Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет36/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68

 
106 
Көмек алу режімі – бағдарламалаушыға жүйемен жұмыс жасау, 
бағдарламалау кезінде, еске түсіруді экранға алуға мүмкіндік береді.  
Бағдарламаны  жөндеу  режімі.  Бұл  режімде  бағдарламаның 
ізсалуын (орысш. – трассировка) орындауға, бағдарламаны қадаммен 
орындауға,  анықталған  айнымалылар  мәндерінің  өзгерістерін 
қадағалауға, анықталған жерде немесе шарт бойынша бағдарламаның 
орындалуын  тоқтатуға  болады.  Жөндеу  режімі,  бағдарламадағы 
алгоритмдік  қателерді  іздеу  үшін  бағдарламалаушыға  ыңғайлы 
құралдарды ұсынады. 
БЖ режімдері туралы мұғалім әдістемелік схемамен әр режімде 
қолданылатын бұйрықтар жүйесі туралы баяндауы қажет. 
Бағдарламалау жүйелері үшін шығарылатын есепке байланысты 
алғашқы  және  ақырғы  ақпаратымен  бағдарламаның  мәтіні  жазылған 
файлдар – деректер болады.  
5.5. Зертханалық жаттықтыру тапсырмалары 
Зертханалық жұмыс «Алгоритмдер және орындаушылар» 
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар: 
 
алгоритм; 
 
алгоритмнің  қасиеттері  (түсініктілік,  дәлдік,  нәтижелік,  дис-
креттілік, жалпылық); 
 
орындаушы, 
 
ОБЖ  (орындаушының  бұйрықтар  жүйесі),  орындаушы 
ортасы; 
 
шама – аты, типі, мәні; 
 
алгоритмдік  конструкциялар – сызықтық, тармақталу, цикл; 
 
блок-схема; 
 
алгоритмдік тіл; 
 
алгоритмнің формальді орындалуы; 
 
көмекші  алгоритм. 
II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.  Информатика  курсында  алгоритмдеудің  алатын  орны  мен 
мәнінің уақыт талабына сай қалай өзгерді? 
2.  А.П.Ершовтың  және  т.б.  оқулықтарында  енгізілген  негізгі 
ұғымдар,  дидактикалық  құралдар  мен  әдістемелік  тәсілдердің 
қайсысы сақталды? 
3.  Алгоритмдерді 
орындаушыларды 
«жағдайда» 
және 
«шамалармен»  жұмыс  істейтін  орындаушылар  деп  бөлудің 
әдістемелік мағынасы неде? 
4.  Алгоритм ұғымын толық түсініп меңгеру үшін оқушылармен 
қандай типті есептерді қарастыру қажет? 


 
107 
S:=1 
n=1 to 3 
S:=S*n 
 S шығару 
  
5.7-сурет 
5.  Оқушылармен  сабақта  (  Баше  ойыны  тәрізді  )  «алгоритмдік 
ойындар»  ойнауға  бола  ма?  Тағы  қандай    алгоритмдік  ойындарды 
ұсынар едіңіз? 
6.  Қандай  негізгі  ережелер  алгоритмдеу  мен  бағдарламалауды 
құрылымдайтын әдістемені құрайды? 
7.  Неліктен  информатика  сабақтарында  блок-схемалардан  бас 
тартуға болмайды және оларды қалай бейнелеу қажет? 
8.  Шама  және  оның  қасиеттері  ұғымын  қандай  әдістемелік 
ретпен ашу қажет? 
9.   «Айнымалы»,  «меншіктеу»  ұғымдарын  оқытқанда  қандай 
әдістемелік проблемалар кездеседі? Оларды қалай шешуге болады? 
10. Алгоритмдеу  және  бағдарламалау  бағытын  оқыту  кезінде 
оқушылар ойлаудың қандай өзіне тән стилі мен мінез ерекшеліктерін 
қабылдайды? 
III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.  Формальды орындаушы ұғымының мағынасы  неде? 
2.  Тікелей басқару режімінің программалық басқару режимінен 
айырмашылығы  неде? 
3.  Әрекеттердің  кез-келген  тізбегін  алгоритм  деуге  бола  ма? 
Жауабыңызды негіздеңіз, мысал немесе қарсы мысал  келтіріңіз. 
4.  Кез келген есептің алгоритмін құруға болады деуге бола ма? 
Жауабыңызды негіздеңіз, мысал немесе қарсы мысал  келтіріңіз. 
5.  Келесі 
түйінді  сөздерден  алгоритмнің  анықтамасын  
құрастырыңыз.  Түйінді  сөздер:  орындаушы,  тізбек,  түрлену, 
есептеуіш  әрекет, процесс, нәтиже. 
6.  Келтірілген  әрекеттер  тізбегін    алгоритм  деуге  бола  ма: 
«Сонда  бар,  қайда  барарымды  білмеймін.  Ананы  әкел,  не  екенін 
білмеймін»?  Жауапты  алгоримнің  қасиеттерін  қолдана  отырып 
негіздеңіз. 
IV. Келесі есептерді шешіңіз: 
1.  Алгоритм  фрагменті  блок-схема  түрінде 
берілген  (5.7-сурет).  Алгоритмнің  орындалу   
нәтижесінде  S  айнымалысы  қандай  мәнді 
қабылдайтынын анықтаңыз. 
2.  Берілген  cos(x)=x  теңдеуін  шешу  
алгоритмін  қақ  бөлу  әдісі  бойынша  блок-схема 
арқылы  көрсетіңіз.  Алгоритмді  жазғанда    келесі 
айнымалыларды қолданыңыз: A және B – іздестіру 
шекарасы, LK және PK  – шешімнің кішірейтілген 
интервалының сәйкес сол және  оң координаттары, E – дәлдік. 


 
108 
3.  Өз  орындаушыңызды  ойлап  табыңыз  және  оны  мына  схема 
бойынша  бейнелеңіз:  ортасы,  орындаушының  бұйрықтар  жүйесі 
(бұйрықтар  қалай беріледі,  орындалады,  «жасай  алмаймын»).   Нақты 
орындаушы үшін бірнеше есеп құрастырыңыз. 
4.  A  (x,y)  нүктесінің  берілген  аймаққа 
жататынын  анықтайтын  алгоритм  құрыңыз  (5.8-
сурет). 
5.  Келесі  шектеулерді  ескере  отырып, 
мына формула: у = (1 - х
2
 + 2,5х
3
 + х
4
)
2
 бойынша 
есептеу алгоритімін жазу керек: 1) тек қана қосу, 
алу және көбейту амалдарын қолданып; 2)  әрбір 
өрнекте тек қана бір арифметикалық амал болуға 
тиіс. 
V.  Оқу  материалындағы  өзіңізге  ұнаған  ең  жақсы  күнделікті 
жоспардың  мысалын  келтіріңіз  (өзіңіз  дайындаңыз  немес  оқу 
бағдарламасын таңдаңыз): 
 
 
 
 
VI. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін даярлаңыз. 
VII.  Осы  алгоритмдеу  және  бағдарламалау  бағыты  бойынша 
қорытынды  жұмыстың  мысалын  келтіріңіз  (кез-келген  формада    – 
бақылау,  өз  бетінше  жұмыс,  тест  т.б..).  Қорытынды  жұмыс  бір 
сабақ көлемінде өткізіледі және баға критерийі болуы тиіс. 
 
 
Сабақ № :  Сабақтың тақырыбы: 
 
 
 
 
5.8-сурет 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау