Казахстан республикасы бiлiм және ғылым министiрлiгi



жүктеу 0,77 Mb.
Pdf просмотр
бет18/28
Дата22.05.2018
өлшемі0,77 Mb.
#16092
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

42

жағдайы. Қазіргі  кездегі  өндірістік  орта  жалпы  жоғары  өндірістік

зияндылықпен жəне  жоғары қауіптілік деңгейімен сипатталады.

Өндірістік  ортаның  барлық  түрлерін  қоршаған  ортада  орналасуына  қарай

екі үлкен топқа бөлеміз: ашық өндірістік орта жəне жабық ғимаратта өндірістік

орта (“жабық  өндірістік  орта). Бірінші  топқа  жер  жұмыстары, ашық  тау

жұмыстары  жатады. Өндірістік  ортаның  екінші  тобына  зауыт, шахта,

транспорттар  мен  байланыстардың  негізгі  түрлері, косметикалық  станциялар,

су асты корабльдері жəне басқа көптеген өндірістер жəне обьектілер жатады.

Қоршаған  табиғи  ортаның  түріне  қарай  өндірістік  орта  жер  бетінде  жəне

жер  астында, су  бетінде  жəне  су  астында, атмосферада, космоста  орналасқан

болып бөлінеді.

Өндіріс түріне қарай өндірістік орта өндіруші, ауылшаруашылық, құрылыс

мекемелерінің  ортасы, транспорт  жəне  байланыс  мекемелері, кеңселік  орта

болып бөлінеді.

Өндірістік  ортаның  қауіпсіздік  дəрежесінің  аспектісін  аз  ғана  қауіпті,

қауіпті, жоғары қауіпті жəне экстремальды болып бөлінуі мүмкін.

 Адамның  қоршаған  ортадағы  факторлары  (физикалық,  химиялық,

биологиялық, əлеуметтік) тура жəне жанама, жай жəне адамның еңбекке деген

қабілетіне, денсаулығына əсер етеді.

Мұндай жүйеде адам екі негізгі тапсырмаларды минимум ретінде шешеді:

-өзінің тамақтағы, судағы, ауадағы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді;

-тіршілік ортасындағы зиянды əсерлерден қорғауды пайдаланады.

Табиғи  зиянды  əсерлердің  көздеріне  климаттың  өзгеруі, жер  бетінің

жарықтылығы жəне стихиялық апаттар: жер сілкінісі жəне т.б. жатады.

Табиғи зиянды  əсерлерге  қарсы  қорғану  адамды тұрақты  күресуге мəжбүр

етеді. Қорғаныс  құралдарын  пайдалану  тамақтануда  адамды  барлық  зиянды

табиғи əсерлерден қорғайды жəне тіршілік ортасына да əсер етеді.

Көптеген  ғасырлар  тоғысында  адамның  өмір  сүру  ортасы  өз  бейнесін

өзгертті  жəне  де  салдар  ретінде  жағымсыз  əсерлердің  деңгейі  жəне  түрлері

мейлінше аз өзгереді. Бұл жағдай адамның қоршаған ортаға əсері белсенді өсе

бастаған  уақытқа  дейін  ХІХ  ғасырдың  ортасына  дейін  жалғасты. ХХ  ғасырда

жерде  биосфераның  қатты  ластанған  аумақтары  пайда  болды, соның  əсерінен

дербес  жағдайда, ал  жағдайлар  тізбегінде  жалпы  аумақтың  деградияға  əкеп

соқтырды. Бұл өзгерістерге мыналар өз əсерлерін тигізді.

- Жердегі қоныстардың жоғары өсу темпі (демографиялық жарылыс) жəне

оның ұрбандалуы;

- Энергетикалық ресурстарды тұтыну деңгейі жəне концентарциялау;

- Өндірістік  жəне  ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  интенсивті (жедел)

дамуы;


- Тасымал жабдықтарын (көптеп) қолдану;

- Əскерлік  мақсат  жəне  басқа  да  процестерге  жұмсалатын  шығындардың

өсуі;

Техносфера – ХХ ғасырдың басында биосфераның орнына келген.



