Ағзадағы судың мөлшері, оның кейбір үлпалар арасындағы таралуы. Судың ағзадағы
маңызы. Ағзаның маңызды сулы - дисперсті жүйелері: қан, лимфа, несеп, сілекей және т.б.
олардың химиялық құрамы.
Адамның суға деген сұранысы және оны қанағаттандыру жолдары. Экзогенді су. Зат
алмасу реакцияларындағы эндогенді судың түзілуі. Судың қорға жиналуы. Судың жасуша
мембранасы арқылы тасымалдану ерекшеліктері. Судың ағзадан шығарылуы. Ағзада су
тепе- теңдігін реттеудің биоимиялық механизмдері, дене жұмысы кезіндегі су тепе-
тендігінің өзгерісі.
Адам ағзасындағы макро-, микро- және ультрамикроэлементтер мөлшері. Иондардың
жасуша құрылымдары түзілуіндегі және биополимерлердің кеңістікті конформациясын
ұстауға қатысуы. Иондардың мембрандық потенциал түзілуіне, осмостық қысым және
ағзаның сұйық ортасының белсенді реакциясын реттеуге қатысуы.
Ағзаның буферлік жүйелері. Ағзаның сұйық ортасының қышқыл-сілті тепе-тендігін
реттеу.
Ағзаның әртүрлі минералды қоспаларға қажеттілігі және оның сыртқы орта
жағдайларына, қызметтік күйіне байланысты өзгерістері. Иондар тасымалдануының
ерекшеліктері және олардың ұлпалармен, мүшелермен таралуы. Иондардың термен және
несеппен шығарылуы. Минералды алмасу реттелуінің биохимиялық механизмдері. Дене
жұмысы кезіндегі минералды заттар алмасу ерекшеліктері.
9. Адам ағзасындағы зат алмасу процестерінің өзара байланысы және реттелуі
Көмірсулар, майлар және белоктар алмасуларының өзара байланысы; аралық
өнімдердің түзілуі; басты метаболиттер айналымының бірдей жалпы жолдары; әртүрлі
қосылыстардың өзара айналулары. Әртүрлі қосылыстар метаболизміндегі А—
ацетилкоферменттің орталық маңызы. Химиялық реакциялар жылдамдығы -негізгі
реттеуші фактор.
Ағзаның маңызды реттегіш жүйелері: жасуша деңгейіндегі өздігінен реттеу жүйесі,
эндокринді жүйе, жүйке жүйесі, жасушалы ажырату жүйесі.
Реттегіш әсерлердің жасуша деңгейінде жүзеге асу жолдары.
Қызметті салмақтың әсер ету заңы бойынша реттеу. Реакция
жъілдамдьіғьін субстраттар және кофакторларға қолайлы өзгерістер
есебінен
реттеу.
Жасуша
мембраналарының
және
жасушааралық
құрылымдардың
зат
алмасуды
реттеуге
қатысуы.
Фермент
белсенділігін реттеу. Реттегіш ферменттер
туралы түсінік.
Жасушадағы ферменттер мөлшерінің реттелуі; ферменттер түзілуінің индукциясы және
репрессиясы.
Заттар алмасуының эндокринді реттелуі. Гормондардың химиялық
табиғаты жайында
жалпы түсініктер: гормондар-белоктар;
гормондар-аминқышқылдарының туындылары, стероидты гормондар. Гормондар
рецепторлары. Тізбекті АМФ, ГМФ және кальций иондарының гормондар мен
ферменттер белсенділігі өзгеруіндегі маңызы. Гормондардың мембрана өткізгіштігіне
әсері. Гормондардың ферменттер түзілуінің индукциясындағы және репрециясындағы
маңызы.
Заттар алмасуының жүйкелік реттелуі. Заттар алмасуының жүйке ұлпасындағы
ерекшеліктері. Медиаторлар түзілуі, олардың жасуша деңгейінде өздігінен әсер ету
механизмі мен химизмі.
10. Спорттық биохимия. Бұлшық еттер және бұлшық ет жиырылуы биохимиясы
Бұлшық еттердің химиялық құрамы. Бұлшық еттегі судың,
белоктардың,
көмірсулардың, липидтердің және минералды
заттардың мөлшері. Бұлшық еттегі макроэргтік қосылыстар, олардың концентрациясы
және бұлшық ет талшығында таралуы. Бұлшық еттің маңызды белоктары: миозин, актин,
тропонин, тропомиозин, саркоплазма белоктары, ядро белоктары, олардың қасиеттері
және бұлшық ет талшығындағы құрылымды бірлігі. Миофибриллдердің молекулярлық
құрылысы.
Бұлшық ет жиырылуы кезінде химиялық реакциялардың реті. Бұлшық ет
жиырылуының ацетилхолинмен белсендірілуі. Бұлшық ет жиырылуы процесіндегі
кальций иондары және молекулалық белоктардың маңызы. Миозиннің АҮФ-лық
белсенділігі және оның бұлшық ет жиырылуы қызметіндегі маңызы. Жиырылу
процесіндегі актиннің және миозиннің өзара әсері. Бұлшық ет босаңсу кезіндегі химиялық
реакциялар. АҮФ-ның бұлшық ет қызметіндегі екі кезенді маңызы.
11. Бұлшық ет қызметі кезіндегі қуат көздері
АҮФ-ы концентрациясының тұрақтылығы - бұлшық еттердің жиырылу өрекетінің
қажетті шарты. Бұлшық ет қызметі кезінде АҮФ-ы қайта түзілуінің анаэробты және
аэробты жолдары. Осы процестердің сипаттамасы: қуаттылығы, метаболиттің
сыйымдылығы, қуаттың тиімділігі, жылжымалы жылдамдылығы.
АҮФ-ң креатинфосфокиназа реакциясында қайта түзілуі. Дене
жүктемелері
кезіндегі
креатинфосфокиназды
реакциялар
жылдамдығын реттеу ерекшеліктері. Бұл реакцияның бұлшық ет қызметін қуатпен
қамтамасыз етудегі маңызы.
АҮФ-ң гликолиз процесінде қайта түзілуі. Бұлшық етқызметі кезінде гликолитті
процесті реттеу ерекшеліктері. Бұлшық ет қызметі кезінде сүт қышқыльшың зат алмасуға
әсері. Янтарь қышқылының анаэробты түзілуіндегі АҮФ-ң қайта түзілуі.
Миокиназды реакция, жүмыс жасап түрған бұлшық еттердегі АҮФ-ы
концентрациясының тұрақтылығын сақтаудағы және қуат алмасу ферменттерінің
белсенділігін реттеудегі маңызы.
АҮФ-ң тотықтыра фосфорлану процесінде қайта түзілуі; оның бұлшық ет қызметін
қамтамасыз етудегі маңызы. Әртүрлі сипатты дене жүктемелері кезінде тотығу және
фосфорлану деңгейінің өзгерістері.
12. Бұлшық ет қызметі кезіндегі адам ағзасында болатын биохимиялық
өзгерістер динамикасы. Шаршаудың биохимиялық негіздері
Жұмыс кезіндегі оттегі қолданылуы. Оттегі тасымалдануының биохимиялық негіздері
және оның бұлшық етте қорға жиналуы. Қанның және ұлпалардың химиялық құрамы
және температурасы өзгерістерінің оттегін тасымалдаушы белоктармен химиялық
байланысу процестеріне әсері. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі тұрақты күй және оттегі
қолданылуы туралы түсінік. Оттектік мұқтаждық және оттектік борышқа әкеп соғатын
биохимиялық процестер. Жаттығу қуатының қүндылығы және оттетік қажеттілік.
Әртүрлі сипатты бұлшық ет қызметі кезінде қуат көздерін пайдалану ерекшеліктері.
Бұлшық ет қызметі кезіндегі қуат алмасуының реттелуі.
Әртүрлі сипатты бұлшық ет қызметі кезінде қаңқа бұлшық еттеріндегі, қандағы,
миокардтағы, бауырдағы, мидағы биохимиялық өзгерістер. Жұмыстың қарқыны және
ұзақтығына байланысты дене жаттығуларын жіктеудің биохимиялық белгілері.