Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет99/147
Дата26.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#17970
түріСеминар
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   147

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан қоғамның   тұлғасы
болар  білімді,   тәрбиелі,   мәдениетті   азаматтар  шыға   қояр  ма   екен  деген  ой  көпшілігімізді   әсіресе
тәрбие негізі қаланатын мектептегі ұстаздар қауымын толғандырады. Себебі Тәуелсіз мемлекетіміздің
ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты.
Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді
де, білікті ұрпағынан қуат алады, ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың
жаңа биіктеріне көтеріледі. Ал  бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты   міндет – енселі еліміздің
кірпіші боп қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу,
тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік  құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай
терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде.
  Елбасымыз   Н.   Ә.   Назарбаев:   —   Болашақ   ұрпағымызды   тәрбиелегенде,   оларға   жастайынан
имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының
гүлденуіне   өз   үлесін   қоса     алатын   азамат   өсіре   аламыз,   —   деген   болатын.   Ол     үшін   ең   әуелі
ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін  жақсы біліетін
саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.
Сондықтан   қатардағы   пендені   нағыз   толыққанды   тұлғаға   айналдыру   үшін   ұлттық   құндылықтар
арқылы тәрбие берудің  маңызы зор.
Ұлттық   құндылықтарын   бойына   сіңіру   арқылы   бүкіл   адамзаттың   құндылық   тұғырнамасында
қалыптасқан тәні және жаны сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми -теориялық білімділігі мен тәжірибелік
қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие
және әлемдік бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы сынып жетекшіге  жүктелетін міндетте  зор.
Жеке тұлға — әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Нақтырақ
айтсақ,   ана   тілі   мен   ұлттық   салт-дәстүрін   құрметтейтін,   басқа   тілде   де   жетік   сөйлей   білетін,
дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа
жету   жолдарын   таңдай   білетін,   жауапкершілігі   мол,   мінез-құлқы,   айналадағы   адамдарға,   қарым-
қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын,
өзіне сын көзбен қарай білетін салауатты тұлға.
Ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан өткен,
бүгінге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер негізінде тәлім-тәрбие үлгілері қалыптасты.
Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра
болып   келе   жатқан   тәрбие   жөніндегі,   баланы   бағып-қағып,   өсіріп,   өнегелі   азамат   етіп   шығару
жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Ол бір ұрпақтан екіншісіне ауысып, бірте-бірте қорланып, бай
тәжірибемен кемелдене келе «Халық айтса, қалт айтпайтын» кемістіксіз, ақаусыз дәрежеге жеткен.
Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің бастауы, түп төркіндері сонау есте жоқ, ескі замандардан
жеткен салт-дәстүрлерімізде жатыр.
Балаңды   өз   тәрбиеңмен     тәрбиелеме,   өз   ұлтыңның     тәрбиесімен   тәрбиеле,-деп     бабаларымыз
айтқандай   халық   педагогикасы   баланың   тәрбиесі   туып-өскен   ортасына,   ата-ананың,   отбасы
үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған.
Баланың   қалай   өсетіні:   ары   бар,   адал   да,   жер   бетіндегі   жақсылық   атаулы   үшін   күрескер   болып
шығатыны немесе керісінше өзімшіл, ұсақ, тіпті ашықтан -ашық зұлым адам болып шығатыны көп
ретте   мұғалімнің   балалармен   жүргізілетін   тәрбие   жұмысының   мазмұны   мен   әдістемесіне
байланысты.   Сонымен   бірге   балаға   ұлттық   тәлім-тәрбиені   дер   кезінде   беру,   меңгерту-мұғалімнің
басты міндеті.
“Ел болсам десең, бесігіңді түзе” – дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие
тәсілдері мен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып
үлгілері  мен  өнегелері  соның  айғағы.  Елін сүйген адам  сол елдің салт-санасын,  мәдени  мұрасын
қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.
Қандай мемлекеттің де ертеңі еңселі, бала-шағаның баянды болуы әр оқушының   тағдырырының
қалай қалыптасқанына байланысты. Сондықтан мектептердің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтарды игеруге қабілетті, ғылым мен тәжірбие жүзінде терең білім ала отырып,
жеке тұлға болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу. 
222


Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Жастайынан   орнығып   қалыптасқан   тәрбие,   орынсыз   көріністерге   баланы   сын   көзбен   қарауға
үйретеді.Ұлттық   құндылықтарымыздың   туын   биік   ұстап,   жас   ұрпақты   қасиетті   халқымыздың
тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу- ең маңызды міндет.
Елбасымыз   Н.   Ә.   Назарбаев:   «Біз   құрап   жатқан   қоғамның   ең   жоғарғы   құндылығы   –   адам,   бүкіл
өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр»,- деген. Олай болса, оқушының өз
өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда, ер баламен қыз баланың өмірлік ұстанымын, табиғи
міндеттерін түсіндіруде, өз өміріне ойлы көзбен қарап, адам өмірі ең жоғары құндылық екенін санаға
сіңіруде ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы.
Мектепте   баланың   тарыдай   болып   кірген   күнінен   таудай   болып   шыққанына   дейінгі   аралығында
жандүниесінің ұлттық рухта қалыптасып, оған ұлттық мәдениет, салт-дәстүр сіңіре білген жөн.
Әр   бала   –Алланың   ата-анаға   тартқан   сыйы,   табиғаттың   ғажайып   құбылысы   десек,   әр   баланың
мүмкіндігі   жоғары-   төмендігіне   қарамастан,   өзінше   тұлға   ретінде   тануымыз   жөн.   Оның
шығармашылық, даралық қасиетін дамытуға, қиялын шарықтатуға  ұмтылып, баланың әр жастағы
рухани өзгерісі,табиғи тілегін ескеруіміз керек.
Ұлттық   мәдениет   шәкіртті   адамгершілікке,   парасаттылыққа,   жақсы   қасиеттерге   тәрбиелейді.
Жұмысты ұйымдастыра білу мәдениетіне дейін бәрі құнды. Нағыз азамат би билеу, ән айту, сөйлеу,
жазу,   білім   жинау,   киіну,   тамақтану   мәдениеті,   қарым-қатынас,   тіл   мәдениеті   тағы   басқа
мәдениеттерден   хабардар   болып,   білмегнін   меңгеруі   және   осылардың   бәрі   ең   алдымен   ұлттық
мәдениетті   игеруден   басталатынын   білуі   қажет.   Қазақстанның   дамуына   үлес   қосатын,   әлемдік
өркениетке көтерілетін білімді де мәдениеті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару-
қоғам, ұстаздар мен ата-аналар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті, сондықтан қазақ
халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты халық дәстүрлері арқылы
тәрбиелеудің маңызы зор.
Мектептегі   тәрбие   жұмысының   нәтижелілігінің   бір   ұшы   ата-аналар   мен,   мектептің   бірлескен
әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Ал мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге
асыруда сынып жетекшісінің атқаратын рөлі зор. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі
оқу-тәрбие   үрдісінің   мәні   мен   маңызын,   ұстанатын   бағыттарын   түсінеді   әрі   оған  қатысады.   Егер
сынып     жетекші     сыныптың   ата-аналармен   қарым-қатынасты   жақсы   орнатса   онда   сынып
оқушылармен жүргізілетін жұмыстарда өз мәнінде болады. 
Бала   тәрбиесіне   келгенде   ата-ананың   да,   мектеп   ұйымының   да,   сынып   жетекшісінің   де   жүгінері
қаншама   заман   өтсе   де   маңызын   жоймаған   халықтық,   ұлттық   педегогика.   Сондықтан   ұлттық
құндылықтарды тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру маңызды іс.
Осыған байланысты «Отбасы» тақырыбына байланысты «Отбасы - алтын ұям» атты  ата-аналардың
қатысуымен өткізілген шара мектеп пен ата-ана байланысын нығайтты. Бұл шара барысында әке-
бала,   ана-бала   байланысы   жақсы   қалыптасты.   Әр   отбасы   өз   жанұяларын   таныстыру,   өнерлерін
көрсету, ситуациялық сұрақтарға жауап берді.   Бұл кештен балалар өз пікірлері мен ойларын еркін
білдіре   алды,   ата-анада   өз   балаларының   бойында   сыйластық,   адамгершілік,   әдептілік   сияқты
қасиеттерді көрді. 
«Ұстазға   қарап   шәкірт   өсер»   деп   халқымыз   ұстазға   үлкен   жүк   артқан.   Сондықтан   қазіргі   таңда
мұғалімдерге   оқушылардың   тәрбие   жұмысын   ұйымдастыруды   қатаң   талаппен   сұрайды.   Оған
негізінен мынадай үш түрлі басты міндет жүктеледі.
- тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;
- сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;
- мектеппен отбасының байланысын жасау;
Ұстаздардың  жұмысы қиын,  жауапты,  өте  күрделі.  Сондықтан  балаларға  сүйіспеншілікпен қарап,
барлық күш-жігерін салмаса, оны талапқа сай орындау қиын. Қазіргі оқушылардың ақыл-ойының
дамуын зерттеу т.б. мәліметтерді әр кезде біліп отыру, тестік әдісті қолдану мектептерде орын ала
бастады.
Әсіресе   баланың   даму   барысын   есепке   алу,   бейімділігін,   қызығушылықтарын,   сабаққа   деген
көзқарасын   т.б.   кейбір   объективтік   көрсеткіштерді   назардан   тыс   қолдануға   болмайды.   Мектептің
жүрегі   мұғалім   болса,   сыныппен   жүргізетін   сынып   жетекшісі.   Ойымды   тұжырымдай   келе
223


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау