13 маусым сенбі 2015 жыл №45 (7863)



жүктеу 355,56 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата24.05.2018
өлшемі355,56 Kb.
#16796
1   2   3   4

2

13 маусым, 2015 ЖЫЛ

Бүгінгі  таңда  ешкімді  қазақ  тілін  білудің  мәні  зор 

екендігіне үгіттеп, мәжбүрлеудің қажеті шамалы.

Мемлекеттік ұлт саясатының ажырамас бір бөлшегі 

ретіндегі тіл саясатының басым бағыты - мемлекеттік 

тілді өркендету.

Мемлекеттік  тіл  саясатын  жүзеге  асыру  сөйлеген 

сөзімізден емес, істеген нақты істерімізден көрінеді.

Көліктегі  ішкі  істер  департаменті  Мемлекеттік 

тіл  және      ақпарат  басқармасының  негізгі  мақсаты  

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын, 

яғни  Конституция,  «Қазақстан  Республикасындағы 

тіл  туралы»    Қазақстан  Республикасының  Заңын, 

Министрліктің 

бұйрығын 

және 


Көліктегі 

ІІД 


бастығының  талаптарын  орындау  және  жүзеге  асы-

ру  барысында  бүгінге  дейін  атқарылып  келген 

жұмыстарды үйлестіріп, оларды әлі де жетілдіре түсу.

«Қазақстан  Республикасындағы  тіл  туралы» 

Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орын-

дау  мақсатында  Көліктегі      ішкі  істер  департаменті  

мен  оның  құрылымдық  бөлімшелерінде  мемлекеттік 

тілді  дамыту  мәселелері  бойынша  жұмыс  жүйелі 

жүргізілуде.

Е.ЖАҚСЫБЕКОВ,

 АІІБ бастығы кадр жөніндегі 

орынбасары, полиция майоры.

ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МЕРЕЙІ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  туы  – 

ортасында  шұғылалы  күн,  оның  астында  қалықтап 

ұшқан  қыран  бейнеленген  тік  бұрышты  көгілдір 

түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік 

жолақ  түрінде  нақышталған.  Күн,  оның  шұғыласы, 

қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының ав-

торы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері 

Шәкен Ниязбеков.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ

Қазақстан 

Республикасының 

Мемлекеттік 

елтаңбасы  –  дөңгелек  нысанды  және  көгілдір 

түс  аясындағы  шаңырақ  түрінде  бейнелен-

ген,  шаңырақты  айнала  күн  сәулесіндей  тарап 

уықтар  шаншылған.  Шаңырақтың  оң  жағы  мен  сол 

жағында  аңыздардағы  қанатты  пырақтар  бейнесі 

орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты 

көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» де-

ген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, 

аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-

ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан 

Республикасы 

Мемлекеттік 

Елтаңбасының  авторлары  –  белгілі  сәулетшілер 

Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ

Бұрын  «Менің  Қазақстаным»  әні  ретінде  та-

нымал  болған  Қазақстанның  Әнұраны  Президент 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бастамасы  бойынша  2006 

жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. 

Бірінші  рет  ол  2006  жылы  11  қаңтарда  Мемлекет 

басшысының  салтанатты  ұлықтау  рәсімінде  орын-

далды.


Музыкасы  –  композитор  Шәмші  Қалдаяқовтікі, 

сөзі  –  Жұмекен  Нәжімеденов  пен  Нұрсұлтан 

Назарбаевтікі.

Мемлекеттік  рәміздер  жалпыұлттық  және 

біріктіруші 

саналады. 

Біздің 

жас, 


тәуелсіз 

мемлекетіміздің  рәміздерін  жасау  тарихына  бүкіл 

Қазақстанның халқы атсалысты. Мемлекеттік туға көк 

түс таңдалуы  адалдықтың және сенімділіктің белгісі. 

Бірлікпен бірге көк түс барлық елдердің тыныштығы 

мен  ырысын  білдіретін  бұлтсыз  аспанды  еске  са-

лады.  Аспандай  ашық  көк  түс  қазақтардың  ұлттық 

түсі  болып  табылады.  Өйткені  көшпенді  қазақтар 

үшін  табиғат  тіршіліктің  ажырамас  бөлігі  болатын. 

Қазақстан  жер  шары  халқына  шығыс  мәдениетінің 

озық үлгісін танытып жүр. Қазақстан байрағы қазір 

әлемнің  басқа  да  тәуелсіз  мемлекеттерімен  бірге 

БҰҰ-ның  Нью-Иорктегі  штабы  пәтерінде  желбіреп 

тұр.


Жансая АХМЕТОВА,

“Жаңақорған аудандық мұрағаты” КММ-

нің сектор меңгерушісі.

ӘР АЗАМАТ БІЛУІ ТИІС ҚҰНДЫЛЫҚ

Қызылорда облысының нарығын зерттеп, зерделеп қарағанда аталған 

өнім түрлеріне сұраныс жоғары. Алайда өнім сырттан келуде. Егер жоба 

жүзеге  асса  импортқа  тәуелділікті  азайтар  едік»,  –  деді  перспективалы 

кәсіпкер Д.Бұрлыбаев.

Терең  ойға  шомылып,  біраз  үнсіз  отырған  Дінмұхаммед:  «Бізде  тері 

де, жүнде далада сасып жатыр. Оны өртеуге де болмайды. Табиғи өнімді 

кәдеге асырудың жолы бар. Жоба бойынша цехтағы тері өңдеу бөлімінде 

бірінші  тері  жуылады.  Сосын  химиялық  қосындылар  қосылып,  30  минут 

бұқтырылады. Үшінші сатыда, станокке жіберілген терінің жүні толықтай 

алынады.  Төртінші  сатыда,  тері  кептіріледі.  Терінің  мұндай  өнімі  Тараз 

қаласында  өндірілуде.  Ондағылармен  хабарласқанымда,  сұраныс  көп. 

Әсіресе, Қытай, Иран, Түркиядан тапсырыс көп келеді. Кейде тапсырысты 

игере алмай жататын көрінеді. 

Тағы  бір  ойландыратын  мәселе,  біздің  төрт  түлік  тұз  жалап  жүреді. 

Себебі калций жетіспейді. Калцийге мұқтаждықты болдырмау үшін арнайы 

жем  дайындауға  болады.  Оны  кәдімгі  малдың  сүйегінен  алатын  әдіс  бар 

екен.  Қазір  осыны  іздестіріп  жатырмын»,  –  деп  үлкен  мәселенің  шешілу 

түйінін айтты.

Бір әулеттің ғана емес, тұтас ауылдың, қала берді ауданның әлеуметтік-

экономикалық  қуаты  артуына  еңбек  етпек  кәсіпкер  жүнді  де  жіпке  ай-

налдырып,  көршілес  Шымкентке  өткізуге  болатынын  айтты.  Жобаның 

қаржыландыру көзін тапса, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, ауылдың 

жағдайы жақсара түсетіндей. 

–  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  шағын  және  орта  бизнесті  дамыту 

керектігін жиі айтуда. Оның мәнін түсінгендеймін. Өйткені шағын бизнес 

инфляцияға  тәуелді  болмайды.  Жаһандық  нарықтың  құбылуына  қарай 

үлкен  зауыттар  жұмысшысын  қысқартып  немесе  қосымша  алып  жатады. 

Ал, шағын және орта бизнес нық болса, мемлекет ешқашан шайқалмайды. 

Мәселен,  Түркияны,  Қытайды  мысалға  алсақ  болады,  –  деді  бүгіні  мен 

ертеңін зерделеп отырған жас кәсіпкер.

Түйін.  Дінмұхаммед Құлжабайұлының жасап жатқан ісі жастарға үлгі 

болуға әбден лайық. Ал, оның ойындағы жобаны іске асыруға ниет таны-

тып, қолтығынан демеуге жергілікті биліктің құлағына алтын сырға. Себебі, 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жастарды қолдау және шағын және орта 

бизнесті дамытуды міндеттегенін олардың назарына саламыз...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

Халықаралық  еңбек  ұйымының 

бағалауы 

бойынша, 

5-17 

жас 


аралығындағы  218  миллионға  жуық 

бала өз жасына сай келмейтін жұмыс 

жасауда.  Жүргізілген  зерттеулер  ба-

рысында  бала  еңбегінің  қаналуы 

Қазақстанда  да  өзінің  өзектілігін 

көрсетті.  Бұл  күндері  еліміз  бойын-

ша «Қазақстан балалары–Нұрлы жол-

мен» акциясы аясында  оныншы мәрте  

«Бала  еңбегін  қанауға  қарсы  12» 

Ұлттық  ақпараттық  науқаны  жүзеге 

асуда. 

Өздеріңізге  белгілі,  бала  еңбегін 



пайдалану  жаз  маусымында  қыза 

түседі. 


Қаланы 

қайдам, 


ауыл-

аймақта  егіс  алқабы,  шөп  орым, 

асарлатып  үй  соғу,  кесек  құю  сын-

ды  шаруаға  өрімдей  өрендер  арала-

сады.  Кең  тараған  түріне  тоқталсақ 

көпшілігі  теңге  табу  мақсатында  ке-

сек  құяды.    Лайды  қалыптауға 

жеткіншектер  таптырмас  күш.  Әрине, 

денсаулыққа  кері  әсері  бірден  біліне 

қоймас.  Дейтұрғанмен  уақыт  өте 

баланың  белі  ауырып,  омыртқасына 

зияны  тиеді.  Екіншіден  хакім  Абай 

айтпақшы:  «Есектің  артын  жусаң  да 

ақша тап» нақылын ұрандатып, көлік 

жуу  орнында    темір  тұлпар  тазарта-

ды.  Осы  тұрғыда  балалардың  ауыр 

тірлікке  тартылмауын  қадағалайтын 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  «Бала-

лар  құқықтарын  қорғау  туралы  Кон-

венциясы»  бар.  Аталған  құжатқа 

Қазақстанда  қол  қойған.  Демек, 

Конвенцияның  шарттарын  орындау  

шарт. Қанша жасқа дейінгі өрендерге 

жұмыс  жасап  ақша  табуына  болады 

деген  сауалға  келсек.    Қазақстан  Ре-

спубликасы  Еңбек  кодексінің  30-ба-

бында тек 16 жасқа толған балаларды 

еңбек  шарты  жасау  арқылы  жұмысқа 

тартуға келісім берілген. Онда да ата-

анасының не қорғаншысының рұқсаты 

негізінде. Бұл бағытта аудан бойынша 

қандай тындырымды тірлік атқарылып 

жатқанын  білмек  мақсатта,  тараптар 

пікірін тыңдап көрген едік.             



Мира 

Жандарбекова, 

ау-

дандық  білім  бөлімінің  тәрбие 

істері жөніндегі бас инспекторы: 

Бүгінгі  таңда  республикалық  кең 

ауқымды  акция  аясында    X-мәрте 

«Бала  еңбегін  қанауға  қарсы  12  күн» 

Ұлттық  ақпараттық  науқаны  өтуде. 

Осы  орайда,  аудандық  ішкі  істер 

бөлімі  қызметкерлерімен  бірлесе  от-

ырып,  қоғамдық  рейдке  шығудамыз. 

Көлік жуу орны, құрылыс нысаны мен 

мейрамханаларды  араладық.  Әзірге 

ешқандай  заңсыздықтар  тіркелмеді. 

Мойындау  керек,-  бұған  дейінгі  жыл-

дары  бала  еңбегін  қанау  деректері 

кездесті.  Яғни,  көлік  жуып,  теңге 

тауып  жүрген  мектеп  жасындағы 

жеткіншекті,  меншік  иесі  «өзімнің 

балам, 

жәрдемдесіп 



жүр» 

деп 


ақталғанына өзім куәмін. 

Сондай-ақ  барлық  білім  ошақтары 

жанында  күндізгі  тынығу  лагерьлері 

жұмыс  жасауда.  Сауықтыру  шарала-

рын тиімді пайдалана отырып, 12 күндік 

акция  аясында  тәрбиеленушілер  ара-

сында тақырыптық көрме, сурет және 

шығармалар  байқауын  өткізудеміз. 

Сәтін  салса,  аудан  орталығында 

үлкен  ауқымда  «Бала  еңбегін  қанау 

тоқтатылсын!»  атты  ұранмен  жас 

жеткіншектер  флешмобын  өткізу  жо-

спарда  бар.  Егер  тұрғындар  тарапы-

нан бала еңбегін қанау дерегін көрген, 

білген болса, барлық білім ордасында 

«Сенім  телефоны»  жұмыс  жасауда. 

Қорыта  айтқанда,  бала  болашағының 

баянды  болуы  жолында  бар  тәлім-

тәрбиемізді аямағанымыз абзал.

