137
анықталады. Бұл ұстанымдар қажет, дегенмен дайын ақпарат беру түріндегі қолжетімділік
пен мазмұнды күрделендіретін ғылымилықтан арылу қажет.Себебі, «ақпараттық білімнен»
«құзіреттілікке» бірден көшу оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуы
екіталай. Сол себепті де қазіргі таңдағы білім мазмұны әлемдегі озық тәжірибеге сай қайта
жасақталуда. Атап айтсақ, бір ғана мысал, мұғалімдердің деңгейлік курс бағдарламасы
бойынша білім жетілдіруі – осы іске айғақ.
Сонымен қатар, әдістемелік жұмыстың
қандай да
болмасын бағытының басты мақсат - міндетін орындау мүмкіндігін ескере отырып, нақты
айқындап алу қажет.
Осы орайда: «Мақсаттарын нақты сипаттап алмай, педагогтар бірден оқу
жоспарларын бағдарламаларды, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды құрастыруға
ұмтылады, бұл оқыту мен тәрбие беру көптеген мәселелерін шешусіз қалдырады», -деп
В.П.Беспалько әділ сын айтқан.
Жалпы педагогикалық жүйе – әдістемелік жүйе мен дидактикалық үдерістің бірлігі
деп танып жүрміз. Демек, әдістемелік жүйеміз мақсатты толығымен іске асыратын мықты
жүйе болуға тиіс.
Ауданымыздағы «Х.Хамраев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2015 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 06 қарашадағы № 455
бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 21
тамызында №358 бұйрығымен бекітілген 2014-2017 жылдыққа көшу іс жоспарына сәйкес
мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты мен орта білім беру мазмұнын
жаңарту бойынша апробация басталды. 1 қыркүйекте апробациялық 1-сыныпқа 38 оқушы
қабылданды. 1 «А» сыныпта дайындық сыныбында білім алған 23 оқушы, 1 «Ә» сыныпта
дайындық сыныбында оқымаған 15 оқушы мектеп партасына отырды. Жыл соңында 1
сыныпты 39 оқушы тәмамдады.
Қыркүйек айында 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың денсаулығы толық және
мұқият тексерілді. Балалардың бойына, салмағына, қойылған диагнозға үлкен мән берілді.
Сонымен қатар мектеп психологтары психоәлеуметтік даму деңгейін бақылау мақсатында
С.А.Банковтың тестік әңгімесі жүргізілді. Мектепке дайындығын анықтау үшін Керн-
Иерасик әдісі бойынша зерттеу жүргізілді. Оқушылардың темперамент типтері анықталды.
Қыркүйек айында тест координаторы Г.О.Иманбаева және әдістемелік кабинеттің
басшылығымен бақылау мектептің бірінші сынып оқушылары мен апробациялық бірінші
сыныптардың білім деңгейін салыстыру мақсатында 1-сынып мұғалімдерінің қатысуымен
тест алынды және де сәуір айында бір жылғы білім сапасын анықтау мақсатында қайта тест
алынып,мониторингісі шығарылды.
Эксперимент алдында ережеге сәйкес оқушылардың ата-аналарына апробацияның
мақсаты жөнінде түсініктеме жүргізіліп, семинар өткізілді.
Балаларының болашағына бейжай қарамайтындықтан апробациялық сыныпта
оқытуға келісетіні жөнінде қолхат алынды. Ата-аналардың білімі, жұмыс орны жайлы
деректер алынып, мониторинг жүргізілді.