Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf просмотр
бет32/32
Дата22.05.2018
өлшемі1 Mb.
#15907
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

76 

 

емес  сабақтар:  саяхат,  баспасөз,  сайыс,  сот,  дуэт,  кітапханалық,  мұражайда  өтетін 



сабақтар т.б. Мұғалімнің сабаққа  əзірлігіне қойылатын талаптар.  

Оқушы  білімін  есепке  алу  мен  бағалау.  Əдебиет  сабақтарында  білім  беру  мен 

бағалаудың  біртұтастығы.  Оқушы  білімін  бағалаудың  шығармашылық  сипаты.  Оқушы 

білімін  бағалаудағы  күнделікті  бағалау  мен  қорытынды  бағалаудың  мəні.  Білімді  əділ 

бағалаудың  оқушының  моральдық-психологиялық    тұрпатын  қалыптастыруға    жасайтын 

əсер-ықпалы.  

Үйге  тапсырма  беру,  оны  тексеріп  бағалаудың  критерийлері.  Тапсырманың 

түрлері.  Оқушының  білім  сапасының    тоқсандық,  жылдық  көрсеткіштері  негізінде 

бақыланатыны. Оқушы білімін есепке алу мен бағалаудағы мұғалім жауапкершілігі.  

Əдебиет  сабағының  көрнекілігі.    Əдебиет  сабақтарында    көрнекіліктерді 

пайдаланудың  мақсаты.  Көрнекіліктерді  сыныпта,  сыныптан  тыс  жұмыстарда, 

факультативтік  сабақтарда  пайдаланудың    елеулі  айырмашылықтарының  болатыны. 

Мұғалімнің    көрнекіліктерді  сыныпта  əдеби  білім  берудің  мақсатына  орай    таңдап 

алатыны.  Көрнекіліктердің  түрлері  (көру,  есту,  синтетикалық,  т.б.)  жəне  олардың 

пайдаланудың тəртібі.  

Сабақта 


пайдыланылатын 

техникалық 

құралдардың 

түрлері, 

олардың 

əрқайсысының  қызметі.  Сабақта  көрнекіліктер  мен  техникалық  құралдарды  тіл  дамыту 

мақсатында пайдаланудың жолдары.  

 

Қазақ əдебиеті сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының түрлері мен 

əдістемесі 

Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі    қазақ  əдебиеті    сабақтарындағы  тіл 

дамыту  жұмыстарының  мəн-мақсаты,  ғылыми-əдістемелік  негізі,  ерекшелігі.  Тіл  дамыту 

жұмыстарын жүргізуде пəнаралық байланыс  қызметінің маңызы. Мəнерлеп оқу, ауызша 

мазмұндау,  жатқа  оқу  жұмыстарының  оқушы  тілін  дамытудағы  рөлі.  Əртүрлі  жанрдағы 

шығармаларды  оқыту  үдерісінде  оқушыларды  жеке  сөздермен,  сөз  тіркестерімен,  

сөйлемдермен, жұмыс істей білуге баулудың жолдары.  

Оқушының  тілін  дамытудағы  жазба  жұмыстардың  алатын  орны.  Шығарма  жазу 

арқылы оқушының аналитикалық ойлау жүйесінің қалыптасатыны. Жазба жұмыстарының  

түрлері,  əдістемесі.  Оқушыны  шығарма  жазуға  үйретудің    əдістемелік  тəжірибелері. 

Мазмұндама,  эссе,  пікір  жаздырудың  жолдары.    Олардың  оқушының    əдеби  материалды 

есте  сақтау  қабілетін  дамытуға  жəне  жүйелі  түрде  бейнелі  сөйлеу    тілін қалыптастыруға 

тигізетін əсері.  

Ү-ҮІІ жəне ҮІІІ-ІХ сыныптарда шығарма жаздыру жұмыстарының  ерекшеліктері. 

Көркем  туындының  негізінде  жазылатын  жəне  еркін  тақырыптағы  шығармалардың 

əдістемесі.    Х-ХІ  сыныптардағы  тақырыптық,  бағдарламалық,    шығармашылық, 

публицистикалық шығарма түрлері. Шығарманың  оқушының жазу тілін қалыптастыруға 

əсер-ықпалы.  

Қазақ  тілінде  оқытпайтын  сыныптарда  қазақ  əдебиетіне  байланысты  тіл    дамыту 

жұмыстарын 

жетілдіру 

бағытындағы 

тəжірибелік 

жетістіктерден 

үйренудің 

маңыздылығы. 

 

Қазақ əдебиетін оқытудағы жаңа технологиялар. 

 Қазіргі 

кезеңде  əдебиетті  жаңа  педагогикалық  технологиямен  оқытуда 

қолданылатын əдістер, олардың мақсаты, дидактикалық, əдістемелік мəні, жоғарыда 

айтылған    əдістер  жүйесімен  сабақтастығы.Ұжымдық  оқыту,  дамыта  оқыту, 

сындарлы оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясын, ақпараттық технологияны  

қолданудың  кезеңдері  мен  əдіс-тəсілдері.  Жаңа  технологиямен  оқытуда  баланы 

көркем  шығармамен  таныстыра  отырып,  оның  өз  бетінше  жұмыс    істеу  талдау, 

салыстыру, жинақтау, əдеби тілмен жеткізе білу дағдыларын дамыту, ой еркіндігін, 



77 

 

белсенділігін  қалыптастыру,  өз  бетінше  шешім  қабылдауға  үйрету  жолдары. 



Ақпараттық технологияны пайдаланудың дидактикалық мəні. 

 

Сыныптан тыс жұмыстар мен сыныптан тыс оқуды ұйымдастырып өткізу 

жолдары. 

Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі    қазақ  əдебиеті  пəні  бойынша  өткізілетін 

сыныптан  тыс  жұмыстардың  мақсаты  мен  міндеттері.  Олардың  түрлері,  өткізу 

жолдары,  сабақ  тақырыптарымен,  оқушының  оқырмандық  қызығушылығымен 

байланыстылығы. Сыныптан тыс жұмыстарды  өткізудегі ақпараттық технологияны 

пайдаланудың  мəні.    Сыныптан  тыс  оқуға  арналған  оқу  материалының 

бағдарламалық мəні, басқа халықтар əдебиеті сабақтарымен өзара байланыстылығы. 

Оқушылардың  өз  беттерімен  қазақ  əдебиеті  шығармаларын  оқуына  басшылық 

жасаудың  типтік  формалары.  Сыныптан  тыс  оқуды  бақылау  мен  бағалаудың 

түрлері,  тиімді  жолдары,  тəсілдері.    Сыныптан  тыс  оқуға  байланысты  сабақтардың 

əдістемесі.  

 

Семинар сабақтарының тақырыптары 

 

1.  Көркем  шығарманы  оқып-талдау  жүйесін  қалыптастыруға,  басқа  тілді  мектептерде 



көркем шығарманы оқытудың жолдарын анықтауға Ы. Алтынсариннің қосқан үлесі.  

 

2. Қазақ əдебиетін оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқытудың даму кезеңдері. 



3.  Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептерде  қазақ  əдебиетін  түпнұсқада  оқытудың 

мақсаты мен міндеттері, дидактикалық мəні, ғылыми-əдістемелік негіздері. 

4. Мектептегі əдебиет курсының екі сатыға бөлінуі. Ү-ІХ сыныптардағы əдеби оқудың 

негізгі принциптері жəне Х-ХІ сыныптарда əдебиетті оқытудың ерекшеліктері. 

5.  Əдебиет  пəні  бағдарламасының  мемлекеттік  құжат  ретіндегі  қызметі,  қоғамдық 

мəні.  


6.  Əдебиет  оқулықтары  мен  оқу  құралдары.  5-8  жəне  9-11  сынып  оқулықтарының 

мазмұны мен ғылыми-əдістемелік аппараты.  Қосымша оқу құралдары мен əдістемелік 

нұсқаулар. 

6. Əдебиетті оқытудың əдіс-тəсілдері. 

7. Халық ауыз əдебиетінің түрлерін оқыту əдістемесі 

8. Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары. 

9.Лирикалық шығармаларды оқып талдаудың ерекшеліктері. 

10.  Драмалық  шығармаларды  оқытудың    оқушыларға  білім  беріп,  білік  пен  дағды 

қалыптастырудағы орны. 

11.  Көркем  шығарманы  орта  мектепте  оқытудың  реті,  кезеңдері,  оларды  өткізудің 

психологиялық негіздері. 

12. Кіріспе сабақтар,олардың мақсат-міндеттері, көлемі, өткізу жолдары.  

13. Көркем мəтінмен жұмыс істеу кезеңі.  Оқу, талдау жұмыстары, оларға қойылатын 

талаптар. 

14. Əдеби- теориялық  ұғым-түсініктерді оқыту жолдары. 

15.  Əдебиет  сабақтарының  ерекшеліктері,    түрлері  мен  типтері  Дəстүрден  тыс 

сабақтар. 

 

Студенттің оқытушымен бірлесе жасалатын өзіндік 



жұмысының (СОБЖ)  үлгі тақырыптары 

 

1.  1960-1990  жылдардағы  қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептерде  қазақ  əдебиетін  оқыту 



əдістемесінің  даму ерекшеліктері.  

 2.Оқыту  үдерісін  қоғам  талабына  сай  іске  асырудағы    əдістемелік  басылымдардың 

атқаратын рөлі     (тиісті жорналдарды саралап шығудың нəтижелеріне негіздеу). 



78 

 

 3.  Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердеі  қазақ  əдебиеті  пəнін    оқытудың  ғылыми-



əдістемелік негіздері. 

4. Оқулықтар мен хрестоматиялардың жаңаша оқытуға бағытталғандығы. 

5.  Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептерде  қазақ  əдебиеті  сабақтарының  мақсаты  мен 

міндеттері, түрлері. 

6. Кіріспе сабақтарында қолданылатын көрнекіліктердің түрлері. 

7.  Жаңа  тақырыпты  бекіту  мақсатындағы  сабақтарды  өткізу  ерекшеліктері  мен  əдіс-

тəсілдері.   

8.  Қайталау  сабақтарында  оқушылардың  орындайтын  шығармашылық  жұмыстары  мен 

тапсырмалары.  

9. Дебат, диспут сабақтары. 

10. Қорыту сабақтарының мақсаты, əдістемесі. 

11. Əдеби-теориялық ұғымдарды меңгертудің жолдары.  

12. Көркем шығарманы оқудың түрлері,  ерекшеліктері. 

13. Сөздік жұмыстың түрлері, өткізу жолдары.  

14.  Дəстүрлі  емес    қойылым,  концерт,  саяхат,  конференция  түріндегі  сабақтардың 

əдістемесі 

15. Тіл дамыту жұмыстарының   күрделі жəне қосалқы  түрлері. 

16. Деңгейлік тапсырмалардың түрлері, оларды тексерудің жолдары. 

17 Озық тəжіпибелерді меңгерудегі сабақ талдаудың алатын орны. 

18. Прозалық шығармаларды талдаудың негізгі жолдары.  

19.  Лирикалық  шығармаларды  меңгертуде  мəнерлеп  оқудың    алатын  орны,  мəнерлеп 

оқуға дағдыландыру жолдары. 

20. Оқушыларды қазақ ақын-жазушыларының өмірбаяндарымен таныстырудың жолдары.  

21. Прозалық шығармаларды оқыту əдістемесі.  

22.  Драмалық  шығармаларды оқытуда көрнекі жəне техникалық құралдарды пайдалануға 

қойылатын талаптар. 

23    Прозалық  шығармалар  мен  лирикалық  шығармалар  бойынша  өткізілетін  кіріспе 

сабақтарының өзіндік ерекшеліктері. 

24.  Лирикалық  шығармалар  бойынша  өткізілетін  сабақтарда  оқушыларға  берілетін 

тапсырмалардың түрлері, оларды тексерудің жолдары. 

25. Сатылай талдаудың мақсаты. 

26. Жоғары сыныптардағы əдебиет сабақтарында орындалатын шығармашылық жұмыстар 

мен тапсырмалар. 

27. Оқыту мен бағалаудың бірлігі. Оқушы білімін бағалаудың түрлері. 

28. Əдеби кейіпкер бейнесін талдау. 

29. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде салыстыра оқытудың орны. 

30. Сыныптан тыс оқу сабақтарын өткізудің əдістемесі.  

 

Студенттің өздік жұмысының (СӨЖ)  үлгі тақырыптары. 

1.  Əдебиетті  оқыту  əдістемесінің     психология,  педагогика,  əдебиет тарихы,  эстетика, тіл 

ғылым салаларымен, қоғам талаптарымен байланыста дамуы. 

2.  Республикамыздағы  орыс  мектептерінде  қазақ  əдебиетін  оқытудың  қалыптасу,  даму 

тарихы. 

3.  Қазақ  əдебиетін  қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептерде  оқыту  жөніндегі  пікірлер  мен 

түрлі  көзқарастардың  болуы  (əдістемелік  еңбектер  мен  баспасөз  материалдарына  шолу 

негізінде). 

4.  Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  əдебиеті  пəнінің  жаңа    мазмұны  мен 

құрылымы. 

6.  Əдебиетті  оқыту  əдіс-  тəсілдері  жөніндегі  көзқарастар  мен  оларды  жүйелеу  мəселесі 

жөніндегі еңбектер. 




79 

 

7.  Əдістемелік  құралдар  мен  нұсқаулардағы  оқушылардың  көркем  шығармаға  



қызығушылығын арттыру мəселелері. 

8. Əдебиет сабақтарының түрлері (берілген тақырыптар бойынша сабақ жоспарын жазып 

келу ). 

9.  Прозалық  шығармаларды  талдау  (мұғалімдердің  озық  тəжірибесінің  негізінде 

сабақтарға талдау жасау). 

10. Лирикалық шығармаларды мəнерлеп оқу əдістемесі. 

11. Драмалық шығармаларды оқытуға арналған сабақ жоспары. 

12. Жазба жұмыстар жөніндегі  ғылыми- əдістемелік ұсыныстар.                    

  

13.  Əдебиет  сабақтарында  көрнекіліктерді  тиімді  пайдалануға  қойылатын  талаптардың 



жолдары. 

14. Əдебиет сабақтарының ерекшеліктері. 

15. Əңгімелерді оқытудың əдіс- тəсілдері. 

16. Айтысты оқыту мəселелері. 

17. Əдебиет сабағын талдауға қойылатын талаптар. 

18. Сыныптан тыс оқу сабақтары. 

19. 5 сынып оқушыларының мəнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. 

20. 5-8 сыныптарда лириканы оқыту əдіс-тəсілдері. 

21. Мақал-мəтелдерді оқытуда берілетін  деңгейлік тапсырмалар. 

22.  Абай  шығармаларын  жаңа  технологиямен  оқытудағы  Қ.Бітібаеваның  тəжірибесінің 

мəні.  

23. Интерактивтік тақтаны қолдану кезеңдері. 



24. Прозалық шығармаларды оқытуда топтық əдісті қолдану жолдары 

25. 5-8 сыныптарда өткізілетін жазба жұмыстардың  əдістемесі. 

26.  Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде ежелгі дəуір əдебиетін оқыту. 

27. Қазақ ертегілерін оқыту əдістемесі. 

28. 5-6 сыныптарда əңгімелерді оқып талдау жолдары. 

29. Əдеби  кейіпкер бейнесін талдауда интерактивтік тақтаны қолдану. 

30.Сабақты қортындылауда қолданылатын тірек сызбалардың түрлері. 

 

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі» пəні 



бойынша бірінші аралық бақылау тапсырмалары. 

1.

 



Қазақ əдебиетін қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде оқытудың  басты мақсаты мен 

міндеттері.  

2.

 

Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы, салалары,  



зерттеу əдістері жөніндегі еңбектерге шолу. 

3.

 



ХХ  ғасырдың  60-  жылдары  оқу  орыс  тілінде  жүретін  мектептер  үшін  жасалған 

алғашқы бағдарламалары мен оқулықтарының мақсаты мен мазмұны.  

4.

 

Қазақ  əдебиетін  қазақ    тілінде  оқытпайтын  мектептерде  түпнұсқада  оқыту  ісінің 



қалыптасуы. 

5.

 



Оқу пəнінің мазмұны. (оқу бағдарламасының негізінде) 

 6. Оқулықтар, оқу құралдары, əдістемелік нұсқаулардың мазмұны, оқу үдерісіндегі орны. 

 7. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ əдебиетін оқытудың 

 өзіндік ерекшеліктері, психологиялық сатылары. 

8.  Кіріспе сабақтардың мақсаты, түрлері, əдістемелік жолдары. 

9. Көркем шығарманы талдау жолдары. 

10. Қорытынды сабақтардың мақсаты, өткізу кезеңдері, оқушының 

    шығармашылық белсенділін арттырудың амалдары. 

 

 

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі» пəні 



бойынша екінші аралық бақылау тапсырмалары 


80 

 

 

1.

 

Əдебиетті оқытудың əдіс-тəсілдері. Əдістерді жүйелеу мəселесі. 



2.

 

Əдебиет сабақтарының ерекшеліктері. Сабақ мақсаты, түрлері, олардың кезеңдері. 



3.

 

Эпикалық  шығармаларды  оқытуға  арналған  сабақтарды  жоспарлап  өткізудің 



дидактикалық жəне əдістемелік ұстанымдары. 

4.

 



Лириканы  оқытудың  ерекшеліктері.  Сабақтарды  ұжымдық  оқыту,  топтық  оқыту, 

дамыта оқыту негізінде өткізудің жолдары.  

5.

 

Əдебиет сабақтарында ақпараттық жүйені қолдану. 



6.

 

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ əдебиеті сабағында сөздік жұмысты 



өткізудің мəні, əдіс-тəсілдері. 

7.

 



Əдебиет пəні бойынша өткізілетін жазба жұмыстардың түрлері, əдістемесі. 

8.

 



Көрнекі құралдардың түрі, мақсаты пайдалану жолдары. 

9.

 



Тіл дамыту жұмыстарын өткізуде жаңа технологияны қолдану. 

10.


 

 Сыныптан тыс жұмыстар мен сыныптан тыс оқудың əдістемесі. 



 

 

ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ƏДЕБИЕТ 

Негізгі əдебиет 

1.  Оқу  орыс,  ұйғыр,  өзбек  тілдерінде  жүретін  жалпы  білім  беретін            мектептердің  5-9 

сыныптарына арналған қазақ əдебиеті пəнінің бағдарламасы.  Алматы, 2001. 

2. Қоңыратбаев Ə. Əдебиетті оқыту методикасы.  Алматы: Мектеп,  

  1985. 

3. Көшімбаев А. Қазақ əдебиетін оқыту методикасы. Алматы: Мектеп,  

  1969. 

4. Қоңыратбаев Ə. 4-7 кластарда əдебиетті оқыту методикасы.  Алматы: Мектеп, 1987. 

5.  Əбілқасымова  К.  Оқу  орыс  тілінде  жүретін  мектептерде  қазақ  əдебиетін  оқытудың 

теориялық негіздері. Алматы: Білім, 2010. 

 

 

Қосымша əдебиет: 



1. Орешникова И.М.  Абай в русской школе. Алматы: Мектеп, 1968.  

2. Дайырова Ə. Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту 

 Алматы: Мектеп, 1969 

3. Никольский В.Н.  Методика преподавания литературы в средней   

 школе. Москва:  Просвещение, 1972.  

4. Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту  

Алматы, 1974. 

5. Қирабаев С. Мектеп жəне қазақ əдебиеті. Алматы:  Мектеп, 1979. 

6. Русская и родная литература. /Под ред. Шанского Н.М.  Москва: 

 Просвещение, 1981. 

7. Мұқанов М. Жас жəне педагогикалық психология. Алматы, 1981 

8. Кудряшов Н. Взаимосвязь методов обучения на уроках 

 литературы. Москва: Просвещение,  1981. 

9. Взаимосвязь восприятия и анализа художественных  

произведений в процессе изучения литературы в школе.  /Под ред. 

О.Ю.Богдановой. Москва: Просвещение, 1984. 

10. Сатпаева Ш.К., Адибаев Х.А. Методическое руководство к  

 учебнику «Казахская литература для ІХ-Х классов русской 

 школы»  Алматы:  Мектеп, 1986. 

11. Шейман Л.А. Стимулирование самостоятельного чтения  

 школьников. Фрунзе: Мектеп, 1986. 

12. Программа по казахской литературе для 9-10 классов русских школ. Алматы, 1989 




81 

 

13.  Крутецкий  В.А.  Психология  обучения  и  воспитания  школьников.  –Москва: 



Просвещение,  1989.  -303с.  Беспалько  В.П.Слагаемые  педагогической  технологии.  

Москва, 1989. 

14. Дулатов М. Шығармалары. –Алматы: Жазушы, 1991. -384б.  

15. Абылкасымова К. Моделирование содержания казахской  

литературы для 5- 6 классов русской школы.  Автореф. дисс. канд. 

пед. наук. Алматы, 1992. 

16. Жуанышбеков Н.О. «Маргинальная литература и ее роль в образовании».  

  Алматы, 1992  

17. Бес арыс. /Құрастырған Д.Əшімханов. –Алматы: Жалын, 1992. -554б. 

18. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. -448б. 

19. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту.  

Алматы:  Рауан, 1994.   

20. Аймауытұлы Ж. Психология. –Алматы:  1995. -312б. 

21. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тəлім-тəрбиесі. Алматы, 1995 

22.  Əуезов  М.  Таңдамалы.  Монография,  зерттеулер,  мақалалар,  сөздер,  баяндамалар, 

хаттар. –Алматы, 1997. -510б. 

23Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары. 

-Алматы: Білім, 2000. -76б.  

24.  Педагогическое мастерство и педагогические технологии /Под ред. Л.К.Гребенкиной, 

Л.А. Байковой.- Москва, 2000. 

25. Бағдарламалар. Қазақ тілі мен əдебиеті. Орыс тілінде жалпы білім беретін мектептің 5-

7 сыныптарына арналған. –Алматы, 2003. -30б. 

26. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. 

- Алматы: Білім, 2003. -280б. 

27. Бітібаева Қ. Əдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. Алматы: Мектеп,  

  2003.  

28. Божович Е. Психология личности. –М., 2003.  

29.  Жұмажанова  Т.Қ,  С.Дүйсебаев.  Қазақ  əдебиетінің  əдістемесі.    Оқу  орыс  тілінде 

жүретін  мектептердің  9  сыныбына  арналған  «Қазақ  əдебиеті»  оқулығының  əдістемелік 

құралы. Алматы: Білім,  2003. 

30. Əбілқасымова К. Əрінова Б. Оқу орыс тілінде жүретін 

 мектептерде қазақ əдебиетін оқыту.  Алматы: Білім,  2005. 

31.  Құрманбаева  Г.С.,  Оразбаева,  Ф.Ш.,  Рауандина  А.Қ.  Əдебиет.  Оқу  кітабы.  Орыс, 

ұйғыр, өзбек мектептерінің 5 сыныбына арналған оқулық. –Алматы: Білім, 2005. -100б. 

32. Əбілқасымова К., Мақпырұлы С., Əрінова Б. Қазақ əдебиеті. Оқу орыс тілінде жүретін 

мектептердің 6 сыныбына арналған оқулық. 5 - басылымы. –Алматы: Білім, 2006. -112б. 

33. Адамбаева Ж., Дəулетбекова Ж., ƏбішеваН. Қазақ əдебиеті. Оқу орыс тілінде жүретін 

мектептердің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Білім, 2006.-112б.  

34. Құрманбай Г., Рауандина А. Қазақ əдебиеті. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 8-

сыныбына арналған оқулық. –Алматы: Білім, 4-басылымы.  

   2006. -120б. 

35. Сейталиев Қ. Педагогиканың жалпы негіздері. –Алматы:Өлке, 2007. 

36. Əбілқасымова К., Жұмажанова Т. Əдебиет пəні бойынша студенттерді педагогикалық 

іс-тəжірибеден өткізу. Алматы, 2009 

37. Кукушин, В. С. Введение в педагогическую деятельность.  

     – Ростов-на-Дону: Феникс, 2010.– 256  

     38. Мырзагельдинова Ұ. Жаңа технологияны пайдалану жолдары. //Қазақ тілі  

     мен əдебиеті, №11, 2012. 

    39. Бітібаева Қ. Мектепте Абайды оқытудың жаңашыл технологиясы.  

  Алматы: Дəуір, 2012. 




82 

 

40.  Сүлейменова  Г.  Қазақ  тілі  мен  əдебиеті  сабақтарында  сын  тұрғысынан  ойлау 



технологиясын қолдану. //Қазақ жəне əлем əдебиеті, №6(60), 2013. 

 

Нормативті құжаттар:  

1. Қазақ əдебиетін оқыту  тұжырымдамасы. Алматы, 2000.  

2. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім.  Астана,  2006. 

3.    Қазақстан  Республикасының  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарына  арналған 

Мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 ж. 



 

Авторлары: 

Əбілқасымова Күлтай – п. ғ. к., доцен  т Абай атындағы ҚазҰПУ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау