178
қырлы деп тану мүмкін, әрбір қыры адамзаттың «ұрпақ жадысының» белгілі бір
бағытына ықпал етеді. Бірақ, көркемдік-эстетикалық
мәдениет оның қыры емес,
ядросы болып табылады, әрі мұнда адам бейнесі және адами көру тәсілі,
бейбітшілікті игеру және қайта құру, және шынайы өмірді түсінудің негізгі
психологиялық механизмдері болып саналатын эстетикалық сана, эстетикалық
қатынас, қажеттілік, қабылдау және елестету көрініс тапқан».
Жүргізуші осы дәйексөз туралы әрқайсысының пікір білдіруін ұсынады.
Студент Л. (оптимист) – Мен автордың айтқан ойына толығымен
қосыламын. Біз жаңа қоғам құрып отырмыз, сол себепті жастардың
эстетикалық мәдениетін қалыптастыру міндеті көкейкесті, өйткені Қазақстан
Республикасы Президентінің өмірдің барлық аясына демократиялық қайта
құруды ендіруді жүзеге асыруымыз тиіс. Рухани өркендеусіз елдің өркендеуі
мүмкін емес. Мен, тұлғаның рухани тұрғыда қалыптасуы барлық қоғамның
шығармашылық
әлеуетінің компоненті деп, білемін.
Студент Б. (оптимист) – Мен «эстетикалық мәдениет – тұлғаның жалпы
мәдениетінің бөлігі, ол адамда ақиқатты «сұлулық заңымен» және үндестігімен
қабылдау мен қайта жасау қабілеттілігі арқылы көрінеді. Тұлғаның эстетикалық
мәдениеті қабылдаудың, бағалауды, сезімдердің, көзқарастардың құралы мен
нәтижесі ғана емес,сондай-ақ әрбірімізде бар белсенді шығармашылық
әлеуеттің факторы болып табылады. Меніңше, эстетикалық мәдениеттің
компоненттерін бөлінісі шартты, өйткені олар өзара тығыз байланысты, бір-
бірінсіз өмір сүруі мүмкін емес – білімдер біздің көзқарасымызды анықтайды,
сенімдер – эстетикалық бағалау мен талғамның бағыттылығы, эстетикалық
сезімдер эмоционалды тұрғыда өмірді және барлық іс-әрекетті толықтырады.
Студент С. (күдікшіл) – Сіз мәдениеттің өркендеу рөлін көрсетіп
отырсыз. Ал бүгінгі шынайы өмірде клубтар, музыкалық мектептер, театрлар
жабылуды. Филармония шығындарын әрең жауып отыр. Классикалық және
халық музыкалары концерттеріне аз ғана адамдар барады. Мәдениет
саласындағы қажеттілікке еліміздің бюджетінен қаржы аз бөлінеді, яғни
«екінші» жұпыны мәдениеттің орнын алып жатқан жағдайы бар.
Студент Ж. (оптимист) – Әрине, мәдениет ауыр кезеңдерді басынан
кешіріп отыр, бірақ бұл уақытшалық қиындықтар. Өйткені басқа елдердің ғана
емес, біздің елдің де музыкалық өнердегі бесаспап шеберлердің концерттерін
кең ауқымда өткізіп жатқандары бар. Мысалы, Ж.Аубакирова, М.Бисенғалиев,
А.Мусаходжаева, М.Мухамед, А.Аюпова концерттерін атауға болады. Біз
халықтың музыкалық өнері байлығын сақтау мен дамытудың және өскелең
ұрпаққа жеткізудің жолдарын қарастыруымыз қажет. Олай дейтінім біз,
болашақ мұғалімдерміз.
Студент С. (күдікшіл) – көптеген біздің құрдастарымыздың материалдық
жағына қызығып, руханилықты ұмытады, кез келген жолмен ақша табуды
көздейді. Мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындарына түсу
мерей емес, ал педагогикалық жоғары оқу орындары бітірушілерінің мектепте
жұмыс істеуге құлқы жоқтығы рас.
179
Жүргізуші - Бұрынғы және қазіргі мәдениетті көруге, сүюге және
сақтауға бізді кім үйретеді?
Студент К. – Менің ойымша
бұрынғы және қазіргінің байланысы біздің
адамды және табиғатты эстетикалық көру арқылы жүзеге асады. Мен өз
ойымды академик Д.С.Лихачевтің мынадай дәйексөзімен дәлелдегім келеді:
«Адам табиғи ортада ғана емес, сондай-ақ оның бабаларының және өзінің
жасаған мәдени ортасында да өмір сүреді. Мәдени ортаны сақтау – қоршаған
табиғатты сақтау міндетінен төмен емес. Егер табиғат – биологиялық өмір сүру
үшін қажет болса, мәдени орта – оның рухани-адамгершілік өмірі үшін қажетті.
Педагог – Студент К. академик Д.С.Лихачевтің өте танымал, үлгі
ететіндей дәйексөзін келтіріп отыр. Бұл зерттеушілердің пікірі бойынша
қазіргі
уақытта тұлғалардың эстетикалық мәдениетінің табиғат әлемі мен мәдениет
әлемін біріктіретін жаңа аяға енеді. Сіздер, «мәдениет экологиясы» ұғымын көп
есітіп жүрсіздер. «Экология» (гректің «экос» үй, «логос» - оқу) жақын уақыттан
бері табиғатқа және олармен байланыстағы адамдар іс-әрекетіне жатады,
бүгінгі таңжда мәдениет қатынасына және бұрынғымен байланысты адамзат
жадысына ауысады.
Жүргізуші – Ал сіздер туған халқыңыздың бұрынғы өмірімен байланысты
қалай жүзеге асыра аласыз?
Студент У. – Әрине олар өздері өмірін арнаған өнер құралы арқылы.
Музыка құралдары, әсіресе бәрінен бұрын төл музыкасы арқылы. Өйткені
халықтың музыкалық өнері туындыларында қазақтардың ғасырлар бойғы
сұлулық туралы түйсік-арманы, музыкалық шығармашылықта халықтың
дүниетанымы көрініс тапқан. Бізге, болашақ мұғалімдер тұрғысынан,
балаларды халық музыкалық өнеріне баулуымыз қажет, сол үшін алдымен
өзіміз осы сезімге бөленіп көруіміз тиіс.
Студент Д. (күдікшіл) – Біз өнердің әдемі идеалдары туралы сөз етіп
отырмыз, ал өмірде дөрекіліктер, жауыздық ойлар, агрессиялық сезімдер жиі
орын алып жатады.
Студент Т. (оптимист) – Адамзатты эстетикалық мәдениетке баули
отырып, олардың эстетикалық
сезімдерін ғана емес, сондай-ақ
олардан гуманды
тұлғаны тәрбиелеп шығару мүмкін.
Студент Е. (оптимист) – Әрине, сезім тәрбиелілігі басқа адамдарға
қатынас мәдениеті, әлісіздерге және зәрулерге көмек беру, қамқор болу –
эстетикалық (воспримчивость, отзывчивость) қадыптасуының жемісі.
Жүргізуші – Пікір-таластарды қорытындылау уақыты келді. Менің
ойымша талқылауға шығарған проблема бойынша айтылған пікірлер көп
қызығушылық тудырады. Бәріңізді біздің ток-шоуға белсенді қатысқандарыңыз
үшін алғысымды білдіремін.