74
Талдаудың мақсатына жету əдістің санына байланысты емес, мұғалімнің əдістеме
ғылымы мен тəжірибесіндегі талдаудың жолдарын шығарманың тақырыптық, мазмұндық,
көркемдік ерекшеліктеріне үйлестіре ала білгендігінде. Образ бойынша талдау, тұтас
талдау, проблема қойып талдау жолдарының ерекшеліктері. Қазақ тілінде оқытпайтын
мектептерде салыстыра талдауды қолданудың мəні, түрлері мен əдіс- тəсілдері.
Көркем шығарманың сыныптар жүйесі бойынша белгіленген əдеби білім көлеміне
сай талдау арқылы жүзеге асатыны. Əдеби- теориялық ұғымдарды меңгерту мақсатында
атқарылатын жұмыстар. 5-9 сыныптарда жəне 10-11 сыныптарда əдебиеттен берілетін
əдеби-теориялық ұғымдар. Көркем туындыны талдаудың жаңашыл технологиясы.
Қорытынды сабақтарда алдыңғы сабақтарда атқарылған істерді жинақтап қорыту,
оқушылардың тақырып бойынша естіп-білгендерін бекіту, тереңдете түсу мақсаты
қойылады. Мұғалімнің қорытынды сөзі, оқушыларға берілетін тапсырмалар олардың
білімдерін тереңдете түсуді, шығарманың жаңа бір қырларын көрсетуді, идеялық-
көркемдік өзгешілігіне назарларын аударуды көздейді. Мұндай сабақтарда оқушылардың
шығармашылық тапсырмаларын орындауларына ықпал ету, сөздік қорын молайту, ой-
өрісін кеңейту мəселелері де өз шешімін тауып отырады. Шығарманы оқып талдауға,
жинақтауға арналған сабақтарда басқа тілді мектеп оқушыларының əдеби білімдерін
ескеріп отырудың қажеттілігі.Қорытынды сабақтарда өткізілетін жазба жұмыстардың
орны.
Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне
сай оқыту əдістемесі
Қазақ тілінде оқытпайтын мектепте эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік
ерешеліктері. Эпикалық шығармаларды оқудан өткізу жолдары. 5-8, 9-11 сыныптарда
эпикалық шығармаларды талдаудың талаптары. Эпикалық шығармаларды сюжеттік,
композициялық қырларының негізінде талдау түрлері, тиімділігі. Образдық талдаудың
ұтымды жақтары, əдіс- тəсілдері, эстетикалық, тəрбиелік, əлеуметтік мəні. Проблемалық
талдау, проблемалық сұрақ. Эпикалық шығармаларды оқытуда автордың позициясын
көрсете білу, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, шығармашылық тапсырмаларды
орындауға бейімдеу мəселелері.
Эпикалық шығарманың мəн- мақсатын меңгертуде сюжет пен композиция, образдар
жүйесі, эпизод, детальдер талдауға алынып, осы жолдағы сұрақтар мен тапсырмалар
алдын ала əзірленуге тиісті.
Лириканы оқыту. Лириканың көркемдік табиғаты мен оны оқып- талдаудың өзара
сабақтастығы жөнінде. Мектеп бағдарламасы ұсынған лирикалық шығармалардың
тақырыптық жүйесі. Оларды 5-6, 7-9, 10-11 сыныптарда оқытудың ерекшеліктері, тиімді
жолдары. Лирикалық шығармаларды теориялық жағынан оқытып, үйретудің əдістемелік
мəні, оқушылардың қызығушылығын, эстетикалық сезімдерін жетілдірудегі орны.
Лирикалық шығармаларды оқытуда музыканы, суретті, актерлардың оқығандары
жазылған үн таспаларды пайдаланудың тиімділігі. Лирикалық шығармаларды оқытуға
байланысты орындайтын шығармашылық жұмыстардың қайсы болмасын оқушылардың
эстетикалық сезімдерінің дамуына ой түрткі болып, олардың тіл көркемдігіне назар
аударуына, көзқарастарының жетілуіне, дұрыс сөйлеп, өз ойларын толық жеткізе
білулеріне бағытталады.
Драмалық шығармаларды оқыту. Əдеби шығармалардың ішінде драманың өзіне тəн
жанрлық ерекшелігі, қызметі болатыны жөнінде. Оқушыларды драмалық шығармалардың
заңдылықтарымен таныстырудың күрделілігі. Бұл шығармаларды оқытуда кіріспе
сабақтардың алатын орны, түрлері. Драмалық шығармаларды оқып талдаудың тиімді
əдіс- тəсілдері, көркемдік компоненттерін қарастырудың жолдар, шығармашылық
тапсырмалардың түрлері.. Драмалық жанрға қатысты əдеби-теориялық ұғымдарға назар
аударудың мəні (акт, көрініс, монолог, диалог, ремарка, тартыс т.б.) Оқуға алынған
шығармадан өрісті білім беру сол шығарманы жан-жақты қарастыру кезінде іске
асырылып отырылады. Талдау жұмыстары оқушыны шығарманың ішкі мазмұнына
75
жетелейді, жазушының қойған мəселелерін түсінуге, оның ой-сезімдеріне ортақтасуына
жол ашады.
Қазақ əдебиеті пəнін оқытудың əдіс – тəсілдері.
Сабақ мақсаты мен мазмұнын іске асырудағы əдіс-тəсілдердің тиімділігі. Қазақ
əдеби шығармаларын оқыту саласында əдіс-тəсілдер алғаш рет Ы. Алтынсариннің
енбектері мен тəжірибесінде орын алғандығы. Педагог баланың мəтінді түсініп оқуына
үлкен мəн беріп ол үшін сабақ бойында түсіндірмелі оқу, сөздік жасау, оны мазмұндау
үстінде қолданып отыру, мəнерлеп оқу, жатқа оқу сынды əдіс- тəсілдерді қолданғаны.
Əдіс жəне тəсіл, олардың өзара сабақтастығы, көп түрлілігі. Əдістерді жіктеп,
жүйелеп зерттеудің тəжірибесі. Оқыту əдістер жүйесін М.Н.Скаткин мен И.Я. Лернердің
бес топқа бөліп қарастырғаны. Əдебиетті оқыту əдістерін əдіскер- ғалым В.В.Голубков
оқу əдістері, зерттеу, практикалық деген топтарға бөлгендігінің ғылыми-тəжірибелік
негізі.
Орта мектепте əдебиетті оқып талдаудың соңғы жылдарда төрт түрлі
əдістердің негізінде жүргізілетіні. Бұл жүйенің авторы əдіскер - ғалым Н.Я.Кудряшовтың
ұстанған əдістемелік принциптері.
Əдеби оқу əдісі (творчестволық оқу əдісі). Бұл əдістің шығарманы алғаш оқыту
барысында қолданылатыны. Басқа тілді мектептердің оқушыларының көркем шығарманы
оқып түсіну, қабылдау ерекшеліктері. Оқушының тақырыпқа қызығушылығын ояту осы
əдістің негізі мақсаты. Əдістің жекеленген тəсілдері. Шығарманы оқытуда балалардың
назарын бейнелі сөзге аудару, сөзді тыңдауға, одан əсер алуға, оны бағалай білуге, дұрыс
сөйлеуге дағдыландырудың жолдары.
Талдау əдістері (эвристикалық əдістер). Шығарманы талдауда эвристикалық
əңгіменің, сұрақтарға жауап тауып беру, кейіпкерлер топтарын қарастыру, оларға
мінездеме беру, өз пікірлерін айтқызу сынды т.б. тəсілдердің мəні. Шығарма мəтініндегі
тілдік, көркемдік, адамгершілік, қоғамдық- əлеуметтік, философиялық мəселелерді
танытудың жолдары.
Зерттеу əдісі. Зертеу əдісінің мақсаты- шығарманың күрделі жақтарын
оқушыларға жеткізу, олардың ізденушілік қабілетін, көркемдік талғамын дамыту. Зерттеу
əдісінің тəсілдері, олардың күнделікті қолданыла бермейтіндігі. Проблемалық талдау
тəсілдерінің оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, ғылымға бейімдеудегі қызметі.
Репродуктивтік əдіс. Бұл əдіске тəн тəсілдер, тапсырмалар, олардың тиімділігі.
Репродуктивтік əдіспен жұмыс істеу барысында оқушыларға берілетін шығармашылық
тапсырмалардың түрлері.
Аталған оқыту əдіс-тəсілдердің тиімділігі əр сабақтың мазмұны мен мақсатына,
балалардың жас ерекшелігіне, сөздік қорына, қазақ тілін меңгеру дəрежесіне байланысты
болатыны.
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі
қазақ əдебиеті сабақтары
Сабақ- оқыту процесінің негізгі түрі. Дəстүрлі сыныптық- сабақтық жүйе, оның
негізгі ерекше белгілері. Сабақты əзірлеп өткізудегі мұғалімнің жетекші рөлі. Қазақ
тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ əдебиеті сабақтарының ұлттық мектептердегі
əдебиет сабақтарынан айырмашылығы, мақсаттары мен міндеттері. Сабақтың типтері,
басты элементері, олардың өзара байланыстылығы. Қазақ тілінде оқытпайтын
мектептердегі қазақ əдебиеті сабақтарында қолданылатын көрнекіліктердің түрлері,
қосымша дидактикалық материалдардың тиімділігі, оларды пайдаланудың əдістемелік
жолдары. Сөздік жұмыс, оның түрлері, шығарманы оқып талдау кезеңіндегі жəне
оқушының сөздік қорын молайтудағы орны.
Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлаудың оқушының жүйелі
əдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастырудағы рөлі. Күнтізбелік, тақырыптық сабақ
жоспарларын жасау əдістемесі. Тақырыптық жоспар жəне сабақ жоспарларының
құрылымы. Сабақ түрлері. Жаңа сабақ, қайталау, тексеру, бекіту сабақтары. Дəстүрлі