Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет38/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48

 
90 
 
экспортқа шығаруға мүмкіншіліктері мол. Олардың үлесіне: Германия, Италия, 
Жапония сияқты елдерде тауар экспортының 40 пайызы жуығы тиеселі екен. 
Кесте  деректері  дәлелдеп  отырғандай,  шағын  бизнес  өркениетті  елдерде 
әлеуметтік  мәселелерді  шешудің  басты  күші  бола  отырып,  тұрақтылықтың 
кепіліне  айналуда.  Экономикалық  және  статистикалык  мәліметтер  бойынша 
шағын бизнес субъектілерінің рөлі тіпті дамыған елдерде артқаны байқалады. 
Шағын  бизнестің  осындай,  басқа  да  экономикалық  және  әлеуметтік 
функциялары  шағын  бизнесті  дамыту  мәселесін  маңызды  мемлекеттік 
міндеттер  қатарына  жатқызуға  және  экономиканы  реформалаудың  ажырамас 
бөлігі  деп  қарастыруға  негіз  береді.  Шағын  және  орта  кәсіпорындардың  ірі 
ұйымдармен  тиімді  ынтымақтастық  құруы  келешегі  зор  бағыт.  Шағын 
кәсіпорындар  ғылыми  техникалық  жетістіктерді  қабылдауға  анағұрлым 
қабілетті,  нарықтағы  сұраныс  өзгерісіне  оңай  бейімделеді.  Сондай-ақ  ірі 
кәсіпорындарға  тауарлар  жеткізу  мен  қызмет  көрсету  кұқығы  үшін  өзара 
бәсекеге  барады,  мұның  өзі  олардың  тұрақты  табыстарына  кепілдік  береді. 
Олар 
ірі 
кәсіпорындардың 
орнықтылығын 
және 
өндірістік 
әртараптандырылуын  қамтамасыз  етіп,  монополистік  бағытқа  қарсы  әрекет 
ереді. Шағын бизнес нарықта консалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, 
жарнама,  қолданбалы  зерттеу  жұмыстары  бойынша  қызмет  көрсетумен 
қамтамасыз етіліп, белсенді рөл атқарады. 
Соңғы уақытта дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде шағын 
бизнестің дамуы  үлкен  орын  алып  отыр.  Егер  1950  жылдары  АҚШ-та  орташа 
шамамен  жыл  сайын  130  мың  фирма  тіркелсе,  60  жылдары  –  220  мың,  ал  70 
жылдары – 350 мың, ал 90 жылдары жыл сайын 600 мың фирмаға дейін орташа 
шамамен  тіркелген.  Бұл  құбылыстың  себебі  шағын  бизнестің  дамып  отырған 
қоғамдық  тұтынушылықты  дер  кезінде  қанағаттандыра  алу  қабілетімен, 
ғылыми  техникалық  прогресс  барысында  өндірістік  құрал-жабдықтардың 
жетілділігімен  және  аралас  экономикадағы  әр  түрлі  меншік  формаларының 
біркелкі мүмкіндігімен түсіндіріледі. Шағын бизнес – шешім қабылдау мен оны 
жүзеге  асырудағы  еркіндік,  іскерлік,  нәтижелерге  толық  экономикалық  және 
құқықтық  жауапкершілік,  сондай-ақ  шығармашылық  ынта  және  жігермен 
сипатталады. 
Әлемдік  тәжірибеде  қоғам  мен  мемлекет  мүддесінде  шағын  бизнесті 
мемлекеттік  қолдау  норма  болып  есептеледі.  Мұндағы  мемлекеттің  міндеті 
шағын  кәсіпорындарға  қаржылық,  техникалық  және  өзге  де  ресурстарды  беру 
ғана  емес,  сондай-ақ  оларды  қандай  да  бір  дәрежеде  болсын  қолдау  емес, 
олардың  өмір  сүруі  үшін  құқықтық  және  экономикалық  жағдай  жасау,  нарық 
жағдайында  өсіп,  өмір  сүре  алуы  үшін  жағдай  жасаудан  тұрады.  Еуропа, 
Жапония, АҚШ, Азия сияқты әлемнің барлық елдерінде және Латын Америка 
елдерінде  шағын  кәсіпкерлікті  дамытуды  қолдаудың  қуатты  толқыны  жүруде. 
Барлық Еуропа, әсіресе, өтпелі экономикасы бар елдер (Шығыс Еуропа) шағын 
кәсіпкерлік  мемлекеттік  қолдауға  өз  үлестерін  қосуды  кеңейтуге  зор  назар 
аударуда.  


 
91 
 
Экономикалық қызметтестік және дамуды ұйымдастыру елдерінде барлық 
фирмалардың  99%  -  бұл  жұмыс  орындарының  қайнар  көзі  болып  табылатын 
(жұмысбастылықтың 40% - 80%) және ЖІӨ-нің 30%-70%-ын қамтамаыз ететін 
шағын және орта кәсіпорындар. Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының 1552-
нен  (1989-1993жж.  аралықтары)  немесе  «Өнеркәсіптік  субсидиялардың 
бағдарламалары»  ішінен 359  шағын  және орта  бизнесті қолдауға  бағытталған. 
Еуропалық Одақтың 12 елдерінде 1990 ж. 15,8 млн. ауылшаруашылықтық емес 
жеке кәсіпорындар есептелген. Олардың 14,7 млн. микрокәсіпорындар болды, 1 
млн-ға  жуығы  шағын  кәсіпорындар,  шамамен  70000  кәсіпорында  100-500 
жұмыскерлер қызмет етсе, тек 13000 кәсіпорын 500-ден астам қызметкерлерге 
ие  болды.  Микрокәсіпорындар  үлесіне  ауылшаруашылықтық  сектордан  тыс 
жұмыспен қамтылғандардың 31,8%-ы тиесілі, шағын - 24,9% және орта - 15,1%. 
Шағын  бизнес  көптеген  елдердің  экономикасындағы  базалық  негіздеме 
болып табылады.  
1993  жылы  Еуропалық  Қауымдастық  жеке  секторының  шамамен  15,7 
млн.кәсіпорындары  шағын  және  орта  бизнес  кәсіпорындары  ретінде  қызмет 
етті.  Еуропалық  Қауымдастық  елдеріндегі  бизнес  үшін  неғұрлым  тиімділері 
микрокәсіпорындар болып табылады (1-9 адам). Мұнда олар шамамен 14,5 млн. 
1989-1992 жж. Аталмыш кәсіпорындардың айтарлықтай ұлғаю көзге түсті, 
әсіресе  шағын  кәсіпкерлік  есебінен.  Шағын  және  орта  бизнес  кәсіпорындары 
Еуропалық Қауымдастық гүлденуіне айтарлықтай салым енгізе отырып, жұмыс 
орындарының 70%-ын қамтамасыз етті.  
Еуропалық  Қауымдастық  деңгейінде  шағын  бизнестің  артушы  рөлі 
дамыған елдердің көбісінде мақсаттары төмендегілер болып табылатын арнайы 
саясатты өңдеу қажеттілігі танылғанына әкелді: 
-  ұлттық  шағын  кәсіпорындардың  халықаралық  бәсекеқабілеттілігін 
дамыту; 
- жаңа жұмыс орындарын құру; 
- шағын кәсіпорындардың экономикалық өсімі; 
- шетел компаниялары мен инвестицияларын тарту; 
- инновациялық іс-әрекет; 
- технология трансферті. 
Еуропалық  Қауымдастықтың  көптеген  мүше  елдерінде  шағын  және  орта 
бизнеске  қатысты  саясат  тұжырымдамасы  федералды  биліктің  прерогативасы 
болып  табылады,  ал  нақты  шаралар  жергілікті  биліктер  деңгейінде  жүзеге 
асырылады. 
Саясаттың  жекелеген  салалары  бойынша  Еуропалық  Қауымдастық 
елдеріндегі  шағын  және  орта  бизнесті  мемлекеттік  қолдаудың  жалпыланған 
тәжірибесін келтірейік. 
1. Шағын кәсіпорынды құру. Барлық айтылғандардан шағын кәсіпорындар 
санын  арттырып,  саласын  кеңейтуге  мемлекеттің  тікелей  қызығушылық 
танытуы  туралы  сөз  қозғауға  болады.  Еуропалық  Қауымдастықтағы  білім  алу 
жүйесі мынадай: мұнда азаматтар кәсіпкер болу мүмкіндігі туралы тіпті мектеп 
жасынан біле бастайды. Өз жолында бастаушы кәсіпкер қандай қиындықтарды 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау