекшеленеді.  Пайдаланушының  графикалық 
интерфейсі  нақты  UNIX  ортасында  әзірленген  болатын  және  тек  сосын 
ғана  басқа  операциялық  жүйелерде,  оның  ішінде  Windows  кеңінен 
пайдаланыла  бастады.  UNIX  графикалық  қабықшасының  операциялық 
жүйені,  жіңішке  баптауды  бақылау  және  басқару  үшін,  жабдықтың  күйін 
қадағалау үшін және т.б. көптеген құралдары бар.  
Көптеген  жағдайларда  бізде  кеңінен  таралған  IBM-бірлескен 
техникасына  бағдарланған  шағын  компаниялар  мен  жеке  тұлғалар  үшін 
UNIX ОЖ пайдалану экономикалық тұрғыдан едәуір үнемді.  
Бұл  FreeBSD  немесе  Linux  сияқты  UNIX  тегін  немесе  шартты  түрде 
тегін  клондарын  пайдалану  мүмкіндігімен  анықталады.  Ықыласы  болған 
жағдайда коммерциялық нұсқаларды сатып алуына болады: Solaris 7, SCO 
UnixWare, OpenServer немесе OpenBSD.  
F r e e B S D   Unix  ОЖ  тікелей  ағыны  болып  табылады  және  оның 
маңызды  тұжырымдамаларына  негізделеді.  FreeBSD  —  көпшілік 
пайдаланатын  операциялық  жүйе.  Бұл  бірнеше  пайдаланушылардың 
әртүрлі тапсырмаларды шешіп және бір-біріне мүлде кедергі келтірмей бір 
уақытта  жұмыс  жасай  алатынын  білдіреді.  Жүйе  осындай  жады, 
процессорлық  уақыт,  перифериялық  құрылғылар  және  т.б.  сияқты 
қорларды  дұрыс  тарату  мен  бақылау  үшін  жауапкершілік  артады.  Бұл 
операциялық  жүйе  Интернет  үшін  әртүрлі  желілік  қосымшалардың 
әзірлеушілерінің арасында кеңінен таралды. 
L i n u x   оп е р а ц и я л ы қ   ж ү й е с і   Тағы  бір  Unix  ағыны  болып 
табылады.  Бұл  желілік  терезелік  графикалық  жүйесі  бар  көпшілік 
пайдаланатын операциялық жүйе. Ол ашық жүйелердің стандарттары мен 
Интернет желісінің хаттамаларын сүйемелдейтін Unix, DOS, MS Windows 
жүйелерімен  үйлесімді.  Бастапқы  мәтіндерді  қоса,  жүйенің  барлық 
компоненттері  еркін  көшіру  және  пайдаланушылардың  шексіз  саны  үшін 
орнатуға арналған лицензиялармен таратылады. Linux операциялық жүйесі 
Хельсинки  университетінің  Линус  Торвалдспен  (Linus  Torvalds) 
әзірленген. 


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау