қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне
өндірістік бақылау
жүргізуі;
3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген
талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау;
4)
және ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу;
санитарлық-эпидемиологиялық
5) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу шараларын қолдану
арқылы қамтамасыз етіледі.
3. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және
жою процестері (сатылары) уәкілетті органдармен келісім бойынша
.
жүзеге асырылады
4. Мынадай көрсеткіштердің бірі бойынша:
1) сапасыздығының айқын белгілері бар (бүлінген, бұзылған, ластанған);
2) радиологиялық, уыттылық, химиялық және (немесе) микробиологиялық нормативтерден
асқан;
3) қауіпсіздігі куәландырылған және шыққан
тегі расталған құжаттары жоқ;
4) белгіленген жарамдылық мерзімдері жоқ немесе жарамдылық мерзімдері өткен;
5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы
заңнамасында
көзделген мәліметтермен таңбаланбаған;
6) ұсынылған ақпаратқа сәйкес емес;
7) жалған тамақ өнімдері болып табылатын, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тамақ өнімдері
оларды өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріне (сатыларына) жіберілмейді
.
5. Генетикалық түрлендірілген объектілердің және тамаққа биологиялық активті
қоспалардың айналымына олардың
белгіленген тәртіппен
Қазақстан Республикасының заңнамасында
жүзеге асырылған қауіпсіздігі ғылыми негізделген растаудан және олар мемлекеттік
кейін ғана жол беріледі.
тіркелгеннен
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015
№ 376-V
(01.01.2016 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-бап. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне:
1) балалар тағамы азық-түлігі;
2) диеталық тағам азық-түлігі;
3) емдік-профилактикалық тағамдық азық-түлігі жатады.
2. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері:
1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында
белгіленген арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне қойылатын
сай болуға;
талаптарға
2) сатып алушылардың (тұтынушылардың) тиісті топтарының физиологиялық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға;
3) тамақтық, биологиялық және энергетикалық құндылығы бойынша ыдыста (орамада)
көрсетілген ақпаратқа сәйкес болуға тиіс.
3. Арнайы мақсаттағы өнімдерді өндіру (дайындау) кезінде азықтар және азық қоспалары,
жануарлардың өсуін тездеткіштер (соның ішінде гормонды препараттар), дәрілік заттардың
жекелеген түрлері, пестицидтер, агрохимикаттар, генетикалық түрлендірілген объектілер,
тамаққа биологиялық активті қоспалар пайдаланылып дайындалған жасанды тамақ қоспаларын және
азық-түлік шикізатын қолдануға тыйым салынады.
14-бап. Байытылуға (фортификациялануға) тиісті тамақ
өнімдеріне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімдері
мүмкін. Тамақ өнімдерін байыту (
байытылуы (фортификациялануы)
фортификациялау) үшін санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткен витаминді-минералды
кешендер пайдаланылуы мүмкін.
2. Байыту (фортификациялау) әдістері және тамақтық азық-түліктерді байыту (
фортификациялау) процесінде пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар нормативтік-техникалық
құжаттаманың талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және
стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес болуға тиіс.
15-бап. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) кезінде олардың
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Субъект әзірлейтін нормативтік-техникалық құжаттамаға:
1) тамақ өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткіштері;
2) тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері;
3) тамақ өнімдерін буып-түюге, таңбалауға, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау),
айналымы процестерінің (сатыларының) шарттарына қойылатын талаптар;
4) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылау бағдарламалары;
5) зерттеу әдістері, қатерді бағалау, оларды азайту тәсілдері;
6) қауіпті тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою тәсілдері енгізіледі.
2. Тамақ өнімдерінің нормативтік-техникалық құжаттамасының жобалары және тәжірибелік
үлгілері уәкілетті органдар белгілейтін тәртіппен
және
санитарлық-эпидемиологиялық
ветеринарлық-санитарлық сараптамалардан өтуге тиіс.
Аталған жобалар уәкілетті органдармен келісіледі, оларды субъектілер бекітеді және
олар үшін міндетті болып табылады.
3. Әзірлеу (жасау) кезінде тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату
және жою процестеріндегі (сатыларындағы), соның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлар, субъектілер персоналының ықтимал қателіктері кезінде барлық мүмкін
болатын қатерлер сәйкестендірілуге тиіс.
Барлық сәйкестендірілген қауіптер үшін қатерлерді бағалау оны тексеру мүмкіндігі
қамтамасыз етіле отырып, есептеу, тәжірибелік және (немесе) сараптамалық жолымен жүргізіледі
.
4. Тамақ өнімдерінің әрбір түрі үшін жүргізілген қатерлерді бағалау ескеріле отырып,
әзірлеу (жасау) кезінде тамақ өнімдерін өндірудің (дайындаудың), айналымының,
кәдеге
жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) қатерлерді жоюдың немесе мөлшерлі (
рауалы) деңгейге дейін азайтудың (төмендетудің) бүкіл шаралар кешені айқындалуға тиіс.
16-бап. Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде
олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) үшін Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес келетін шикізат пен тамақ
қоспалары қолданылуға тиіс.
2. Осы Заңның 13-бабының 3-тармағында және 26-1-бабында көзделген жағдайларды
қоспағанда, тамақтық мақсаттар үшін қолданылатын өсімдік және жануарлар шикізаттарын өндіру
(дайындау) кезінде мемлекеттік тіркеуден өткен азық қоспаларын, жануарлардың өсуін
тездеткіштерді, пестицидтерді, агрохимикаттарды пайдалануға жол беріледі.
3. Өндірілетін (дайындалатын) тамақ өнімдерінің жекелеген ингредиенттерін ауыстырып
отыру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен
келісім бойынша жүргізіледі.
4. Тамақ өнімдерін өндіру, сақтау объектілері, ішкі сауда объектілері өндірістік,
қосалқы, санитарлық-тұрмыстық үй-жайларының жабдығы, аумағы, сумен жабдықталуы, кәріздерінің
жүргізілуі, жылуы, желдеткіші, жарықтандырылуы және субъектілер персоналының жұмыс
жағдайлары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
Тамақ өнімдерін өндірумен (дайындаумен) байланысты экологиялық аспектілерді бағалау
Қазақстан Республикасының экологиялық
сәйкес жүргізіледі.
заңнамасына