162
бірлесе талдау, қолданысқа енгізу болса, күтілетін нәтижеге: бірлескен зерттеу топтары
қалыптасады, мұғалімдердің құзыреттілігі артады, бірлескен іс-шаралар жүзеге асады, басқа
мектептермен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды, мұғалімдер жаңа идеялармен
алмасады, кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады деп көрсеттік.
Биылғы оқу жылы барысында желілік байланыстың түрлі формаларының ішінен
серіктес меуктептер жобасын таңдап алып, аудан мектептерін географиялық орналасуына
қарай 4 топқа бөлдік. Әр топта 4-5-тен мектеп мұғалімдері топтастырылған. Желі арқылы
байланыстың басты қағидаты- «зерттеу негізіндегі тәжірибе», яғни деректер мен
дәлелдемелерге негізделген оқу екенін ескерсек, мұғалімдер «бірлескен зерттеу» арқылы
білім алуға тиіс, бұл оларға қазіргі заманғы теориялар мен зерттеулер туралы біліп, ақпарат
жинауға көмектеседі, сөйтіп жинақталған ақпаратқа талдау жүргізу арқылы болашақта
тәжірибенің қай бағытын дамыту қажет екендігін анықтауға мүмкіндік аламыз. Серіктес
мектептер жобасы аясында «Мектепті дамыту жоспары – білім беру жүйесіндегі тиімді іс-
әрекет», «Кәсіби біліктілік – көшбасшылықты дамытудың негізі» тақырыптарымен мектеп
басшыларының аудандық семинары ұйымдастырылып, Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп
әзірлеген мектептің даму жоспары үлгі ретінде ұсынылды.
«Өрлеу» АҚ Атырау облыстық филиалы мен аудандық білім бөлімі әдістемелік
кабинетінің бірігіп ұйымдастыруымен «Желілік педагогикалық қоғамдастық қызметін тиіді
ұйымдастырудың жаңа бағыттары» тақырыбымен деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің
форумы және «Жас мамандардың әлеуметтік бейімделуіндегі шығармашылық ізденістер»
тақырыбыдағы
шеберлік
мектебі
облыстық
деңгейде
ұйымдастырылып,
жаңа
бағыттағыжұмыстарымыз облыстық педагогтарына насихатталды.
Білім беру желілері арқылы мектептер арасында ынтымақтастық орнату ұлттық және
халықаралық деңгейде қолдау тауып отырғаны белгілі. Табысты желіні дамыту жігерлі әрі
табанды жұмысты талап етеді. Осылайша, желілік қоғамдастық бүгінгі таңда қазақтандық
білім беру жүйесінде орнығуда. Дамыту жұмыстары жүргізіліп жатырғанымен әлі де
проблемалар бар. Бұл, ең алдымен, енжарлық, ақпарат алуға дайын, бірақ өз тәжірибесімен
бөлісуге дайын емес мұғалімдердің болуы. Сертификатталған мұғалімдер арасында
жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, кейбір педагогтер қоғамдастықта жұмыс
жасауды біле бермейді, олардың АКТ құзыреттілігі әлі де дамытуды қажет етеді, кейбіреуі
интернеттің жағымсыз әсерін атайды, көптеген педагогтерде уақыттың жетіспеушілігі мен
тапшылығы, бос уақыттың болмауы орын алып отыр.
Педагогикалық интернет-қоғамдастықтар жұмысына қатыса отырып, мұғалімдер
мынадай мүмкіндікке ие болады: қазіргі адамға қажетті білім, іскерлік және сапаларға
үйреніп, меңгереді; қызықтырған тақырыбы бойынша ең өзекті ақпаратты ала алады;
сарапшы, тренерлерден кәсіби кеңес пен көмек алады; өңдеулердің әдістемелік қоржынына
қол
жеткізе алады;
өз материалдарын жариялайды; кәсіби конкурстарға қатыса алады.
Желілік қоғамдастық жұмысына қатысу – бұл тек уақыт талабы ғана емес, оқу
процесіне жаңа стандартты енгізетін кез-келген пән мұғалімінің өнімді еңбек етуі үшін
қажеттілік болып табылады.
Шығармашыл ұстаздардың тәжірибесі мен аудандық, облыстық іс-шаралар
материалдары электронды нұсқада СD-R дисклері және арнайы кітапшалар арқылы
ұсынылып отырады. Сондай-ақ, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми –
практикалық конференциялар мен әдістемелік семинарлардың жинағына ұсынылады,
интернет ресурстарда жарияланады.
Жұмыс нәтижесін сараптау бойынша:
- білім беру ұйымдары қызметкерлерінің электронды базасы пәндер бойынша толық
жасақталған;
- оқу жылы соңында оқушылар мен мұғалімдер жетістігі бойынша рейтинг
шығарылып, соның негізінде мектептердің рейтингісі жасалады. Жоғары нәтижелі
көрсеткіші бар
ұстаздар марапатқа ұсынылады;
163
- қысқа мерзімді курстан өткен мұғалімдердің курстан кейінгі жұмыс нәтижелерінің
мониторингісі
шығарылады;
- деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің жұмыс нәтижесінің мониторингісі жылма-
жыл жасалып отыр. Осы мониторинг нәтижесі педагогикалық кеңесте тыңдалып,
қорытындысы бойынша мұғалімдер жұмысына баға беру туралы ұсыныс облыстық тамыз
кеңесінің секциялық жұмысында айтылып, қолдау тапты. Биылғы оқу жылының І жарты
жылдығының қорытынды мониторингі педагогикалық кеңестер мен аудандық әдістемелеік
және бөлім кеңесінің қарауына ұсынылмақшы.
Сөзімді Сократтың «Ізденіссіз өмір сүрудің қажеті жоқ. Мен ешкімге ешнәрсе үйрете
алмаймын, мен оларды тек ойлантуға мәжбүрлей аламын» деген түйінді ойымен аяқтағым
келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2012 жыл
3. Тренерге арналған нұсқаулық. 2012 жыл
4. А.Әлімов. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері».
Оқу құралы, 2013
5. С.Мирсеитова . «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде». Оқу құралы, 2013
6. Білімдегі жаңалықтар». Ақпараттық-әдістемелік журнал. Астана, 2009 жыл.
7.«Әдіскер мұғалім» Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал.
Техникалық және кәсіптік білім беру деңгейін заманауи
талаптарға сай жетілдіру
Абдибекова А.Ж.
Талдықорған өнеркәсіптік индустрия
және жаңа технологиялар колледжі әдіскері
Алматы облысы, Талдықорған қаласында орналасқан өнеркәсіптік индустрия және
жаңа технолгиялар колледжі 1935 жылы құрылған. Бұл күнге дейін заман талабына сай ауыл
шаруашылық, құрылыс, өндіріс салаларына 80 мыңнан астам білікті жұмысшы мамандар
дайындалды. Қазіргі уақытта бұл білім ордасы токарь, электр газбен дәнекерлеуші, газ
объектілері құрал-жабдығын пайдалану технигі, автокөлік жөндеуші секілді бәсекеге
қаблетті мамандар даярлайды.
Колледждің әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде ҚР «Білім
туралы» Заңы, кәсіптік және техникалық білім берудің нормативтік-құқықтық құжаттары,
жарғысы мен колледж ережесі басшылыққа алынады.
Осы оқу жылында «Сапалы білім беру мен тәрбиелеу арқылы заман талабына сай
инновациялық оқу технологиялары элементтерін пайдалана отырып кәсіби маман даярлау»
проблемасын жүзеге асыру мақсатында жұмыс жүргізілуде. Әдістемелік кабинеттің негізгі
мақсаты инновациялық оқу технологиялары элементтерін енгізе отырып кәсіби маман
даярлау бағытында педагогикалық шеберлікті үздіксіз жетілдіру жүйесін құру, сапалы білім
беруді ұйымдастыру, оқытушылардың шығармашылық қызыметіне жағдай жасау, болашақ
мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру процессіне қатысу және әдістемелік
қамтамасыздандырумәселесі қолға алынды.
Әдістемелік қызметтің міндеттеріҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» Заңы мен
«ҚР Еңбек кодексі» заңдарын, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып жүзеге
асырылады: