Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf просмотр
бет24/32
Дата22.05.2018
өлшемі1 Mb.
#15907
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32

59 

 

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі пəніне арналған оқу-əдістемелік 



кешен:  бағдарлама,    оқулық,    мұғалім  кітабы,  дидактикалық  материалдар,  лексикалық 

минимум, диктанттар мен мазмұндамалар жинағы, оқушылардың тілін дамытуға арналған 

хрестоматиялар, сынақ, емтихан сұрақтары, тест жинағы, деңгейлік тапсырмалар жинағы, 

сөздік,  суреттер,  тірек-сызбалар,  кеспе  қағаздар    жинағы,  қызықты  грамматика 

материалдары, т.б.  талданады. 

Қазақ  тілі  оқулықтары.  Өзге  тілді  мектептердегі  қазақ  тілі  оқулықтарының 

ерекшеліктері.  Оқулыққа  құрылымдық,  мазмұндық  талдау  жасау.  Оқулықтардағы 

сөйлесім  əрекетінің  түрлерін  (тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  жазылым,  тілдесім) 

меңгертуге бағытталған қатысымдық тапсырмаларды саралау. 



 

Оқу-əдістемелік  кешен.  Оқу-əдістемелік  кешеннің  жүйесі:    оқу  бағдарламасы, 

оқулық,  мұғалімге  арналған  əдістемелік  нұсқаулық,  оқу  кітабы,  жаттығулар  жинағы, 

лексика-грамматикалық  минимум,  тест  жинағы,  сөздіктер.  Техникалық  құралдар: 

компьютер,  электронды  оқулықтар,  элетронды  көрнекі  құралдар,  интерактивті  тақта, 

проектр қондырғыларды пайдаланып үйрену.  

 

 

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде 

“Қазақ тілі” пəні арқылы меңгертілетін құзіреттіліктер 

Құзіреттілік  түрлері:  лингвистикалық  құзіреттілік,  қатысымдық  құзіреттілік, 

лигвомəденитанымдық  құзіреттілік,    ақпараттық  құзіреттілік,  проблемалардың  шешімін 

табу құзіреттіліктерінің құрауыштары таратылады.   



 

Қазақ тілін оқыту əдістемесінің жүйесі 

Қазақ тілін оқыту  əдістемелік жүйесі: оқытудың мақсаты, міндеті, білім мазмұны, 

оқыту  формалары,  əдістері,  күтілетін  нəтижелері  жеке-жеке  жəне  өзара  сабақтастықта 

түсінідіріліп талданады.  

 

Қазақ тілін деңгейлік оқытудағы инновациялық технологялар: түрлері, 

ерекшеліктері, сипаты 

Қазақ  тілін  деңгейлік  оқытуда  нəтижелі  болуы  инновациялық  технологияларды 

сараланады.  Оқыту  технологиялары  сөйлесім  əрекетінің  түрлерін  меңгерту  тұрғысынан 

талданады, меңгертіледі.  

 

Қазақ тілін деңгейлік оқытудағы интерактивтік əдістер. Қазақ тілін 

оқытудың формалары 

Қатысым  əдісі.  Қатысым  əдісінің  негізгі  мақсатын  түсіндіру.  Қатысым  əдісінің 

тілдесім  процестері:  тыңдау,  оқу,  сөйлеу,  жазу,  əрекеттері  арқылы  іске  асуын,  қатысым 

əдісінің оқу үдерісінде монологтік, диалогтік, полилогтік тілдесімге қажетті жағдайларды 

туғызуын таныту.  



Интерактивті  əдістер  білім  алушылардың  түрлі  топтық,  жұптық,  ұжымдық 

тапсырмаларды  орындау  барысындағы  өзара  əрекетін  ұйымдастырудың  тиімді  жолы 

ретінде қолданылатыны түсіндіріледі. 

Қазақ тілі  сабақтарының түрлері жəне ішкі құрылымы мен жүйесі, сабақ жүгізу 

ерекшеліктері  талданады.  Қазақ  тілі  сабақтарының  түрлері:  аралас,  жаңа  білім  беру, 

қорытындылау,  панорамалық,  дебат,  пікірталас,  жарыс,  интербелсенді,  т.б.  сабақтар.   

Қазақ  тілі  сабақтарының  құрылымы.  Қазақ  тілі  сабақтарының  танымдық,  білімдік, 

тəрбиелік,  дамытушылық  міндеттерін  анықтап  үйрену.  Күнтізбелік  жоспар  дайындау. 

Сабақ жоспарын жасау. Жаңа сабақтарға тұсаукесер дайындау. 



 

Диктант  жүргізу.  Диктант  түрлері:  сөз  диктанты,  сөздік  диктанты,  сөйлем 

диктанты,  көру  диктанты,  өздік  диктанты,  терме  диктант,  түсіндірме,  еркін,  бақылау, 

шығармашылық  диктанты.  Диктанттың  мəтініне,  көлеміне  қойылатын  талаптар. 

Диктантты жүргізу əдістемесі. Диктантты тексеру мен бағалау нормалары. 




60 

 

 



Қайталау  сабақтары.  Қайталауды  жүргізу  əдістемесінің  ерекшеліктерін  талдау. 

Жинақтай  қайталау.  Күнделікті  қайталау.  Тоқсандық  қайталау.  Теориялық  материал  мен 

практикалық материалды қайталау ерекшеліктерін талдау. 

 

Қазақ  тілінен  сабақтан  тыс  жұмыстар  жүргізу.  Қазақ  тілінен  сабақтан  тыс 

жұмыс  жүргізудің  əдіс-тəсілдер  жүйесі,  олардың  мақсаты  мен  міндеттері.  Қосымша 

сабақтар  ұйымдастыру.  Қазақ  тілінен  сыныпаралық,  мектепаралық  жарыстар  жүргізу. 

Экскурсиялық  сабақтар  ұйымдастыру.  Ғылыми  жобалар  ұйымдастыру.  Қазақ  тілін 

тереңдетіп оқытатын мектептердегі “Арнаулы курстар” жүргізу əдістемесі.  

 

Сөйлесім əрекеті – қазақ тілін деңгейлік оқытудың тетігі 

Сөйлесім əрекеті түрлерінің нəтижелерін, сөйлеу біліктіліктерін таратып түсіндіру. 

  

Сөйлесім əрекеті түрлерін қалыптастыру əдістемесі 

 

Сөйлесім  əрекетінің  түрлерін  (тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  жазылым,  тілдесім) 

қатысымдық  бағытта  өзара  сабақтастыра  қолданудың,    білім  алушының    қазақша  дұрыс  

сөйлеуі мен сауатты жазуына ықпал етудің амалдары меңгертіледі. 



 

Грамматиканы қатысымдық тұрғыдан оқыту əдістемесі 

 

Грамматиканы меңгерту 



Қазақ  əліпбиі.  Тіл  үйретудегі  фонетикалық  дағдылардың  маңызын  таныту.  Қазақ 

тілін  меңгертудегі  дыбыс,  əріп,  буын,  тасымал,  үндестік  заңы,  орфография  мен 



орфоэпия, екпіннің рөлін түсіндіру. Қазақ тіліндегі сингармонизм заңы.  

Қазақ  тіліндегі  дауысты  жəне  дауыссыз  дыбыстар  жүйесін,    олардың  айтылуы, 

жазылуы  жəне  қолданылуындағы  ерекшеліктерді  талдау.  Дауысты  жəне  дауыссыз 

дыбыстардың тіркесім заңдылықтарын түсіндіру.  

Дыбыстар  үндестігі:  буын  үндестігі  жəне  дыбыс  үндестігі.  Фонетикалық 

дағдыларды қалыптастыруда орындалатын жұмыс түрлерін жүйелеу.  

Қазақ  əліпбиін  тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  жазылым  əрекеттері  арқылы 

меңгерту жолдарын талдау.  

Гармматикалық  минимумдарды  анықтаудың  ұстанымдарымен  таныстыру. 

Грамматиканы коммуникативтік, функционалдық тұрғыдан сұрыптауға үйрету. Мектепте 

грамматиканы қатысымдық тұрғыдан меңгертудің тиімді əдістерін саралау.  

Грамматикалық  дағды,    оның  түрлері  жəне    грамматикалық  дағдының       

қалыптасуы. Грамматикалық    дағдыны     қалыптастыру     функционалдық     бағытта 

жүреді.  Грамматикалық      форма    мен    функцияны    бірлікте  үйрету  жолдары. 

Грамматикалық  дағдыны  қалыптастыруда  жүргізілетін    кешенді  жаттығу  түрлерін 

дайындау . 

  

Қазақ тілін үйретуде дағдының қалыптасу кезеңдері:  

      1. Құрылымды қабылдау. 

      2. Имитациялық. 

      3. Орын ауыстыру.  

      4. Трансформациялық. 

      5. Репродукциялық. 

      6. Құрамалау. 

      Дағды:  əрекетті  дұрыс  орындау,  санадан  тыс  (автоматтандырылған)  орындау, 

назардың  тек  мағынаға  аударылуы,  орындау  темпі,  аударуға  қабілеттілік    қасиеттерін 

қамтиды.  



 

Дағдыны қалыптастыруда орындалатын жаттығу түрлері: 

      1. Имитациялық жаттығулар. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау