Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті., ф.ғ. к


-тақырып. Менің Отаным-Қазақстан



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/37
Дата26.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

 

1-тақырып. Менің Отаным-Қазақстан. Мемлекеттің әлеуметтік-
географиялық орны, ерекшелігі. Ел басқару жүйесі. (Президент.Парламент. 
Үкімет.) 
Тыңдаймыз.  Оқимыз.  
1-тапсырма. Тірек сөздермен жұмыс
  
егеменді  ел,  биіктен  көріну,  дамыған  ел,  ұлтжандылық,  байтақ  дала, 
білектің күші, жаңару, белестерге көтерілу, атажұрт, 
табиғат, орман, тоғай, 
аспан, топырақ, астық, мақта, күріш, бидай, сұлы, тары, пайдалы қазбалар, 
жер қойнауы, темір, мыс, қалайы, қорғасын, алтын, күміс, көмір.
 
 
Ойтүрткі. Келесі сұрақтар бойынша ой бөлісіңіз. 
1. Тәуелсіз Қазақстанның ерекшелігі неде? 
2. Қазақстанда пайдалы қазбалардың қанша түрі бар? 
3. Еліміздің қай өңірі «астықты өлке» деп аталады? 
4. Қазақстанның қандай қалаларында өндіріс орындары дамыған? 
 
  2-тапсырмаОқылымМәтінді оқыңыз 
Оқылым  №1 
 
       
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас 
мемлекет.  Конституцияға  сәйкес,  біздің  ел  өзін  адам  және  оның  өмірі, 
құқықтары 
мен 
бостандығы 
ең 
қымбат 
қазынасы 
саналатын 
демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  ретінде 
орнықты.
 
       Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы 
– Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-
қатынас  тілі  мәртебесіне  ие.  Ақша  бірлігі  –  теңге.  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  –  мемлекеттің  басшысы,  оның  ішкі  және 
сыртқы  саясатының  негізгі  бағыттарын  айқындайтын,  сонымен  қатар,  ел 
ішінде  және  халықаралық  қатынастарда  Қазақстанның  атынан  өкілдік 
ететін мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Президент – халық пен 
мемлекеттік  билік  бірлігінің,  Конституцияның  мызғымастығының,  адам 
және  азаматтың  құқықтары  мен бостандықтарының  нышаны  және кепілі. 
Қазіргі  уақытта  Мәжілісте  үш  партия  –  «Нұр  Отан»  халықтық-
демократиялық  партиясы,  Қазақстанның  «Ақ  жол»   демократиялық 
партиясы және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы өкілеттілік 
етеді.   Әкімшілік-аумақтық  құрылымы  бойынша  ел  14  облыс  және 
республикалық  маңызы  бар  2  қалаға  бөлінеді.  Қазақстан  тұрғындарының 
саны  2012  жылдың  1  қаңтарында  16  млн.  675  мың  адамды  құрады. 
Қазақстан  Еуразия  құрлығының  ортасында  орналасқан.  Алып  жатқан  жер 


 

көлемі  2  млн.  724,9  мың  шаршы  шақырым,  еліміз  әлем  елдері  арасында 
аумағы  бойынша  тоғызыншы  орында.  Қазақстан  –  Әлемдік  мұхитпен 
тікелей  жалғаспайтын  әлемдегі  ең  ірі  ел.  Қазақстан  Республикасы  – 
экономикалық өсімінің негізгі көзінің бірі пайдалы қазбалар өндіру болып 
саналатын  индустриялық  ел.  Елде  жаппай  әлеуметтік  жаңғырту 
жұмыстары  жасалуда  –  жаңа  мектептер,  кәсіптік  колледждер  және 
университеттер салынуда, заманауи медициналық емхана мен ауруханалар 
ашылуда,  халықты  әлеуметтік  қолдау  жүйесі  жетілдірілуде.Бүгінгі  таңда 
республикада 130 этнос өкілі өмір сүреді, ұлтаралық қарым-қатынастардың 
үйлесімділігі  жөніндегі  консультативтік-кеңесшілік  орган  –  Қазақстан 
халқы  Ассамблеясы  табысты  жұмыс  жасауда.  Астанада  2012  жылы 
Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының  IV  съезі  өтті,  оның 
жұмысына шамамен әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты. Астана мен 
Алматыда 2011 жылдың басында Қысқы Азия ойындары табысты өтті.  
         Сонымен  қатар,  еліміз  жаһандық  антиядролық  қозғалыста  жалпыға 
мойындалған  көшбасшы  болып  саналады.  Жалпы,  Қазақстан  бүгінде 
халықаралық  іргелі  ұйымдар  –  ТМД,  ШЫҰ,  ЕурАзЭҚ  және  өзге  де 
ұйымдар  аясында  түрлі  әріптес  мемлекеттермен  өзара  белсенді 
ықпалдастық жүргізуде.  
          Бүгінгі Қазақстан – өз топырағының асыл дәстүрлерін ардақ тұтатын, 
кемел болашаққа қадам басқан жасампаз ел.  
 
Сөйлесеміз 
 
Мәтін бойынша ой алмасу 
Оқылым бойынша тапсырмалар: 
 
1.Мәтінді 5 бөлікке  бөліп оқып, әңгіменің негізгі идеясын айтыңыз. 
2. Мәтінге 8 сұрақ құрастырыңыз. 
3.Қазақстан – астыққа бай ел. Осы пікірмен келісесіз бе? 
4. Мәтіннен сан есімдерді тауып, түрлеріне ажыратыңыз. 
Жазылым. 
 
Грамматика 
3 – тапсырма.Мәтін мазмұнын пайдаланып,сөйлем құрастырыңыз. 
1.  Отан                 ----------------------------------------------- 
2.  Қазақстандықтардың Отаны ------------------------------ 
3.  Қазақстанның көлемі             ----------------------------- 
4.  Қазақ даласы                          ----------------------------- 
5.  Қазақтың атақтың адамдары ---------------------------- 
6.  Қазақ батырлары                     --------------------------- 


 

 
4- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді 
толықтырыңыздар 
Әр адам өзінің ... тамып, туып өскен мекенін бәрінен артық көруге хақылы. 
Қазақтардың ...басқа отаны жоқ. Туған жерімнің ... ат басындай алтыннан 
да қымбат. Біздің ... ата-бабаларымыз осынау кең даланы біз  үшін қорғап 
қалған. Біз... мемлекеттің азаматымыз. 
 
5-  тапсырма.  Ырықсыз  етіспен  берілген  етістіктерге  –атын,  етін 
жұрнақтарын жалғап, сөйлем құраңыз. 
Үлгі: өндіру-өндір-іл-етін           
қазу-қазыл-.......... 
жинау-жинал-...... 
дамыту-дамытыл-..... 
өсіру-өсіріл-..... 
                                                      
6-тапсырма.  Мына  сөйлемдерді  орыс  тіліне  аударыңыз.  Зат  есімдерді 
анықтаңыз. 
Қазіргі  Қазақстан  әлем  сахнасында  мақтанарлықтай  беделге  ие.  Жас 
мемлекетіміз  осындай  аз  уақыттың  ішінде  көптеген  ірі  экономикалық, 
саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан 
жас  мемлекет  бола  тұра,  көптеген  елдерден  әлдеқайда  алда.  Қазақстан 
үшін,  қазақ  халқы үшін  тәуелсіздік  аспаннан  түскен  сый емес  еді.  Қазіргі 
таңда  Тәуелсіздік  –  барлығымыз  үшін  ерекше  қасиетті  күн.  Бірліктің, 
ынтымақтастық пен татулықтың күні. 
 
7- тапсырма.  Сөз тіркестерінен,  зат  есімдерді  қатыстырып, сөйлемдер 
құраңыз. 
 
Қазақ елі 
Көп ұлтты 
өсіреді 
Қазақстан 
Кең-байтақ 
Ел 
Оңтүстікте 
жері 
Мемлекет 
Қазақтар 
мақта 
Дамыған 
Бүгінгі 
Қазақстан 
Бай 
Оның 
жер 
Шыққан едік 
Республика 
көлемі 
Қанша? 
Саяхатқа 
бұрын 
Үлкен 
 
8-тапсырма. 
Қарамен 
жазылған 
сөздерді 
мәндес 
сөздермен 
алмастырыңыз. 
       1.  Қазақстандықтардың  атамекені-  Қазақ  елі.  2.  Қазақ  халқының 
атамекені көне замандардан қалыптасқан. Қазақстан жеріне бес Франция, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау