31
бұл қызмет істен шығарылса, онда, сурет QR-код ретінде танылмады,
немесе QR-кодты қайта кодтау мүмкін болмағанын білдіреді. Мұндай
жағдайда бұл процесс қайта басталады. QR-кодты танып білгеннен кейін
және ол қайта кодталғаннан кейін, сканерлеудің нәтижесі қосымшаның
келесі беттеріне қарай өтеді. QR-кодты қайта кодтау үшін ZXing
кітапханасы пайдаланылды. Бұл кітапхана Интернет желісіндегі оң пікірлер
санының көптігінен, құжаттаманың дұрыстығымен және тегін таралуымен
таңдалып алынды. Қосымшада бұл кітапхана Visual Studio жобаларындағы
кітапханаларды қосу, жаңарту, өшіруді жеңілдететін Visual Studio өңдеу
ортасындағы NuGet-кеңейтілімінің көмегімен іске асады.
2.7 Картамен жұмыс жасау
Картаны көрсету үшін Map стандартты басқару элементі
пайдаланылды. Карта университет ғимаратының қай жерде орналасқанын
анықтау үшін және сәйкесінше пайдаланушының орналасқан жерін анықтау
үшін қажетті құрал. Құрылғының GPS-қызметін пайдалану үшін бұл
мүмкіндікті қосымша манифесінде жазу қажет болды. Қолданушының
орналасқан жерін анықтамас бұрын, оған қосымшаның не себепті
орналасқан жерін пайдаланатын және қосымшаның оның орналасқан жерін
пайдалануы үшін рұқсат сұрау керектігін қолданушыға түсіндіру қажет. Бұл
талаптар Windows қосымшасында толығымен көрсетілген. Орналасқан
жерін анықтау, қолданушының орналасқан жерін анықтау үшін әр уақытта
карта ашық күйде болатындығына байланысты асинхронды түрде іске
асады. Орналасқан жерді визуалдау үшін телефонның жүйелік панелінде
көрсетілетін ProgressIndicator атты басқарудың стандартты элементі
пайдаланылады. Орналасқан ортасын анықтау алгоритмі аяқталғаннан
кейін, оқиға өндіріледі және карта қолдаушының орналасқан жерінің
координаталары бойынша орталықтандырылады. Қосымшада картаның
режимін
ауыстыру
және
қосымша
қызметтерді
қосып,
өшіру
мүмкіншіліктері қарастырылған.
2.8 Қосымшаның интерфейсі мен функционалы
Қосымшаның интерфейсін бірегей функционалдық және өтпелі
ережелері бар беттер құрайды. Қосымшаның UML-диаграммалары 2.7-2.16
суреттерде бейнеленген.
32
Сурет 2.7 - Қосымша беттерінің жалпы UML- диаграммасы
33
Сурет 2.8 - Іздеу экранының UML-диаграммасы
Сурет 2.9 - Іздеу нәтижесін пайдаланудың варианттары бойынша UML-
диаграмма
34
Сурет 2.10 - Факультет және кафедра жайлы ақпаратты пайдаланудың
UML-диаграммасы
Сурет 2.11 -Картаны пайдаланудың UML-диаграммасы
35
Сурет 2.12 - QR-кодты сканерлеу бетін пайдаланудың UML-диаграммасы
Сурет 2.13 - QR-кодты сканерлеу нәтижесін пайдалану нұсқалары
көрсетілген UML-диаграмма
36
Сурет 2.14 - Іс-шаралар тізімін пайдаланудың UML-диаграммасы
Сурет 2.15 - Авторизациямен жаңа
іс-шараларды құрудың UML-
диаграммасы
37
Сурет 2.16 - Авторизациясыз жаңа іс-шараларды қосудың UML-
диаграммасы
2.9 Жобаны сипаттау
Қосымшаны ашқан уақытта пайдаланушы Pivot басқару элементінен
(бір-біріне өту көлденең свайп арқылы іске асатын бірнеше экрандар),
қосымша панельдерінен (ApplicationBar) және үш экраннан: Іздеу,
Навигация, Іс-шаралардан тұратын бастапқы бетті көреді. Қосымшаның
негізгі формалары келесідей суреттерде көрсетілген
.
2.17-суретте
университет бойынша «Навигация» бейнеленген.
Сурет 2.17 - Навигаци интерфейсі
38
Бұл интерфейсте университет бөлімшелері жайлы ақпараттар
көрсетілген. Факультеттердің аты және байланыс нөмерлері көрсетілген. Біз
өзімізге қажетті факультетті таңдау арқылы, толығымен сол факультет
жайлы ақпарат бар бетке өтеміз (2.18 сурет).
Сурет 2.18 - Факультет жайлы ақпарат
Бұл бетте көріп отырғанымыздай факультет жайлы толық ақпарат
көрсетілген, яғни, сол уақыттағы факультеттің деканы, байланыс номері,
мекен-жайы, электронды поштасы және сайтқа сілтеме.
2.19-суретте қосымшаға әлеуметтік желілер арқылы тіркелу
көрсетілген.
Сурет 2.19 – Баптаулар
39
Университет қабырғасында өтетін жаңа іс-шараларды қосу 2.22-
суретте көрсетілген. Онда іс іс-шара қай ғимаратта, қандай дәрісханада,
тақырыбы мен түрі және өтетін күні мен уақыты көрсетілген. Жаңа оқиғаны
қосу үшін «Қосу» батырмасын басқаннан кейін, егер қолданушы серверде
тіркелген болса, онда Жаңа іс-шаралар беті ашылады. Ал егер пайдаланушы
жүйеде тіркелмеген немесе өз аккаунтынан шығып кеткен болса, онда
аудиторияларға жоспарланған іс-шараларды енгізу үшін оның жүйеге
тіркелу қажеттілігі немесе өзінің бар аккаунтына кіру қажеттігі туралы
хабарлама келеді. Егер пайдаланушы әлеуметтік желі арқылы кіргісі келсе
онда әлеуметтік желілер арқылы кіретін браузердің жаңа беті ашылады
(2.20-сурет).
Сурет 2.20 - Авторландыру қажеттігі туралы хабарлама
Фильтрлеу батырмасы оқиғалар тізімін шектеуге мүмкіндік береді.
Бұл батырманы басқаннан кейін әртүрлі түрдегі фильтрлеу диалогтық
терезесі пайда болады.
Аудиториялар (дәрісханалар) бойынша фильтрлеу - бұл үшін
алдымен ғимарат, содан кейін барып аудитория таңдалынады.
Оқиғалардың түріне байланысты фильтрлеу. Іс-шаралардың түрлері:
мәдени, оқу, спорттық, ғылыми, жиналыс, жиын және т.б.
Фильтрлеуді қолдану үшін Ok батырмасын басу қажет.
Іс-шаралар тізімі элементін басқаннан кейін (2.21-сурет), 2.22-суретте
көрсетілгендей оқиға жайлы толық ақпарат ашылады .