Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Алдарыңа барайын.
2.2.Мұқағали Мақатаев- қазақ поэзиясының табиғат лирикасында өзіндік дербестік танытқан, өзгеше
поэтикалық әлем ашқан жаңашыл ақын, асқар тау мен дархан даланың, олардың жаны жарқын асыл
адамдары мен таңғажайып табиғаттың үлкен жүректі асқақ жаршысы.Ақын табиғаттың әсемдігін
жырлай отырып, өзінің сол табиғатқа деген пәк сезімді көзқарасын білдіреді:
Мен саған арамтамақ масыл емен,
Жаңбыр болып гүліңнің шашын өрем.
Аспаныңды арқама құлатсаң да,
Кеудеммен жеріңді басып өлем.
Бұдан тазалық пен тұнықтықтың, тектілік пен тегеурінділіктің өлшемі мен бірлігін көреміз.
Жарықтық
Жаздың т аңы-ай!
Жадырап қанатымды жаздым талай.
Жарықтық,
Жаздың таңы-ай белден асқан!
Бауырын жерге басқан шөлдеп аспан.
Қия алмай жаз төсегін, жар төсегін,
Қиылып бозаруда жер мен аспан.
Жаздың арайлап атқан таңының көркем сөздегі сұлу көрінісі. Ақын сөзге жан аңдамас сұлулықты
байқайды.Сол сұлулықты сұлу сөзбен кестелейді.
Лирикадағы адамның жан диалектикасы ақынның бір сәтте жалт еткен нұрлы ойының сол мезетте,
жарқ етіп тұтас көрінген ішкі сырлы дүниесінің бір саздан басқа бір сазға ауысып, ұласуы, жан-жақты
қимыл-қозғалысы.Лирика ішкі сезімді терең бейнелесе, сол өмірдің де, ойдың да суреті болып
шығады. Мұқағали Мақатаевтың қуаныш сезіміне бөленген көңіл-күйін «Біздің көктем»өлеңінен де
көруге болады.Көктем мезгілі жер –дүниенің жасырып, тіршілік атаулының басталар тұсы және
табиғат ананың бусанып, айнала әртүрлі гүлдерге көміліп, жасыл желекке бөлінер сәті болғандықтан
ақын көктемді өмірдің, жаңа тіршіліктің басы ретінде қайталанбас сәттерін бейнелеп береді. Күзді
суреттеудегі ақынның әдісі өзгеше.
Тағы да күз, тағы міне сары таңды ұзақ түн,
Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың.
Ой-хой, шіркін, тағы да бір күзді міне ұзаттым
Немесе:
Сен менің тынысым ең, тұрмысыс ең,
Сен үшін өмір сүріп тырмысып ем.
Жыл құсымен оралған жаным менің,
Бірге аттанып кетесің жыл құсымен.
Қызылы жоқ қырманды күзде міне
Қайтқан құстың қараймын тізбегіне- деп өз сағынышын, күрең күзгі күндерін мүңдана еске алып,
құлазыған көңілін қайтқан құспен сабақтастырады.
Таулар менің таусылмайтын бақытым,
Ал,ырысым-ұлан-ғайыр кең далам.
ақын суреттеуінде дала дидары әр қырынан жақсы жарқырап көрінеді. Өзінің шалқар қөңіліне жазира
даласын сыйғызады.
Боз далам, күрең далам, жасыл далам,
Кісі емес саған келіп бас ұрмаған.
Құныға құшырым бір қанбай қойды-ау,
Қалай ғана құшармын ғашық далам?!
«Таудай болғым келеді»өлеңінде:
Өлмесін де берген ғой тауды маған,
мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған.
Көңілімде бір құйын көтерілсе,
Тауларымда тұрады қарлы боран,-дейді.
231
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Ақынның туған жерінде табиғатқа тән табиғи сұлулықтың бәрі бар, жер жаннаты Қарасаз
өңірі.Хаңтәңірінің бір сілеміндей болған Елшенбүйректің бауырындағы бұл мекенді ақын табиғаттың
падишахына бағалаған. Оның суреттерін көркемсөзбен өрнектеп, мәңгілікке қалдырған.
Аспанда қыран қалықтап, тастарында арқар, құлжа, тауешкі ойнаған жақпар таулары, әр сайынан
құлдыраңдап жылжып аққан ботакөз бұлақтары, Қрасу иірімінен ұшқан үйрек-қаз бен жиегінде
бұғынған құндызы, қалың тоғайында қырғауыл ұялайтын ну орманы бар осындай қасиетті жердің
ғажап көріністері ақын жүрегінен тамылжыған жыр болып төгіледі.
Тамаша еді жазғы орман,
Құстар сайрап мәз болған.
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.
2.3 Табиғат-Мұқағали Мақатаев шығармашылығының жаны.Ғажап табиғат суреттері болмаса,
Мұқағали өлеңдері сондай тамаша қайталанбас, сұлу болуы мүмкін бе?
Табиғат ақынға қанатты шабыт береді.Ақынның жер, аспан күн мен сәуле, ай мен жұлдыз, ағаш
сияқты табиғаттың перзентін суреттейтін өлеңдері бір-біріне ұқсамайды, әр өлеңге автор жай
бояу,мазмұн, сөздердің жаңа реңкьерін енгізеді: «Тау бұлағы ағады», «Сап-сары жапырақтар»,
«Соқпақ», «Жалғыз терек», «Тағы да күз,міне тағы, сары таңды ұзақ түн »
«Соқпақ» өлеңінің екінші шумағына анафора қолданысын көруге болады.
Бұл соқпақпен әкем менің қан майданға аттанған,
Бұл соқпақпен әжемді де қабіріне ап барган.
Бұл соқпақпен баламды да ұзартып сап мезгілсіз,
Бәрісінің жүрген ізін ескерткіш қып ап қалған.
Ал, «Тау бұлағы да ағады» өлеңінен эпифора мен анафорасы жарыса қолдануын байқаймыз.
Тау бұлағы да ағады,
Ой бұлағы да ағады.
Әрқайсысы өзінше тепкілейді жағаны.
Бірі жылжып барады,
Бірі мөңкіп барады,
Бәрісі де , не шара, аға алмайды жоғары.
Осы өлең жолдарында «бұлақ», «ағады», «бірі», «барады», «жатыр» сияқты сөздер
қайталанады.Автор табиғат суреттерін көрсете отырып, оқырман белгілі бір ой салады, сезім
туғызады, адамның рухани, ішкі дүниесіне жол тартады.
Мұқағали жыл мезгілдерін адам өмірінің кезеңдерімен теңестіріп, көктем, балалық шақ, күз есейген
шақ, қыс көрініс шақ деп қарастырады.
Ақынның «Сап-сары жапырақтар»өлеңі-өмірінің соңғы жылдарында жазылған өлең. Мұнда да
анафора қолданысы бар.
Сап-сары жапырақтар...
Сап-сары жапырақтар...
Саудырап құлап жатыр атырапқа.
Мұқағали Мақатаев-ұлағатты ақынымыз, сегіз қырлы, бір сырлы азамат.Ақынның әдеби мұрасы мол
әрі мәңгі.
Қорытынды
Ақын жыры- оның жан сыры, ішкі дүниесі. Ақын сол сырын қағаз бетіне өлең жолдарымен түсірді,
яғни сол өлең арқылы оқырмандарына ішкі жан сырын шертті. Ақынның өлеңдерін оқыған сайын
терең ойға батасың, бүгінгі бұралаңы көп өмірдегі адам тағдырының көп қатпарлы көріністері көз
алдыңа елестейді.
Поэзия құдыреті- адамның рухын биіктетіп, адамның жан-дүниесін күнделікті күйкі тірліктің шаң-
тозаңынан аршып алуға көмектеседі десек, бұл тұрғыда Мұқағали атамыздың әрбір өлеңі
оқырманның жүрегіне жол тауып жатады.Оқырманын ойландырады. Рухани дниесіне жарық түсіріп,
ізгілік себеді, тазартады, тағылым береді.
Мұқағали Мақатаев шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Мұқағали
Мақатаев жырларындағы қазақтың жері мен суы, тауы мен даласы көрініс тапқандығы өз алдына,
232
Достарыңызбен бөлісу: |