44
елдерде қайтадан өрледі. Бұл жарқылдың қауіптілігі өте үлкен, сол үшін
«қайтадан өрлеген жұқпалы аурулар» термині енгізілді.
Енді жұқпалы аурулардан келешекте құтыла алмайтынымыз жəне адамның
барлық мүмкіндігіне сенген жалған көзқарасымыздан, мына фактіге келу тура
келді; патология мəселесімен адамзат өмірінің барлық кезеңінде кездесеміз.
Басқа да елдердің эпидимиологтары, ауқымды медициналық қоғамдары,
мемлекеттік əскерлері жұқпалы аурулар мəселесінің шешілуі толғындыруда
жəне профилактика облысында мемлекеттік саясатта қайта қарастыруда.
Алғашқы дəрігерлік көмек – бұл жарақат алған жерде орындалатын өзіне
жəне өзара көмек қалпында өтетін қарапайым медицина ұйымының процессі,
сондай-ақ көмек отрядтарының қатысушылары (олар табельдік жəне қолдағы
жабдықтарды қолданады) көмекке келеді. Алғашқы медициналық көмектің
негізгі мақсаты – жарақаттаушының өмірін сақтап қалу, əсер еткен фактордың
жалғасқан өзара əсерін болғызбау жəне жарақаттанушының зақымданған
аймақтан жылдам эвакуациялануы. Алғашқы дəрігерлік көмектің оптимальды
уақыты – жарақат алғаннан кейін 30 минут. Дем алу тоқталған жағдайда бұл
уақыт 5-10 минутқа дейін қысқарады. Уақыт мерзімінің маңызы алғашқы
дəрігерлік көмек алған адамдардың (жарақат алғаннан кейін 30 минут)
жағдайларының жақсарлануы 2 есе төмен айтылған мерзімнен кейін дəрігерлік
көмек көрсеткен адамдарға қарағанда жақсарады. Ал көмекті алғаннан кейін 1
сағаттан кейін де болмауы адам өліміне əкеледі 30%, 3 сағатқа дейін 60 %, жəне
6 сағатқа дейін 90 % яғни адам өлімінің саны 2 есе өседі.
Əдебиеттер: негізгі [7-10, 12, 15-18, 20]; қосымша [3-15, 17, 18]
Бақылау сұрақтары:
1.
Өміртіршілік қауіпсіздігі облысындағы ҚР-ның заңдық актілері. ТЖ
анықтамалары жəне негізгі түсініктері.
2.
Адамның қоршаған ортасы.
3.
Қауіптердің анықтамасы, «адам-қоршаған орта» жүйесінде олардың
классификациясы жəне оның эволюциясы
4.
Адам мен техносфераның өзара əсері
5.ТЖ кезінде дəрігерлік ұйымдардың көмек беру жүйесі.
10-шы дəрістің тақырыбы: Төтенше жағдайлар. «Азаматтық қорғаныс
туралы» жəне «Табиғи жəне техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар
туралы» ҚР-ң заңдары.
Дəрістің конспектісі. Қазіргі қоғамның жоғары индустриалды дамуы,
экономика мəселелелерін шешуді жəне əлеуметтік жағдайдың өсуін
қамтамасыз ете, бір уақытта апаттық өніммен байланысты жағымсыз
құбылыстарды жəне осының салдары ретінде экологиялық жағдайлардың
нашарлауына əкеледі. Қауіпті табиғи құбылыстар мен стихиялық апаттар үлкен
зиян əкелуде. Осы құбылыстардың нəтижесінде жыл сайын жер бетінде 250-ден
бастап 300-ге дейін млн адам (салыстыру бойынша екінші дүниежүзілік
соғыста 50 млн. адам) қайтыс болады.
Материалдық шығын жүздеген миллиард американдық доллармен өтеледі.
ООН Департаментінің гуманитарлық сұрақтары бойынша жүргізілген
45
статистикалық мəліметтерге қарасақ, осы құбылыстар мен күресу мəселесі
мемлекеттікке қарағанда халықаралық мəселе болып барады. (Чернобыль,
Армения, Арал, Беслан т.б.). Осыған байланысты нəтижесінде апат, катастрофа,
стихиялық жəне экологиялық зардап келтіретін төтенше жағдайларды болжау,
ликвидациялау, профилактика жасау маңызды болып табылады.
Халықты төтенше жағдайдан қорғау үшін құтқару жəне басқа да жұмыстар
жүргізіледі.
Төтенше жағдайлар классификациясы жəне оның пайда болу себептері.
5.07.1996 ж. «Табиғи жəне техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар
туралы» ҚР заңы республика аумағында ескерту бойынша қоғамдық
қатынастарды жəне табиғи жəне техногенді төтенше жағдайлар ликвидациясын
реттейді.
Стихиялық - бұл табиғи құбылыс, ол заң бойынша кенеттен жəне қоныстың
қалыпты өмірін күрт өзгертетін, адам өліміне жəне үй шаруашылығына зиян
келтіреді.. Жануарларды, материалдық құндылықтарды жояды. Стихиялық
зардап - оның салдарынан төтенше жағдай пайда болады.
Апат – технологиялық процестің, механизмнің, жабдықтардың жəне
бекіністердің бұзылуы. Кең таралған апаттық салдарға жарылыстар, өрттер,
тасқындар, шахталардың құлауы жатады. Апат нəтижесінде атмосфераның
газдануы, мұнай өнімдерінің еруі, агрессивті сұйықтардың жəне қатты əсер
ететін улы заттар пайда болады.
Катастрофа – бұл кенеттен пайда болған адамның акциясы, стихиялық
немесе əлеуметтік апат, қоныстың ауқымды топтарының іс-əрекетінің
бұзылуымен сипатталатын, олардың өміріне аса қауіпті, экономикалық жəне
экологиялық шығын əкелетін құбылыс. Катастрофа-аймақтық немесе
глобальдық масштабты жойып жіберетін құбылыс
Катастрофалар масштабына жəне түрлеріне қарай жіктеледі:
Масштаб бойынша: кіші, орта жəне үлкен
Түрлері бойынша:
- табиғи (табиғи жəне стихиялық апаттар)
- жасанды (антропогенді, яғни адамның əсерінен пайда болған).
Табиғи:
1. Метеорологиялық (дауылдар, желдер, циклондар, өте
ыстық,
құрғақшылық, аяз, өрттер. найзағай).
2. Тектоникалық жəне теллургиялық (өрттер, жер сілкіністері, вулкандар).
3. Топологиялық (селдер, жарылыс, су тасқыны, тастардың құлауы).
4. Космостық (метеорологиялық жəне басқа да космостық денелердің
құлауы, олардың соқтығысуы).
Жасанды:
1. Тасымалды (космостық, авиациондық, өзендік, мұхитсыз, теміржол,
автомобильді).
2. Өндірістік (радиациялы, механикалық, химиялық, термиялық).
3. Арнайы ( бактериологиялық, эпидемиялық).
4. Əлеуметтік (соғыс, терроризм, қоғамдық жəне ұлттық ретсіздік,
ашаршылық, алкоголизм, нашақорлық, токсикомания).