Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет37/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   96

111
Көпнұсқалық  талдауда  сүзгі-ережелер  жиыны  қолданылады. 
Мұндай  әдіс  арқылы  синтаксистік  байланыстың  күші  мен 
арақашықтығы  және  байланыстың  ортақ  немесе  ортақ  еместігі 
(совместность/несовместность 
связей), 
құрылымдардың 
жобалауға болатындығы немесе болмайтындығы (проективность/ 
непроективность структур) ескеріледі. 
Сүзгілерді  қолданудың  ретіне  қарай,  олардың  иерархиялық 
айырым-белгілері есепке алынған. Мысалы, алдымен қарапайым 
сүзгі,  сосын  барып  жалпы,  күрделі,  ал  ең  соңында  жекеленген 
жағдайға  сай  келетін  сүзгі  түрлері  қолданылған.  Көпнұсқалы 
талдау түрлеріне сүйене отырып, болжамдар жиыны ішінен аталған 
сүзгілер  арқылы  нақты  бір  болжамды  құрастыруға  мүмкіндік 
туындайды [19; 40].
Орыс  тілін  синтаксистік  талдау  арқылы  зерттеу  жолында 
машиналық  аударманың  алғашқы  кезеңінде  орын  алған 
конфигурациялық  талдау  идеясы  қолданыс  тапты.  Осының 
нәтижесінде  сөйлем  ішіндегі  сөздердің  әр  алуан  синтаксистік 
қатынас  типтерін  мағыналық  тұрғыда  сипаттайтын  тікелей 
доминация  қатынасы  (отношение  непосредственной  доми-
нации) деп аталатын 31 қатынасы жеке бөлініп алынды. Мұндай 
синтаксистік  талдаудың  негізгі  мақсаты  аударылатын  сөйлемнің 
сөздері  арасындағы  синтаксистік  байланысты  анықтау  болып 
табылады.  Ол  үшін  мұндай  байланыстарға  қажетті  тікелей 
доминация  қатынастарын  тіркеп  жазу  және  оның  мазмұнына 
қатысты  ерекше  сипаттамалар  сәйкестендірілуі  қажет  болады. 
Автоматты талдау жүйесінің мәтінді аудару, реферат алу, ақпаратты 
іздестіру сияқты қолданбалы мәнімен бірге, теориялық жағы да аса 
құнды деуге болады. Себебі, талдау алгоритмі «тілдегі талдаушы 
бөліктің» әрекет ететін және эксперименталды түрде бақыланатын 
моделі болып табылады [37].
Кезінде  Ленинград  университетінің  математикалық  лин-
гвистика зертханасында (НИИММ) ағылшынша-орысша аударма 
жүйесі  тәжірибелік  тексеру  дәрежесіне  дейін  жетті  [41].  Бұл 
жүйеде  талдау  мен  жинақтауды  бір-біріне  тәуелсіз  қарастыру 
мүмкіндігі есепке алынды. 
Ал  өңдеу  мен  түсініктеме  беру  әдістерінің  міндеттері  – 
бірізділікке  келтіру.  Талдау  әдісі  фразалық  және  көптік  сипатта 


112
жүргізілді.  Бағыныңқылық  грамматикасы  моделінің  шеңберінде 
тұжырымдалған  лингвистикалық  мәліметтер,  оларды  өңдеу 
шараларынан (алгоритмдерден) жеке қарастырылды. Ал алгоритм 
жұмысының нәтижелігі синтаксистік талдау әдісін дұрыс жүргізу, 
жобалау,  тарамдалу  (древесность),  байланыстың  міндеттілігі, 
ортақтығы  және  т.б.  шарттарын  қамтамасыз  ету  арқылы  жүзеге 
асты. 
Көп  ұзамай-ақ,  жоғарыда  аталған  зертханада  байланыстың 
тұйықталу  сипатына  айрықша  мән  беру  мен  реттілікті  есепке 
алатын  орыс  тілінің  синтаксистік  жүйесін  құру  және  оны 
тәжірибелік сынақтан өткізу жұмысы жүргізіледі [42]. 
Ю.Д.Апресянның  жетекшілігімен  ИНФ-ЭЛ  атты  лингвис-
тикалық  жағынан  аса  күшті  жабдықталған  французша-орысша 
аударма жасау жүйесі құрылды [40].
Аударма  үстіңгі  (поверхностный)  синтаксистік  құрылым 
деңгейінде жүргізіліп, мына принциптерге негізделді: 
1) аударылуға тиісті тілдердің грамматикаларының сипатталуы 
«мән–мағына–мәтін»  («смысл–текст»)  атты  бірыңғай  модель 
негізінде құрылуы;
2)  талдау  мен  жинақтау  ережелерінің  бір-біріне  ауысу 
мүмкіндігіне және олардағы ақпарат көлемінің жеткілікті болуы; 
3)  грамматика  мен  сөздікке  қатысты  сипаттаулардың 
алгоритмдер  мен  программалардан  бөлектік  сипаты  (аудармаға 
қатысты ережелерден басқа);
4) аударуға қатысты тілдердің сипаттауларының тәуелсіздігі;
5) әртүрлі пәндік салаларға бейімделуінің әмбебаптылығы;
6) лингвистикалық білімді бейнелеу үшін формалды аппаратты 
(модель және тіл) құру. 
Бірінші  кезекті  ИНФ-ЭЛ  жүйесі  «ИРИС-50»  ЭЕМ-да  жүзеге 
асты. 
Мәскеудегі М.Торез атындағы шет тілдер институтында АРМАС 
атты машиналық аударма жүйесі үшін көпаспектілі ағылшынша-
орысша  сөздік  құрастырылды.  Оның  мақалалары  сөздік 
бірлігінің  әр  алуан  лингвистикалық  сипаттамаларын  қамтиды: 
морфологиялық, синтаксистік, семантикалық, лексикалық қызметі 
жайлы мәліметтер, меңгеру моделіне қатысты аударма баламалары 
жайлы және т.б. [43].


113
Бұл сөздік АРАП атты ағылшынша-орысша автоматты аударма 
жүйесінің  лингвистикалық  жабдықталуының  маңызды  бөлігі 
ретінде  түзілді  (жетекшісі  –  З.М.Шаляпина).  АРАП  жүйесі  үшін 
қабылданған  ұстаным  ЯРАП  атты  жапонша-орысша  автоматты 
аударма жүйесі үшін де қолданылды.
Аталған жүйелер үшін талдау жұмысы семантика-синтаксистік 
деңгейде  жүргізілді.  Тілдік  бірліктердің  семантикалық  тіркесін 
зерттеу  мақсатында  арнаулы  тіл  құрастырылып,  барлық  негізгі 
лингвистикалық  ақпараттар  біртиптік  сөздік  мақалалары 
түрінде  көрініс  тапты.  Оларда  сөздік  бірліктері  грамматикалық, 
лексикалық,  тіркесімдік  және  басқа  да  әр  фразаны  аударуға 
жеткілікті белгілер түрінде көрініс тапты. 
Бүкілодақтық аударма орталығы жұмысының екінші кезеңінде 
бірнеше  аударма  жүйелері  құрастырылды.  Олардың  ішінен  тек 
екеуін  ғана  атап  өтейік:  Н.Н.Леонтьева  жетекшілік  еткен  ФРАП 
атты  французша-орысша  автоматты  аударма  жүйесі  [44]  және 
Ю.Н.Марчук жетекшілік еткен АМПАР атты ағылшынша-орысша 
автоматты жүйе [45]. 
ФРАП  жүйесі  аудармашының  әрекетін  модельдеуге  арналған 
аса қызықты талпыныс деуге болады. Аударылатын мәтін тілінің 
аудармашының ана тіліне қатысты еместігі ескерілді, сондықтан 
мәтін  ішінде  аудармашыға  белгісіз  тілдік  элементтердің 
кездесетіндігі  де  есепке  алынған.  Ғылыми  тұрғыдағы  мұндай 
зерттеудің мақсаты – таза грамматикалық тәсілдің «күшін» анықтау. 
Осыған  байланысты  аударма  процесі  қажетті  фразаны  талдау 
деңгейінің белгілі сатысына сәйкес келетін көптеген топтамаларға 
(блоктарға)  бөлінеді.  Ең  алдымен  формалды-грамматикалық 
құралдардың  барлық  мүмкіндіктері  пайдаланылады,  ал  содан 
кейін  ғана  талдаудың  семантикалық  деңгейі  іске  қосылады. 
Семантикалық  деңгейдің  грамматикалық  деңгей  тәріздес,  сан 
жағынан бірнешеу болуы алдын ала ескерілген. ФРАП жүйесіндегі 
аударманың  концепциясы  жүйенің  синтаксистік  компонентінің 
«күшін»  бағалайды.  Бұл  жүйенің  ерекшелігі  –  аса  дамыған 
семантикалық  аппаратпен  әрекет  етуі.  Бірінші  синтаксистік 
топтаманың жұмысы аяқталғаннан кейін ғана келесі семантикалық 
аппаратқа  бетбұрыс  басталады.  Жүйенің  әр  деңгейіндегі  ішкі 
кішігірім  жүйелерді  тәжірибелік  сынақтан  өткізу  де  алдын  ала 
қарастырылған. 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау