200
12-тарау. АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫНАН АЙЫРУ
ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ШЕКТЕУ
75-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру
1. Егер ата-аналар:
1) ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде
алимент төлеуден қасақана жалтарса;
2) өз баласын перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім
балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
ұйымдарынан жəне өзге де ұйымдардан алудан дəлелсіз себеп-
термен бас тартса;
3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;
4) балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш
қолданса немесе психикасына зорлық жасаса оның жыныстық
тиіспеушілігіне қастандық жасаса;
5) спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынса,
психотроптық заттарды жəне (немесе) осыларға ұқсас заттарды
теріс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады.
2. Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа
да мүшелерінің өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана
қылмыс жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айрылады.
76-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру тəртібі
1. Ата-ана құқықтарынан айыру сот тəртiбiмен жүргiзiледi.
Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстер ата-аналардың
бiреуiнiң немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің, кəмелетке
толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттер
жүктелген органдардың немесе ұйымдардың өтініштері, сондай-
ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.
2. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстер прокурордың
жəне қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функция-
ларды жүзеге асыратын органның қатысуымен қаралады.
3. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау кезiнде сот
ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардан алимент өндiрiп
алу туралы мəселенi шешедi.
4. Егер сот ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау
кезiнде ата- аналардың iс-əрекетiнен қылмыстық жазаланатын
əрекет белгілерін байқаса, ол мұны жеке қаулымен прокурордың
назарына жеткiзуге мiндеттi.
5. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешiмi заңды
201
күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде сот бұл шешiмнiң
үзінді көшiрмесiн баланың тууын мемлекеттiк тiркеу орыны
бойынша тіркеуші органға жəне баланың тұратын жері бойынша
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды
жүзеге асыратын органға жіберуге мiндеттi.
77-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары
1. Ата-ана құқықтарынан айыру баламен туыстық фактiсiне
негiзделген барлық құқықтардан, оның iшiнде одан күтіп-
бағу қаражатын алу, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшiн
белгiленген жеңiлдiктер мен мемлекеттiк жəрдемақыны алу
құқықтарынан айрылуға əкеп соғады.
2. Ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарды өз баласын
күтіп-бағу мiндетiнен босатпайды, бұл міндет оны асырап алуға
байланысты тоқтатылады.
3. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың
одан əрi бiрге тұруы туралы мəселе сот тəртiбiмен шешiледi.
4. Ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған бала тұрғын
үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану
құқығын, сондай-ақ ата-аналарымен жəне басқа да туыстары-
мен туыстық фактiсiне негiзделген мүлiктiк құқықтарын, оның
iшiнде мұра алу құқығын сақтайды.
5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкiн болмаған кезде неме-
се ата-аналарының екеуi де ата-ана құқықтарынан айырылған
жағдайда, бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына
берiледi.
6. Егер бұл балаға теріс əсер етпесе, ата-ана құқықтарынан
айырылған ата-аналардың өтініші бойынша қорғаншылық не-
месе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
орган баламен жолығуға рұқсат етеді.
7. Ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда
бала асырап алуға соттың ата-аналарды ата-ана құқықтарынан
айыру туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты
ай өткен соң жол берiледi.
Ата-аналарының біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған
баланы асырап алуға екінші ата-анасының келісімімен жол
беріледі.
202
78-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру
1. Егер ата-аналар мiнез-құлқын, тұрмыс салтын жəне бала
тəрбиесіне көзқарасын өзгерткен болса, сот олардың ата-ана
құқықтарын қалпына келтiруi мүмкiн.
2. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру ата-ана құқықтарынан
айырылған ата-ананың өтініші бойынша сот тəртiбiмен жүзеге
асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы iстер
ата-ананың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функ-
цияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың
қатысуымен қаралады.
3. Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтiру баланың
мүдделерiне қайшы болса, сот баланың пiкiрiн ескере отырып,
ата-аналардың ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы
талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Он жасқа толған балаға қатысты ата-ана құқықтары оның
келiсiмiмен ғана қалпына келтiрілуі мүмкiн.
Егер бала асырап алынса жəне асырап алудың күшi жойылма-
са, ата-ана құқықтарын қалпына келтiруге жол берiлмейдi.
79-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу
1. Сот баланың мүддесiн ескере отырып, баланы ата-аналардан
оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана
құқықтарын шектеу туралы шешiм шығаруы мүмкін.
Ата-аналары немесе олардың біреуі ата-ана құқықтарынан
айырылған немесе шектелген баланы баланың тұрғылықты жері
бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функ-
цияларды жүзеге асыратын орган орналастырады.
2. Егер баланың ата-аналарымен қалуы:
1) ата-аналарға байланысты емес мəн-жайлар (психикасының
бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауруы, ауыр мəн-жайларға
душар болуы) бойынша;
2) ата-аналардың мінез-құлқының салдарынан, бірақ бұл рет-
те ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті
негіздер анықталмай, ол үшін қауіпті болса, ата-ана құқықтарын
шектеуге жол беріледі.
Егер ата-аналар өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншылық не-
месе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан
кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру ту-
ралы талап-арыз беруге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |