114
Орындауға жіберілген мәтіндік редактормен қоса,
компьютерді
мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасайтын
мамандырылған орындаушы
деп айтуға болады:
Бұл орындаушы адамның (пайдаланушының) басқаруымен
жұмыс жасайды. Бұл жүйемен жұмыс жасау барысында, адамның
орындайтын барлық әрекеттерін (
символды енгізу, символды жою,
үзіндіні буферге жіберу, мәтінді файлда сақтау және т.б.)
орындаушының басқару бұйрықтары деп қарастырылады.
Сондықтан мәтіндік редакторды оқыту (басқа да ақпараттық
технологиялардың қосымша құралдарын оқыту сияқты) әрбір
орындаушыға тән
дәстүрлі әдістемелік схемамен жүргізіледі:
деректер: мәтіннің құрылымды бірліктері;
МР ортасы;
МР жұмыс режімдері;
бұйрықтар жүйесі.
МР ортасы
. Сабақта нақты қандай мәтіндік редактор
қарастырылмасын, оның бас терезесінің интерфейсі мына
бес негізгі
аймақтан тұратынына оқушылардың назарын аудару қажет:
тақырып жолы – стандартты жүйелік: «
Свернуть» (жинау),
«
Развернуть» (жазу), «
Закрыть» (жабу) батырмаларынан тұрады;
мәзір жолы мәзірдің негізгі бұйрықтарынан тұрады. Барлық
бұйрықтар иерархиялық болып келеді, яғни бұйрықтардың біреуі
таңдалғанда, экранға оған бағынышты бұйрықтар тізімі төменге
жазылып шығады. Сонымен қатар, көптеген амалдарды тездету үшін,
мәнмәтіндік мәзір (орысш. –
контекстное меню) қолданылады.
Мәнмәтіндік мәзірді шақыру үшін объектіні белгілеп,
тінтуірдің оң
батырмасы немесе Shift+F10
пернелер тіркесі басылады. Мәнмәтіндік
мәзірмен жұмыс жасау оқушылардың тұрақты дағдысына айналуға
тиіс.
басқару тақталары – бұйрықтарды тез орындау үшін біздің
қолдануымызға ыңғайлы құралдарын ұсынады. Керек тақтаны экранға
қою үшін:
Вид
Панели инструментов
шыққан тізімнің ішінен
керегін таңдап, мысалы, «
Таблицы и границы» қасына қанатша
қойса болғаны. Әдетте, экранда жиі қолданылатын «
Стандартная»,
«
Форматирование», «
Рисование» тақталары тұрады.
терезенің жұмыс өрісі – мәтін бейнеленетін экрандағы бос
орын. Онда бір немесе бірнеше мәтіндік құжаттар ашық тұруы
мүмкін. «
Окно» бұйрығы арқылы құжаттан - құжатқа ауысуға
ЭЕМ + МР
Мәтінмен
жұмысты орындаушы