Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет61/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   100

191
өздерінің  кəмелетке  толмаған  баласы  келтiрген  зиянды  өтеуi 
кезiнде  осы  баптың 2-тармағына  сəйкес  олардың  мүлкiнен 
өндiрiп алынатын болады.  
3-БӨЛІМ. ОТБАСЫ
10-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
60-бап.  Баланың  отбасында  өмір  сүру  жəне  тəрбиелену 
құқығы
 Өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, 
əрбiр баланың отбасында өмiр сүруге жəне тəрбиеленуге құқығы, 
өзiнiң  ата-аналарын  бiлуге  құқығы,  олардың  қамқорлығында 
болуға құқығы, олармен бiрге тұруға құқығы бар.  
Баланың  өз  ата-анасының  тəрбиесіне,  өз  мүдделерiнің 
қамтамасыз  етiлуіне,  жан-жақты  өсiп-жетiлуiне,  өзінің  адами 
қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.
Ата-аналары 
болмаған 
кезде, 
олар 
ата-ана 
құқықтарынан  айрылған  не  олар  шектелген  кезде  жəне  ата-
ана    қамқоршылығынан
 
айрылған  басқа  да  жағдайларда  осы 
Кодекстің 13, 15 жəне 18-тарауларында  белгiленген  тəртiппен 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды 
жүзеге асыратын орган баланың отбасында тəрбиелену құқығын 
қамтамасыз етедi.  
61-бап.  Баланың  ата-аналарымен  жəне  басқа  да  туыста-
рымен араласу құқығы
1. Баланың ата-анасының екеуiмен де, аталарымен, əжелерiмен, 
аға- iнiлерiмен, апа-сiңлiлерiмен (қарындастарымен) жəне басқа 
да  туыстарымен  араласуға  құқығы  бар.  Ата-аналары  некесiнiң 
(ерлі-зайыптылығының) бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы 
немесе ата-аналарының бөлек тұруы баланың құқығына əсер ет-
пеуге тиiс. 
Ата-аналары  бөлек  тұрған  жағдайда  баланың  олардың 
əрқайсысымен  араласуға  құқығы  бар.  Сондай-ақ,  ата-аналары 
əртүрлi  мемлекеттерде  тұрған  жағдайда,  баланың  олармен 
арласуға құқығы бар. 
2.  Өмірлік  қиын  жағдайға  ұшыраған  баланың  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында  белгiленген  тəртiппен  өзiнiң 


192
ата-аналарымен  жəне  басқа  да  туыстарымен  араласуға  құқығы 
бар. 
62-бап. Баланың өз пікірін білдіру құқығы
Бала отбасында өз мүдделерiн қозғайтын кез келген мəселенi 
шешу кезiнде өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген сот 
немесе əкiмшiлiк iсін қарау барысында тыңдалуға құқылы. Бұл 
өз мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, он жасқа 
толған баланың пiкiрi міндетті түрде ескерiлуге тиіс. Осы Кодек-
сте көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар немесе сот  
он жасқа толған баланың жəне заңды өкілдердің қатысуымен өзі 
берген келiсiмiмен  ғана шешiм қабылдай алады. 
Баланың пікірі ата-аналарының немесе баланың тұратын жері 
бойынша  басқа  да  заңды  өкілдердің  қатысуымен  қабылданған, 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды 
жүзеге асыратын органның шешімімен ресімделеді.   
63-бап.  Баланың  атын,  əкесінің  атын  жəне  тегін  алуға 
құқығы
1. Баланың атын, əкесiнiң атын жəне тегiн алуға құқығы бар.
2.  Баланың  атын  өзара  келісім  бойынша  ата-аналары  неме-
се  баланың  басқа  да  заңды  өкілдері  береді.  Əкесінің  аты  ата-
аналарының  немесе  баланың  басқа  да  заңды  өкілдерінің  тілегі 
бойынша  оның əкесі болып көрсетілген адамның аты бойынша 
беріледі.  
Бөлек  жазылған  жағдайда  қосарланған  ат  беруге  рұқсат 
етіледі, бірақ ол екі аттан аспауға тиіс.
Əкесінде    қосарланған  ат  болған  жағдайда,  балаға  əкесінің 
аты ретінде олардың біреуі не əкесінің  екі аты бірге жазылып 
беріледі.   
Əкесі  атын  өзгерткен  кезде - оның  кəмелетке  толмаған 
баласының, ал кəмелетке толған бала бұл туралы өтініш берген 
кезде, оның əкесінің аты өзгереді. 
3.  Баланың  тегi  ата-аналарының  тегiмен  айқындалады.  Ата-
аналарының  тегi  əртүрлi  болған  кезде  ата-аналарының  келiсiмi 
бойынша балаға əкесiнiң немесе анасының тегi берiледi. 
Ата-аналарының  тiлегi  бойынша  баланың  тегi  ұлттық 
дəстүрлер  ескерiле  отырып,  əкесi  сияқты,  анасы  тарапынан  да 


193
əкесінің немесе атасының аты берілуі мүмкін. 
4. Ата-аналар арасында баланың атына жəне (немесе) тегiне 
қатысты туындаған келiспеушiлiктер сот тəртiбiмен шешiледi.  
5.  Егер  əкесі  анықталмаса,  баланың  аты  анасының  көрсетуі 
бойынша беріледі, əкесінің аты баланың əкесі ретінде жазылған 
адамның  аты  бойынша,  тегі – анасының  тегі  бойынша  немесе 
ұлттық  дəстүрлер    ескеріліп,  баланың  атасының  аты  бойынша 
беріледі. 
6.  Егер  баланың  ата-аналарының  екеуі  де  белгісіз  бол-
са,  баланың  тегін,  атын,  əкесінің  атын  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  ор-
ган,  медициналық  немесе  баланың  тұрған  жері  бойынша  оның 
құқығын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын басқа 
да ұйымдар береді. 
64-бап. Баланың атын жəне (немесе) тегін өзгерту
1.  Ата-аналарының  екеуi  де  тегiн  өзгерткен  кезде  кəмелетке 
толмаған балалардың тегi өзгередi. 
Бала он алты жасқа толғанға дейiн ата-аналарының бiрлескен 
өтiнiшi  бойынша  тіркеуші  орган  баланың  мүдделерiн  негiзге 
ала  отырып,  баланың  атын,  сондай-ақ  оған  берiлген  тектi  ата-
анасының екіншісінің тегiне өзгертуге рұқсат береді. 
2.  Неке  (ерлі-зайыптылық)  тоқтатылған  немесе  неке  (ерлі-
зайыптылық) жарамсыз деп танылған жағдайда бала өзiне туған 
кезде берiлген тегін сақтайды.  
3. Егер ата-аналары некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын 
тіркеуші  органда  ресімдеместен  бөлек  тұрса  жəне  бала  өзімен 
бiрге тұратын ата-анасы оған өзiнiң тегiн бергiсi келсе, тіркеуші 
орган бұл мəселенi баланың мүдделерiне қарай жəне нотариат-
та ресімделген басқа ата-ананың пiкiрiн ескере отырып шешедi. 
Ата-ананың тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған, ол ата-ана 
құқықтарынан айрылған не олар шектелген, əрекетке қабiлетсiз 
деп танылған кезде, сондай-ақ ата-ана баланы күтіп-бағудан жəне 
тəрбиелеуден дəлелсіз себептермен жалтарған жағдайларда, ата-
ананың пiкiрiн ескеру мiндеттi емес.  
4. Егер ата-аналары некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын 
тіркеуші органда ресімдей отырып, бөлек тұрса жəне бала өзімен 
бірге тұратын ата-анасы оған өзінің тегін бергісі келсе, тіркеуші 
орган бұл мəселені ата-аналарының екіншісінің пікірін ескермес-
тен, баланың мүдделеріне орай шешеді.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау