65
тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық
көрсеткіштердің жиынтығы.
Жалған кәсіпорын – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
құрылуы және (немесе) оған басшылық етілуі соттың заңды күшіне енген
үкімімен не қаулысымен жалған кәсіпкерлік деп танылған жеке кәсіпкерлік
субъектісі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері тәуекел дәрежесіне қарай жоғары, орташа
не төмен тәуекел топтарына жатқызылады және олар үшін жоспарлы
тексерулер жүргізудің:
жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;
орташа тәуекел дәрежесі кезінде – үш
жылда бір реттен;
төмен тәуекел дәрежесі кезінде – бес жылда бір реттен жиі емес
кезеңділігін айқындайды.
Тәуекелді бағалау критерийлерін анықтауда салық қызметі органдары
салық төлеуші ұсынған салық есептілігінің деректеріне, уәкілетті органдардан
алынған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да
құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.
Тапсырылған салық есептілігі бойынша мәліметтерді талдауды іске асыру
үшін салық төлеушілердің дербес шоттары бойынша бұрынғы жүргізілген
салық тексерулерінің нәтижелері туралы, салық есептілігінің мерзімінде
тапсырылуы туралы, салық төлеушінің тіркелу деректері туралы және басқада
салық органдарының өкіміндегі салық төлеушілер туралы мәліметтер
пайдаланылады.
Тәуекелді бағалау критерийлері мынадай тәртіпте анықталады (кесте 13):
Кесте 13
Тәуекелді бағалау критерийлері мен ерекшеліктері
№ Тәуекелді бағалау критерийлері
1
ортасалалық
салықтық
жүктеменің
коэффиценттік
белгісінен
төмен
салық
төлеушінің
салықтық
жүктемесінің коэффицентті:
25 пайыздан аз болса - 10 балл;
25 пайыздан 50 пайызға дейін - 20
балл;
50 пайыздан 75 пайызға дейін - 30
балл;
75 пайыздан артық болса - 60 балл.
2
жалған кәсіпорындармен, әрекет
етпейтін салық төлеушілермен
және сот олардың тіркеуін
заңсыз
деп
таныған
кәсіпорындармен, сондай-ақ сот
кәсіпкерлік
қызметті
жүзеге
асыру ниетінсіз деп таныған
мәмілелерді жүзеге асыру:
егер мәмілелер сомасы 500 мың
теңгеге
дейін болса, онда – 5 балл;
егер мәмілелер сомасы 500 мың
теңгеден 10 млн. теңгеге дейін болса,
онда – 20 балл;
егер мәмілелер сомасы 10 млн.
теңгеден артса, онда – 60 балл;