Ербол 

Бакиров, 

«Салауат-

ты  өмір  салтын  қалыптастыру 

орталығы» 

аудандық 

бөлімшесінің жауапты маманы: 

Елімізде 

мектеп 

жасындағы 



балғындарды  жұмысқа  тарту  заңмен 

қудаланады.  Мұндай  жағдай  жаз  де-

малысында үдей түсетіні айқын.  Әрбір 

жас өскіннің дене бітімінің толыққанды 

жетілу  процесіне  ауыр  жұмыстың  за-

рары  мол.  Ата-аналар  қауымы  бала 

денсаулығына  аса  ыждағаттылық 

танытқаны дұрыс. Күнделікті салауат-

ты өмір салтын серік етуіне баса назар 

аударса  игі.  Негізі  баланың  еңбекке 

ерте  араласқаны  дұрыс.  Бірақ,  жас 

ерекшелігі 

ескерілсе. 

Мәселен, 

кейбір  ағайындар  мектеп  жасындағы 

туысының  баласын  там  соғуға  асарға 

шақырады.  Жеңіл  жұмысы  лай,  ке-

сек  тасу.  Бірден  айта  кетейік,  бұл 

дегеніміз  жас  буын  жұмыс  жаса-

май  әлеуметтік  желінің  әлегіне  ал-

данып  жата  берсін  деген  сөз  емес. 

Еңбекке баулысын. Бірақ, бір сәт бала 

болашағының  жарқын  болуын  естен 

шығармаса екен.          

Айта  кету  керек,  аудан  бойынша 

бала еңбегін пайдалану дерегі жөнінде 

аудандық прокуратураға қызметтік хат 

жолдаған  болатынбыз.  Жауабы  көңіл 

қуантарлық.  Яғни,  ағымдағы  жыл  ба-

сынан бүгінге дейін мұндай заңсыздық 

тіркелмеген.

Десе  де,  атам  қазақ  жас  ұрпақты 

қашанда 

еңбексүйгішттіке 

бау-

лып  өсірген.  Жастайынан  еңбекке 



араластырған.  Ал,  бүгінгінің  тала-

бы–кәмелеттік  жасқа  толмаған  бал-

са  білім  ошағына  барып,  толыққанды 

білім  алуы  борыш.  Келешегіміздің 

кемел  болуы  үшін  сауатты  ұрпақ 

қалыптастыру. «Ұрпағын ойлаған–ұлт 

озады» деген даналыққа арқа сүйеген 

еліміз  болашақта  биік  белестерді 

бағындыратын, бәсекеге қабілетті ба-

лаларды  даярлауға  барын  салуда. 

Білім  көкжиегін  аңсағандарға  сан  та-

рау  жолдар  ашылуда.  Тек  білімді  та-

лап ете біліп, оны бойына сіңіре білсе 

болғаны. 

Түйіндей 

айтқанда, 

балалар 

құқығын  қорғай  отырып,  олардың 

алаңдамай  дәріс  алуына  және  сауат-

ты  ұрпақ  ретінде  мемлекетімізге  пай-

дасын  тигізіуіне  әрбір  ата-ана  атүсті 

қарамаса игі.

                                               

  Самат КЕРУЕНБЕКТЕГІ. 

ЖЕТКІНШЕК ЕҢБЕГІН ҚАНАУ–

ҰРПАҚҚА САЛҒЫРТ ҚАРАУ 

БОЛАР БАЛАНЫҢ 

БАҒЫН БАЙЛАМА, 

БЕЛІН БУ

ЖЫЛ САЙЫН ЕЛІМІЗДЕ 

12 МАУСЫМДА 

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЛАЛАР 

ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУҒА 

ҚАРСЫ КҮНІ КЕҢ 

КӨЛЕМДІ АТАЛЫП 

ӨТІЛЕДІ.


Атағы  шартарапқа  тараған  осы  жерден  1955-жылы  алғаш 

рет ракета ұшырылды. Айлақтың орналасқан аумағы жер кіндігі 

саналады.  Космодромнан  алыс,  жақын  шетелдік  және  отандық 

ғарышкерлер  көкке  самғады,  ғалымдар  аспан  әлемінің  жұмбақ 

сырларына  үңіліп,  терең  зерттеулер  жүргізді.  Ұшқыштардың 

атақ-абыройлары  асқақтап,  есімдері  ертегі  кейіпкерлеріндей 

жер-жаһанды  шарлады.  Солардың  қатарында  қазақтың  даңқты 

перзенттері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев та бар.

Космодромның  60  жылдығы  жуырда  Байқоңыр  қаласында 

мерекеленді. Айтулы датаның салтанатты түрде аталып өтуіне ҚР 

Премьер-Министрінің  бірінші  орынбасары  Бақытжан  Сағынтаев, 

Ресей  Үкіметі  төрағасының  орынбасары  Дмитрий  Рогозин, 

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

Адамзаттың  ғаламат  туындыларының  бірі-Байқоңыр  кос-

модромы.  Жер  бетіндегі  алғаш  салынған  ғарыш  қазірде 

мерейтойлық  сән-салтанат  кейіпіне  енген.  Алыс-жақыннан  ар-

найы ат арытып келген меймандар мәдениет үйінде бас қосты. 

Ғарыш саласының ардагерлері космодромның қалыптасу кезеңі 

туралы  баяндады.  Сала  жұмысын  жандандыруға  үлес  қосқан 

20  адамға  «Байқоңырға-60  жыл»  мерейтойлық  төсбелгілері  та-

быс етілсе, бірқатар азаматтар екі елдің тиісті министрліктерінің 

«Құрмет»  және  «Алғыс  хаттарымен»  марапатталды.  Салтанат-

ты  шара  барысында  қонақтар  назарына  Байқоңырдың  тарихы-

нан сыр шертетін көрме ұсынылды. Келушілер алып кешеннің әр 

кезеңдердегі даму сатысына шолу жасады.

Қала  тұрғындары  мен  қонақтары  ғарыш  техникасын 

құрастырушылар  ескерткішіне  гүл  шоқтарын  қойып,  айырықша 

еңбегі сіңген 4 адамға «Байқоңыр қаласының құрметті азаматы» 

атағы берілді. Шара әскери ансамбльдің концертімен жалғасады. 

Сондай-ақ  Байқоңыр  сахнасында  КСРО  және  Қазақстанның 

халық  әртісі  Роза  Рымбаева  ән  шырқады.  Одан  кейін  жас 

өнертапқыштардың қолдан жасап шығарған зымыран модельдері 

ұшырылды.

Жалпы Байқоңырдан осы 60 жыл ішінде 200-ден астам адам 

ғарышқа  ұшты.  Зымырандардың  40  түрі  ұшырылды.  Қазірде 

қазақ елі Ресей Федерациясымен тізе қосып, ғарышты игеру жо-

лында  ауқымды  жобалар  жүзеге  асырылуда.  Қазақстандықтар 

«Байқоңырымен» мақтанса, ұшқыштары мен ғажайып зымыран-

дарын осы аймақтан ұшырған мемлекеттер керемет космодромы 

бар Қазақ елін құрмет тұтады. Бұл орынды да.

Өкінішке орай айтулы космодромның зардаптары да аз болып 

тұрған жоқ.  Ол қашан оң шешімін табары да белгісіз... 

  

Құдайберген ЕРТАСОВ.

ҒАЖАЙЫП КОСМОДРОМ 

– ЕЛІМІЗДІҢ ЕНШІСІНДЕ

«БАЙҚОҢЫР»  ҒАРЫШ  АЙЛАҒЫ  СОНАУ  КЕҢЕС  ДӘУІРІНЕН  БА-

СТАП ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАҚТАНЫШЫНА АЙНАЛДЫ.

Аудан прокуроры, әділет кеңесшісі М.Досмағанбетов 

ағымдағы  жылы  қолданысқа  енгізілген  Қазақстан 

Республикасының  Қылмыстық-процестік  кодексіне  шет 

мемлекеттің тәжірибесінен алынған – қылмыстық істерді 

процестік  келісіммен  аяқтау  туралы  норма  енгізіліп, 

оның талабы жүзеге асырылуда екенін атап өтті.

Өткен  5  ай  ішінде  17  қылмыс  жасаған  адаммен 

кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы  процестік 

келісім жасалып, оларға қатысты қылмыстық істер сотқа 

қарауға жолданғанын хабарлады. 

Сондай-ақ  аталмыш  қылмыстар  ішінен  «М»  де-

ген  азаматша,  пайдакүнемдік  мақсатта  жеңгетайлық 

жасағандығы  жөнінде  баяндап  берді.  Оған  5  жылға 

дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы бар 

Қ.Р-ның Қылмыстық Кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен 

әрекеті дәрежеленіп, прокурормен кінәні мойындау ту-

ралы  процестік  келісім  жасалып,  қылмыстық  іс  сот-

та  қаралу  нәтижесімен  аталған  кодексінің  шартты 

түрде соттау туралы 63-бабына сәйкес, 2 жыл мерзімге 

пробациялық бақылау тағайындалғаны белгілі болды. 

М.Досмағанбетов  баяндағандай  күдікті  адаммен 

кінәні  мойындау  туралы  процестік  келісім  егер,  ол  өз 

кінәсін  толығымен  мойындап,  келтірілген  күдікке, 

әрекетінің  саралануына,  дәлелдемелерге  және  өзі 

келтірген  зиянның  сипаты  мен  мөлшеріне  дауламаса 

ғана жасалады.

Әсіресе, процестік келісім жасау барысында күдікті 

адам  сот  органының  шақыртуы  бойынша  келуі,  сот  іс 

жүргізу  барысында  жасаған  қылмысын  толық  мойын-

дауы, келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша 

барлық дәлелдемеге және өзі келтірген зиянның сипа-

ты мен мөлшеріне дауласпауы міндетті болып табыла-

ды.


Процестік  келісім  жасалғаннан  кейін,  күдіктіге 

тағайындалатын  жаза  мөлшері,  Қ.Р-ның  Қылмыстық 

Кодексінің  55-бабының  3-бөлігінің  талабына  сәйкес, 

жасаған  қылмысы  үшін  жазаның  мерзімі  мен  мөлшері 

көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары 

мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан асырылмай-

тын болады.

                                                                                                       



Әбдісамат ӘБДІШ.

ЖАҢА КОДЕКСТІҢ ТАЛАП-

ТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

АПТА АҒЫМЫНДА АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРА-

ДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТКІЗІЛДІ. «КІНӘНІ 

МОЙЫНДАУ ТУРАЛЫ МӘМІЛЕ НЫСАНЫНДАҒЫ  

ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ  ЖАСАУ» ТУРАЛЫ ТАҚЫРЫПТЫ 

АРҚАУ ЕТКЕН БАСҚОСУДА БІРҚАТАР ЗАҢНАМА НОР-

МАЛАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ.  

Қазақ хандығының қазығы қадалған күннен бастап оның 

құқығы  мен  ережесінің  заңдық  негізі  дүниеге  келді  «Жеті 

жарғы»-дала  демократиясының  озық  үлгісі,  мемлекеттік 

құқық пен сот билігінің алтын ақрауы қызметін атқарды.

Биылғы жылы ел мерейін өсірген ерекше жыл, тарихи 

құндылығымен ұрпақ жадында сақталғалы отыр. Осы орай-

да  Ата  заңымыздың  негізін  қалаған  даналарымыз  туралы 

терең тануға ұмтылу парыз.

Конституциялық  құдыреті  бар  Қасым  ханның  қасқа 

жолы,  Есім  ханның  ескі  жолы,  Әз  Тәуке  ханның  «Жеті 

жарғысы»  нешеме  ғасырлар  салтанат  құрды.  Замана 

көшіне  қарай  мән-мазмұны,  тетіктері  жетілдіріліп  отыр-

ды  десек  те,  түпкі  мәні  бір  мақсатты-елдікті,  тұтастықты, 

бірлікті  көздеді.  Әділдіктің  ақ  туын  жоғары  ұстады.  Аузы 

дуалы  ақсақалдарымыз,  бәтуалы  бір  ақ  ауыз  сөзімен  ел 

дауын  шешкен  би-шешендеріміз  «Тура  биде  туған  жоқ» 

принципінен  танбады.  Сондықтан  да  олардың  халықтың 

алдында беделі зор, абыройы асқақ болды.

Кешегі би мен бүгінгі бидің білім, білік жағынан бөлек 

тұстарын  табуға  болар,  мүдде  тұрғысынан  келгенде  тілек 

мақсаты  ортақ,  ол-ел  бірлігі  мен  татулығы.  Билер  инсти-

туты қазақ жерінің берекесі, отансүйгіштік, ерлік және ар-

ождан сияқты маңызды қасиеттерді жоғалтпауға және ада-

ми құндылықтарды сақтауға үйретіп отырды.

Қазақ  елінің  мемлекеттік  жүйесінің,  Ата  заңының, 

құқықтық  мәдениетінің  қалыптасуына  сара  жол  салған 

осынау  қастерлі  аманатты  демократиялық  тұрғыда  одан 

әрі  жетілдіре  түсу  халық  төрелігі  саналар  сот  қызметінің 

қасиетті міндеті болып қала береді.

  

Бақытжан ҚАЛДЫБАЕВ, 

аудандық соттың жетекші маманы.

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

БИЛЕР ИНСТИТУТЫ

ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ

ҚР  Президентінің  2014  жылы  қараша  айында  жария  еткен  «Нұрлы  жол-Болашаққа  ба-

стар жол» атты Жолдауы отандастарымыздың ыстық ықыласты қабылдауы мен қуаттауына ие 

болғаны белгілі. Өйткені онда таяу күндерде және келешегімізді кемелдендіруде атқарылуға 

тиісті ұланғайыр жұмыстар нақтыланған. Алдымызда тұрған қадау-қадау міндеттер белгіленіп 

берілген.

Мысалы,  Елбасы  «Біз  Жалпы  ұлттық  идеямыз-Мәңгілік  елді  басты  бағдар  етіп, 

тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, 

келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел-

елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі» деп атап көрсетті.

Шын  мәнінде  қазақстандықтардың  еншісінде  ерен  еңбек  күтіп  тұр.  Сол  биік  асулардан 

алқынбай өту үшін, еліміздің экономикалық қуатын арттыру үшін азаматтық белсенділік та-

нытуымыз  қажет.  Осы  мақсат  үдесінен  шығуда  ұйысқан  ұйымшылдығымыз  бен  ынтымақ 

бірлігіміздің нығая түскені абзал.

Халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсара түсіп, тұрмысы жоғары деңгейде болуы ел эко-

номикасына  тікелей  қатысты.  Сондықтан  осы  тұрғыда  серпінді  дамуға  қол  жеткізудің  мәні 

ерекше. Президенттің экономиканы үздіксіз ілгерілетуде сыртқы тәуекелдерді есепке ала оты-

рып, іскерлік белсенділік пен жаңа бастамалар қажеттігін айрықша айтуы тегіннен тегін емес. 

Сол сияқты банк секторын сауықтыруға да арнайы тоқталды.

Сайып келгенде «Нұрлы Жол» атты бүгініміз бен ертеңіміз үшін аса маңызды Жолдауды 

жүзеге асыруға әрқайсымыз өз саламыз бойынша үлес қосуға тиістіміз. Ол баршамызға үлкен 

жауапкершілік жүктейді және жасампаз болашағымыздың кепілі.

  Дәулет ЖАМАНТАЕВ, 

аудандық Қазынашылық банк басқармасы басшысының орынбасары.

 ЖОЛДАУ БАҒЫТЫМЕН

«НҰРЛЫ ЖОЛ» – ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Қызылорда  облысы  бойынша  ҚАЖ  департаментінің 

Жаңақорған  аудандық  пробация  қызметінің  2015  жылдың 

2-ші тоқсанында атқарылатын жоспардың 7-ші тармағына 

сәйкес,  пробация  қызметінің  есебінде  тұрған  қоғамнан 

оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар 

тарапынан  жасалатын  құқық  бұзушылықтың  және 

қылмыстың  қайталануының  алдын  алу,  сондай-ақ  іздеу 

жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау 

мақсатында  2015  жылдың  ішкі  істер  бөлімінің  әкімшілік 

полиция  бөлімшесімен  Жаңақорған  аудандық  пробация 

қызметі  бірлескен  «Тәртіп»  атты  алдын  алу  іс-шарасын 

өткізу жоспарлануда.

Бұл іс-шараның мақсаты пробация қызметінің есебінде 

тұрған  қоғамнан  оқшаулауға  байланысты  емес  жаза 

түрлеріне  сотталғандардың  жаза  өтеп  жүріп,  инспек-

ция  есебінен  жалтарудың,  құқық  бұзушылық  пен  қайта 

қылмыс  жасауының  алдын  алу  және  сотталғандармен 

тәрбиелік  жұмыстар  жүргізу,  оларға  өз  құқықтарымен 

жауапкершіліктерін  түсіндіру  мақсатында  жүргізіліп  отыр. 

Бүгінде бұл іс-шараның жүргізілуіне Жаңақорған аудандық 

ішкі істер бөлімінен 22 учаскелік полиция және күнделікті 

полиция кешенді күштері тартылып отыр.

  А.МОМБЕКОВ, 



Жаңақорған аудандық ПҚ-нің аға инспекторы 

әділет аға лейтенанты.

 «ТӘРТІП» АТТЫ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

(Жалғасы. Басы 1-бетте)



жүктеу 355,56 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау