3)
адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасын халықаралық нормалармен және ережелермен үйлестіру;
4) отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
5) халықаралық сауданың дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады.
2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдері
қауіпсіздігінің басымдығы;
2) адам денсаулығына және қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсердің алдын алу;
3) мемлекет жүзеге асыратын шаралардың ашықтығы;
4) ақпараттың жариялылығы, қолжетімділігі, дұрыстығы;
5) қатерлерді бағалаудың ғылыми негізділігі;
6) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге
жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қадағалануы;
7) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге
жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін
қамтамасыз етудегі субъектілердің жауапкершілігі принциптері негізінде жүзеге асырылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне мыналар жатады:
1) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын
әзірлеу;
2) уәкілетті органдардың қызметін салааралық үйлестіру;
3) бекіту жөніндегі құзыреті осы Заңның 6-бабында көзделген нормативтік құқықтық
актілерді қоспағанда, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық
актілерді бекіту;
4)
алып тасталды - ҚР 03.07.2013
№ 124-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) мыналарды:
адам өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ
өнімдерін кәдеге жарату және жою;
мемлекеттік тіркеуге жататын тамақ өнімдерін әкелу (импорттау);
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында
белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау),
айналымы, кәдеге
жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау),
айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың,
материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін уәкілетті органдардың келісуі;
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін байыту (
фортификациялау);
өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген
талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау;
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында
белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге
жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу
(жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының)
сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымы;
генетикалық түрлендірілген объектілердің қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі
жұмыстарды жүргізу тәртібін бекіту;
6) өзіне Қазақстан Республикасының
, заңдарымен және Қазақстан
Конституциясымен
Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06
N 378-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05
N 452-
IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12
N 540-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013
№ 124-
V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015
№ 376-V
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
6-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
1.
Алып тасталды - ҚР 21.04.2016
№ 504-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның
құзыретіне:
1) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
3) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының
органикалық өнім өндіру саласындағы және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы
заңнамасында
белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге
асыру;
4) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді
, техникалық регламенттерді, нормативтік құжаттарды әзірлеу;
5) мыналарды:
тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын;
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын;
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ
өнімдерінің қауіпсіздігі туралы
белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу
заңнамасында
(жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының
) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою
кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін
келісу;