Дипломдық жобада «aup&et guide»



жүктеу 479,92 Kb.
Pdf просмотр
бет7/15
Дата22.05.2018
өлшемі479,92 Kb.
#16346
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

25 

 

Model-View-ViewModel  (MVVM)  –  жобалау  үлгісі  көбінесе  Windows 



Phone  қосымшаларымен  заманауи  қосымшаларды  жазарда  қолданылады. 

Бұл Model-View-Controller (MVC) эволюциясының үлгісі болып табылады. 

MVVM бағдарламаның кодын пайдаланушы интерфейсінен бөліп алу үшін 

пайдаланады.  Бұл  тәсіл  кодпен  және  қосымшаның  дизайнымен  параллель 

жұмыс жасауды жеңілдетеді. Дизайнер Expression Blend жұмыс істейді, ал 

бағдарламашы  параллельді  түрде  Visual  Studio-да  кодты  жаза  береді.  Бұл 

сондай-ақ тестілеуді де жеңілдетеді. Үш бөлек бөліктері бар: 

1)  View  (визуалды  бөлігі)  –  бұл  XAML  коды  және  қосымшаның 

беттері арқылы берілген пайдаланушылық интерфейс. 

2) Model (деректер моделі) – деректер көзімен байланысты білдіретін 

деректер нысаны. 

3) ViewModel (ұсыныс моделі) – мәліметтер ұсынысы мен мәліметтер 

моделі  арасындағы  делдалдық  қызмет  атқаратын  MVC  контроллерінің 

баламасы болып табылады.  

2.4-суретте әр модель жеке-жеке көрсетілген [4]. 

 

 



 

Сурет 2.4 - MVVM моделінің деңгейлеріне шолу 

 

2.4 Қосымшаны іске асыру 

 

Деректер қорының моделі. 



Деректерді  сақтау  үшін  SQL  Sever  желісініен  Microsoft  SQL  Server 

Compact Edition мәлемттер қоры таңдалынып алынды. Мәліметтер қоры бір 

файлда  сақталады.  SQL  Server  Compact  деректердің  сенімді  көзі,  өңдеуші 



26 

 

сұраныстарды 



оңтайландырады, 

байланыс 

компоненттерінің 

масштабтылығымен қамтамасыз  ететін реляциялық деректер қорын құруға 

мүмкіндік  береді.  Windows  Phone  үшін  SQL  CE  нативтік  деректер  қоры 

болып  табылады.  Деректер  қорымен  байланыс  орнату  үшін  Data  Context, 

сондай-ақ  деректер  қорының  кестелерін  модельдеу  үшін  прокси-класстар 

құрылады.  Деректер  қорына  жасалған  сұраныстардың  жылдамдығын 

ұлғайту  үшін  C#  класындағы  кодта  [Index]  атрибутымен  қамтылған 

модельденген кестелер индекстеледі. 

Деректер қоры қосымшадағы негізгі ақпараттарды беретін 5 кестеден 

тұрады. Деректер қоры қосымшада өзгертіле алмайды. 2.5-суретте деректер 

қорының архитектурасы бейнеленген. 

 

 



 

Сурет 2.5 - Деректер қорының архитектурасы 

 

Ғимарат кестесі (Buildings). 



Кестеде университет құрамына кіретін барлық ғимараттарға қатысты 

ақпараттар сақталады.  

Ғимараттар мынадай өрістермен анықталады: 

1)  Id  –  сервердегі  ғимараттың  сәйкестендіргіш  нөміріне  сай  келетін 

ғимараттың бірегей сәйкестендіргіш нөмірі. Кестенің алғашқы кілті болып 

табылады. 

2) Name – ғимараттың аты. 

3) Address – ғимараттың адресі. 

4) Latitude – ғимараттың орналасқан ендік координатасы. 



27 

 

5) Longitude – ғимараттың орналасқан ұзындық координатасы. 



6)  Ендік  және  ұзындық  координаталары  картадан  ғимараттың  қала 

ішінде қай жерде орналасқанын анықтау үшін қажет. 

Қалған кестелер тура осындай ретпен жасалған. 

Деректер  қоры  .Net-қосымшасы  арқылы  толтырылды.  Кестені 

толтыру  үшін  SQL-сұраныстары  арқылы  сайттан  университет  жайлы 

ақпараттарды  өндіреді.  API  жүйесінің  көмегі  арқылы  Алматы  энергетика 

және  байланыс  университетінің  аудиторияларының  бос  және  бос  еместігі 

мен  сабақ  өтетін  аудиториялар  бойынша  кесте  құрылды.  Бір  ай  көлемінде 

оқу  процесі  кезінде  пайдаланылатын  аудиториялар  бойынша  ақпараттар 

жиналып, талдау жасалынды. Осы мақсатпен .Net қосымшасында сервистен 

ақпараттарды  алып,  өңдейтін  бағдарлама  жазылды.  Нәтижесінде 

аудиториялар тізімі құрастырылды. 



Деректер қорында іздеуді іске асыру. 

Деректер қорындағы ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін қосымшада 

іздеуді  іске  асыру  жөн.  Пайдаланушының  қолайлылығы  үшін,  сұранысты 

енгізу  арқылы  нәтижелер  тізімін  шығаратын  динамикалық  іздестіру 

алгоритмі ойлап табылды және іске асырылды. деректер қоры айтарлықтай 

көп  жазбалардан  тұрады,  сондықтан  іздеу  нәтижелерінің  жылдамдығын 

арттыру  үшін  параллелді  болды.  Іздеу  процесі  іздеу  алаңына  төртінші 

символ  жазылғаннан  кейін  ғана  іске  қосылады.  Бірінші  іздеу  үшін  басым 

кесте  анықталады.  Бұдан  кейін  кестелер  бойынша  іздестіру  процесі 

басталады,  әр  кестелер  үшін  нәтижелердің  топтамалары  құрылады.  Әр 

процесс  аяқталғаннан  кейін  нақты  кестелер  бойынша  іздестірудің 

аяқталғанынан  хабардар  ететін  оқиғалар  өндіріледі.  Барлық  кестелер 

бойынша іздестіру аяқталғаннан кейін, ортақ бір топтамаға біріктіріледі де 

экран  бетінде  көрсетіледі.  Паралелді  түрде  жұмыс  істеу  пайдаланушы 

интерфейсін  іздестіру  алгоритмдері  орындалып  жатқан  уақыттағы  күту 

режимінен  құтқарады  және  оны  бұғаттаусыз  күйде  пайдаланушыға  қол 

жететіндей етіп қалдырады. 

Қосымшаның клиент-серверлік архитектурасын іске асыру. 

Қосымшаның  клиент-серверлік  архитектурасы  университеттің  іс-

шараларымен байланысты іске асыруға арналған. 

Қосымшаның  клиент-серверлік  архитектурасы  тұтынушылардың 

сұраныстарын өңдейтін қашықтықтан басқаратын сервермен түсіндірледі. 

Тұтынушылар  бұл  жағдайда  тек  серверден  алынған  ақпараттарды 

көрсете алады. 

«AUP&ET Guide» қосымшасындағы сервер Ruby On Rails фреймворк 

көмегі  арқылы  іске  асырылған.  Тұтынушылар  болып  Windows  Phone,  iOS, 

Android  платформаларына  арналған  мобильдік  қосымшалар  табылады. 

Транспорттық  жүйелік  деңгейде  тұтынушы  мен  сервер  арасындағы 

байланыс 

TCP/IP 


(Интернет 

желісін 


қоса 

алғандағы 

жүйеде 

пайдаланылатын 



деректерді 

алмастыратын 

жүйелік 

протоколдар 

жиынтығы)  протоколы  арқылы  іске  асырылады.  Ақпараттық  алмасуды 



жүктеу 479,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау