ҚР ҚН 3.02-14-2014
3
3.3
Уақытша зертханалар (эпидемиологиялық отрядтар, экспедициялар):
Мерзімді жұмыс істейтін зертханалар, індеттің жайылу жағдайлары туындаған кезде
ұйымдастырылады.
3.4 Виварий: Тәжірибе үшін қолданылатын зертханалық жануарлардың әр алуан
түрлері орналасқан ұйым бөлімшесі.
3.5 Қатерсіздендіру: Қандай-да бір беттен немесе қандай-да бір ортадан
радиоактивті ластануды жою немесе төмендету.
3.6 Санитарлық-эпидемиологиялық
қызмет
объектілері:
Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын, сондай-ақ тиісті аумақта,
көлікте санитарлық-профилактикалық және эпидемиологияға қарсы шараларды жүргізуді
ұйымдастыратын органдар мен ұйымдар ғимараттары.
3.7 Пандус: Жолдың көлденең бетін бір деңгейден екіншісіне, оның ішінде кресло-
арбамен жылжытуға арналған қозғалыс бағыты бойынша тегіс көлбеуден тұратын
құрылыс.
3.8 Патогенді биологиялық агент (бұдан әрі – ПБА): Адам үшін патогенді
микроағзалар (бактериялар, вирустар, риккетсиялар, хламидалар, қарапайым
саңырауқұлақтар, микроплазмалар, эндо және эктопаразиттер), гендік-инженерлік-
түрлендірілген микроағзалар, биологиялық және өсімдік тектес улар (токсиндер),
гельминттер, сондай-ақ құрамында жоғарыда тізімделген агенттер болуы
ықтимал материалдар (қанды, өзге биологиялық сұйықтықтар мен ағза нәжістерін қоса
алғанда).
3.9 Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы: Факторлардың зиянды
ә
сері жоқ және оның өмір тіршілігінің қолайлы жағдайын қамтамасыз ететін халық
денсаулығының жағдайы мен адамның тіршілік ету ортасы.
3.10 Санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) шаралар: Тіршілік ету
ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе кемітуге, жұқпалы аурулар
мен жаппай уланудың туындауы мен таралуын болдырмауға және оларды жоюға
бағытталған ұйымдастырушылық, әкімшілік, инженерлік-техникалық, медициналық-
санитарлық, ветеринарлық және өзге де шаралар.
3.11 Таза аймақ: БА қатысатын әрекеттер жүргізілмейтін зертхана үй-жайы немесе
үй-жайлар тобы.
4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР
4.1 Нормативтік талаптардың мақсаты
Осы құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты пайдаланудың
бүкіл мерзімінің бойында қолданудың барлық кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық
қызмет объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың денсаулығы
мен өмірін және мүлікті қорғау, жұмыс, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау,
энергетикалық тиімділік пен ресурс үнемдеу үшін қолайлы жағдай жасау болып
табылады.
ҚР ҚН 3.02-14-2014
4
4.2 Функционалдық талаптар
4.2.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері қызмет етудің барлық
мерзімінің бойында конструктивтік ұзақ мерзімділігі мен жөндеуге жарамдылығы,
ә
серлерге, оның ішінде сыртқы және климаттық әсерлерге, барлық маусымдағы және
тиісті аймақтардағы факторларға төзімділігін сақтау қамтамасыз етілетіндей жобалануы
жә
не салынуы тиіс.
4.2.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінде өрттің туындауының
алдын алу, оны ерте анықтауды және автоматты сигнализация жүйелері арқылы
хабарлауды, түтіндеу және оттың таралу қаупін шектеуді, сондай-ақ өрт сөндіру
күштерінің мүмкіндігін, адамдарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды
мүмкіндігінше тез әкету және қауіпсіз көшіру жағдайларын қамтамасыз ету қажет.
4.2.3 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілеріне адамдардың келуі үшін
аумақты көріктендіруді, сәулет-жоспарлау шешімдерін, санитарлық-гигиеналық
талаптарды ескере отырып, ғимараттарды пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен
денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін қажетті жайлы жағдай жасалуы тиіс.
4.2.4 Пайдалану кезінде, сондай-ақ адамдарды, оның ішінде қозғалудың физикалық
мүмкіндігі шектеулі адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау кезінде көтергіш және
жә
не қоршау конструкцияларының төзімділігін сақтау мақсатында отқа төзімді құрылыс
материалдары мен бұйымдарды пайдалану қажет.
4.2.5 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау, салу және
пайдалану кезінде қызметкерлер үшін жағдайлар жасау, қызмет көрсетілетін халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық амандығын, адамның тіршілік ету ортасының
денсаулыққа қауіпті әрі зиянды әсерін ескерту, анықтау немесе жою әрекеттерін, індетке
қарсы сауықтыру шараларын, денсаулық сақтау ұйымдарының дайындығын қамтамасыз
ету қажет.
4.2.6 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін пайдалану барысында
адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ функционалдық-ұйымдық
ерекшеліктерді, олардың орналасу аумағын, бағдарын, жоспарламасын, қоршаған ортаның
жағдайын (ауа, су, топырақ) және жайлардағы микроклиматты ескере отырып, келуі үшін
жағдай (жарықтандыру, жай инсоляциясы, дыбыс оқшаулау) жасау қажет.
4.2.7 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің ішкі инженерлік
жүйелері ауаның ылғалдығы мен қозғалу жылдамдығын қоса алғанда, қолайлы
микроклиматты, сондай-ақ қабырғалардың ішкі беттерінің температурасын, қоршау
конструкцияларының жылуға төзімділігін және еден беттерінің жылу сіңіруін қамтамасыз
етуі тиіс.
4.2.8 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің есептік қызмет ету
мерзімін ескере отырып, құрылыс конструкцияларының, материалдар мен бұйымдардың
жұмыс қабілеттілігін сақтау арқылы табиғи ресурстардың тиімді қолданылуын қарастыру
керек.
4.2.9 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінде энергия тұтынуды
үнемдеу мен қысқартуды қамтамасыз ететін жылыту, салқындату, жарықтандыру және
желдету құрылғыларын қолдануды ескеру қажет.