Жаңа техносфераға адамның қаладағы жəне өндіріс орталардағы өнімділік,

тасымалдық, үй  жағдайлары  жатады. Барлық  ұрбандалған  қоныс, өмір  сүру




43

ортасы  биосферадан  əлдеқайда  ерекшеленеді, өйткені  мұнда  адамға  ең

алдымен  техногендік  жағымсыз  факторлар  əсер  ететін  техносферада  өмір

сүреді.


Адам  мен  техносфераның  өзара  əсерлесуі. Адам  жəне  оны  қоршаған  орта

(табиғат, өндірістік, қалалық, тұрмыстық жəне т.б.) өмір сүру процесінде ылғи

бір-бірімен  өзара  əсерлеседі. Оның  өзінде «өмір  тек  тірі  дене  арқылы  өтетін

заттың ағымы, энергиясы  жəне информациясының  қозғалыс процесінде болуы

мүмкін» (өмірдің сақталу заңы; Ю.Н. Куражковский).

Ағымның  кез-келген  шамасын  минимальды  мəннен  мүмкін  болатын

максимальды  мəнге  дейін  өзгертіп, «адам-қоршаған-орта» жүйесінде  өзара

əсерлесу жағдайларының сипаттамалық қатарын қарастыруға болады.

- комфортты (оптимальды), мұнда  ағымдар  əсерлесудің  оптималды

жағдайларына  сəйкес  келеді. Жұмыс  істеуге  жəне  демалысқа  қолайлы  жағдай

жасайды; мейлінше жоғары еңбекке бейімділігін туғызу үшін сілтемелер жəне

істің  өнімділігінің  салдары  ретінде; адамның  денсаулығының  жəне  қоршаған

ортаның тұтастығын сақтауға кепілдік береді.

- мүмкін  болатын (жіберілетін), бұл  жағдайда  ағымдар  адамға  жəне

қоршаған  ортаға  əсер  еткенмен, денсаулыққа  зиянын  тигізбейді, дегенмен

қолайсыз жағдайға əкеледі, яғни адамның іс-əрекетінің тиімділігін төмендетеді.

Мүмкін  болатын  өзара  əсерлесудің  шарттарын  орындату, адамда  жəне

қоршаған  ортада  жағымсыз  процестердің  пайда  болу  мүмкіндігіне  жəне

дамуына жол бермеуіне кепілдік береді;

- қауіпті, мұнда  ағымдар  мүмкін  болатын  деңгейлерден  асып  түседі  жəне

адамның  денсаулығына, ұзақ  əсерінде  аурудың  пайда  болуына  немесе

техносфераның  элементтерін  қоршаған  ортаның  деградацияға  əкеледі,

жағымсыз əсерін тигізеді;

- аса  қауіпті, мұнда  ағымдар  мүмкін  болатын  деңгейлерден  аз  уақыттың

ішінде  травма (жарақат) соқтырып, адамның  өмірін  қиюға, техносферада

төңкеріс жəне қоршаған ортаға жағымсыз əсер тигізуі мүмкін.

Төтенше  жағдайда  медициналық  көмек  беру  жүйесінің  маңызы.

Жиырмасыншы  ғасырда, ондаған  жұқпалы  аурулар  деңгейін  спецификалық

профилактика көмегімен төмендеді.

Сонымен 


бірге 

соңғы 


он 

жылдықтың 

оқиғалары, адам 

мен


микроорганизмдер  өмірі  жаңа  деңгейге  келгеніне  куəгер  болады. Жиі

кездесетін  кең  таралған  антибиотиктарының  қолданысы  ақталмағаннан  кейін

(мəселен  пенициллин, тетрациклин, стрептацилин  жəне  т.б.) адамның

лимундық  жүйесінде  тоқырау  пайда  болды. Иммундық  жүйесі  əлсіз  немесе

мүлде  жоқ  халықтың  ұрпақ  саны  өсті. Басқа  жағынан  қарасақ  вирустар  жəне

бактериялар  антибиотиктарды  көп  қолданғанның  нəтижесінде  мутацияға

ұшырады. Дəрілік  препараттарға  орнықты  микроорганизмдердің  штамптары

пайда  болды. Жұқпалы  аурулардың  күрт  өсуі  негізінен  осы 2 себепке

байланысты.

Туберкулез, мамерше  аурулары  күрт  өсті. Бұрында  кең  таралған  холера,

дифтерия  аурулары, біздің  ремпубликада  жəне  жақын  елдерде, алыс  шет



жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау