Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет65/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   100

203
3.  Ата-ана  құқықтарын  шектеу  туралы  талапты  баланың 
жақын  туыстары  жəне  баланың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  ұйымдар,  сондай-ақ  прокурор 
береді.  
4.  Ата-ана  құқықтарын  шектеу  туралы  iстер  прокурордың 
жəне қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функциялар-
ды жүзеге асыратын орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен 
қаралады.  
5.  Ата-ана  құқықтарын  шектеу  туралы  iстер  қаралған  кезде 
сот ата- аналардан балаға алимент өндiрiп алу туралы мəселенi 
шешуге құқылы.
80-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары
1. Сот ата-ана құқықтарын шектеген ата-аналар баланы жеке 
өзi  тəрбиелеу  құқығынан  айрылады,  ал  осы  Кодекстің 79-бабы                              
2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, балала-
ры бар азаматтар үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен мемлекеттiк 
жəрдемақыға құқығынан да айрылады.  
2.  Ата-ана  құқықтарын  шектеу  ата-аналарды  баланы  күтіп-
бағу жөнiндегi мiндеттерден босатпайды.  
3. Өзiне қатысты ата-аналарының ата-ана құқықтары шектел-
ген  бала  тұрғын  үй-жайға  меншiк  құқығын  немесе  тұрғын  үй-
жайды пайдалану құқығын сақтайды, сондай-ақ ата-аналарымен 
жəне  басқа  да  туыстарымен  туыстық  фактiсiне  негiзделген 
мүлiктiк құқықтарын, оның iшiнде мұра алу құқығын сақтайды. 
4. Ата-аналарының екеуiнiң де ата-ана құқықтары шектелген 
жағдайда  бала  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  органның  қамқорлығына 
берiледi.  
5. Егер бұл балаға теріс əсер етпесе, сот ата-ана құқықтарын 
шектеген  ата-аналарға  баламен  қатынасуға  рұқсат  етеді. 
Қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функциялар-
ды  жүзеге  асыратын  органның  не  қорғаншысының  немесе 
қамқоршысының, баланың патронат тəрбиешiлерiнiң немесе ба-
ла тұрып жатқан ұйым əкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен ата-аналардың 
баламен қатынасуына жол берiледi.
81-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою
1. Егер ата-аналардың ата-ана құқықтары шектелген негiздер 
жойылса,  сот  ата-аналардың  талабы  бойынша  баланы  ата-ана-
ларына  қайтарып  беру  туралы  жəне  осы  Кодекстің 80-бабында 


204
көзделген шектеулердiң күшiн жою туралы шешiм шығарады.  
2. Егер баланы ата-аналарына қайтарып беру оның мүдделерiне 
қайшы  келсе,  сот  баланың  пiкiрiн  ескере  отырып,  талапты 
қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
82-бап.  Баланың  өміріне  немесе  оның  денсаулығына 
тікелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу
1. Баланың өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қатер 
төнген  кезде  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын орган баланы ата-аналардан не-
месе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу  айы-
рып алуға құқылы. 
Қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функция-
ларды жүзеге асыратын орган сот шешімі қабылданғанға дейін 
республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың,  ауданның, 
облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының 
актісі негізінде баланы дереу  айырып алады.  
2.  Баланы  айырып  алу  кезінде  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  ор-
ган  кешіктірмей  прокурорға  хабарлауға,  баланы  уақытша  ор-
наластыруды  қамтамасыз  етуге  жəне  республикалық  маңызы 
бар  қалалардың,  астананың,  ауданның,  облыстық  маңызы  бар 
қаланың жергiлiктi атқарушы органы баланы айырып алу туралы 
актiні шығарғаннан кейiн жетi күн iшiнде ата-аналарды ата-ана 
құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы сотқа талап-
арызбен жүгінуге мiндеттi.
83-бап. Баланы айырып алуға байланысты істер бойын-
ша сот шешімдерін орындау
1. Баланы ата-аналарынан айырып алуға жəне оны басқа адамға 
(адамдарға)  беруге  байланысты  сот  шешiмдері  қорғаншылық 
немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыра-
тын  орган  өкiлiнiң  жəне  бала  берілетін  адамның  (адамдардың) 
мiндеттi  түрде  қатысуымен,  ал  қажет  болған  жағдайларда  iшкi 
iстер органдары өкiлiнiң қатысуымен мəжбүрлі түрде орындала-
тын  болады.  
2. Баланы оның мүдделерiне нұқсан келтiрмей ата-аналарынан 
айырып алу жəне оны басқа адамға (адамдарға) беру туралы сот 
шешімін орындау мүмкiн болмаған кезде, бала соттың ұйғарымы 
бойынша баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды 


205
жүзеге асыратын ұйымдарда уақытша орналастырылуы мүмкiн. 
13-тарау. БАЛА АСЫРАП  АЛУ
84-бап. Асырап алуға жол берілетін балалар
1.  Тууы  осы  Кодексте  белгіленген  тəртіппен  тіркелген  жəне 
толық  тəн  саулығы,  психикалық,  рухани  жəне  адамгершілік 
жағынан  дамуын  қамтамасыз  ету  мүмкіндіктері  ескеріле  оты-
рып, кəмелетке толмаған балаларға қатысты тек қана солардың 
мүддесінде асырап алуға жол беріледі.
Бұл  ретте  баланың  жас  мөлшері,  естиярлық  дəрежесі  жəне 
өзін асырап алуға келісімі ескеріледі.
2.  Жалғыз ата-анасы немесе екеуі де:
1) қайтыс болған; 
2) баладан бас тартқан; 
3)  ата-ана  құқықтарынан  айрылған  жəне  олар  қалпына 
келтірілмеген; 
4) баланы асырап алуға келісім берген; 
5)  сот  тəртібімен  əрекетке  қабілетсіз,  хабар-ошарсыз  кеткен 
деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған; 
6) белгісіз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.  
3.  Осы  баптың 2-тармағында  көрсетілген  балалар  бастапқы, 
өңірлік сияқты, орталықтандырылған есепте тұрған жетім бала-
лар, ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балалар Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында 
белгіленген 
тəртіппен, 
азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан балалардың туыста-
рына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын 
Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға берілуі 
мүмкін.
4.  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  болып  табы-
латын  жетім  балалардың,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз 
қалған  балалардың  орталықтандырылған  есебінде  тұрған  ба-
лалар  Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерде  тұрақты  тұратын 
Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  жəне  азаматтығына 
қарамастан  балалардың  туыстарына  асырап  алуға  берілуі 
мүмкін.
Қазақстан  Республикасының  азаматтары  болып  табылатын, 
жетім  балалардың,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған, егер туыста-


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау