Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет69/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   100

215
алушы ер адам болса -  анасының  тiлегi бойынша немесе, егер 
бала асырап алушы əйел болса -  əкесiнiң тiлегi бойынша жеке 
мүлiктiк емес жəне мүлiктiк құқықтар мен мiндеттердiң сақталуы 
мүмкiн.
4. Бала асырап алушы асырап алынған баланың меншiгiндегi 
мүлiктiң  сақталуы  үшiн  жауаптылықта  болады.  Бала  асырап 
алудан бас тартылған жағдайда, осы мүлiктi қайтару жөнiндегi 
мiндет те бала асырап алушыға жүктеледi. 
5.  Асырап  алынған  баланың  ата-аналардың  бiреуiмен  не-
месе  қайтыс  болған  ата-анасының  туыстарымен  қарым-
қатынастарының  сақталуы  туралы  бала  асырап  алу  туралы  сот 
шешiмiнде көрсетiледi.  
6. Осы баптың 1 жəне 2-тармақтарында көзделген бала асырап 
алудың құқықтық салдары, осы баланың туу туралы актілер жаз-
балары кітабында бала асырап алушылардың ата-анасы ретiнде 
жазылуына қарамастан туындайды.   
101-бап.  Асырап  алынған  баланың  жəрдемақыға  жəне 
басқа да əлеуметтік төлемдерге құқығының сақталуы
Өзі  асырап  алынған  кезде  жинақтаушы  зейнетақы 
қорларындағы  ата-аналарының  зейнетақы  жинақтарына  жəне 
асыраушысынан айрылған жағдайы бойынша жəрдемақыға жəне 
басқа  да  əлеуметтік  төлемдерге  құқығы  бар  бала  осы  құқықты 
асырап алынған кезде де сақтайды.
102-бап. Бала асырап алу  құпиясы
1. Бала асырап алу құпиясы заңмен қорғалады.
2.  Ата-аналары,  туыстары,  баланың  құқықтарын  қорғау 
жөніндегі функцияларды жүзеге асырған ұйымдардың жəне (не-
месе)  бала  асырап  алуды  мемлекеттiк  тiркеудi  жүзеге  асырған 
мемлекеттiк  органдардың  лауазымды  адамдары,  бала  асырап 
алу  туралы  шешiм  шығарған  судьялар,  сондай-ақ  бала  асырап 
алу туралы өзгедей түрде хабардар болған басқа да адамдар бала 
асырап алу құпиясын сақтауға мiндеттi.
103-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану
1. Бала асырап алу:
1)  бала  асырап  алу  туралы  сот  шешiмі  жалған  құжаттар 
негiзiнде қабылданған;


216
2) осы Кодекстің 93-бабында аталған адамдардың келісімінсіз 
бала асырап алынған;
3) некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) адам басқа жұбайының 
жазбаша келiсiмiнсiз бала асырап алған;
4) осы Кодекстің 90-бабының 2-тармағында көзделген ереже-
лер бұзылған жағдайларда жарамсыз деп танылады.
2.  Бала  асырап  алуды  жарамсыз  деп  тану  сот 
тəртiбiмен жүргiзiледi.
3.  Бала  асырап  алуды  жарамсыз  деп  тану  туралы  iстi  асы-
рап  алушылардың,  прокурордың  жəне  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган 
өкілінің міндетті түрде қатысуымен сот қарайды.
104-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тануды талап 
етуге құқығы бар адамдар
Асырап  алынған  баланың  ата-аналары,  бала  асырап  алушы-
ның жұбайы, бала асырап алуға байланысты құқықтары бұзылған 
адамдар,  прокурор,  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  бала  асырап 
алуды жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқылы. 
105-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп танудың сал-
дары
1. Бала асырап алу туралы сот шешiмi шыққан кезден бастап 
бала асырап алу жарамсыз деп танылады.  
2. Бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, егер бұл 
баланың мүдделерi үшін қажет болса, асырап алынған баланың 
жəне  бала  асырап  алушылардың,  бала  асырап  алушылардың 
туыстарының  өзара  құқықтары  мен  мiндеттерi  тоқтатылады 
жəне бала мен оның ата-аналарының (оның туыстарының) өзара 
құқықтары мен мiндеттерi қалпына келтiрiледi. 
3. Егер олар асырап алу кезінде өзгерсе, ата-аналардың талап 
етуi бойынша балаға бұрынғы аты, əкесiнiң аты (егер бар болса) 
жəне тегi берiледi, сол сияқты бұрынғы туған күні мен туған жері 
қалпына келтіріледі.  
4. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi 
заңды  күшiне  енген  күннен  бастап  сот  үш  күн  iшiнде  осы 
шешiмнiң  үзінді    көшірмесін  бала  асырап  алуды  мемлекеттiк 
тiркеу орны бойынша тіркеуші органға жəне қорғаншылық не-


217
месе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органдарға жiберуге мiндеттi. 
106-бап. Бала асырап алудың күшін жою негіздері
1. Бала асырап алудың күшін жою негіздері:
1) ата-аналардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындаудан 
жалтаруы; 
2) ата-ана құқықтарын теріс пайдалану; 
3) асырап алынған балаға қатігездік көрсету; 
4) балаға күш қолдану немесе психикалық зорлық жасау;
5) жыныстық тиіспеушілігіне  қастандық жасау; 
6)  ата-аналарды  маскүнемдікпен,  нашақорлықпен  жəне  (не-
месе) уытқұмарлықпен ауырған деп тану;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне Қазақстан 
Республикасы  қатысушысы  болып  табылатын  халықаралық 
шарттарда белгіленген бала құқықтарының бұзылуы болып та-
былады.
2.  Сот  баланың  мүдделерін  негізге  алып  жəне  оның  пікірін 
ескере  отырып,  басқа    негіздер  бойынша  да  баланы  асырап 
алудың күшін жоюға құқылы.
107-бап. Бала асырап алудың күшін жою
1. Бала асырап алудың күшiн жою сот тəртiбiмен жүргiзiледi.  
2.  Бала  асырап  алудың  күшiн  жою  туралы  iс  бала  асы-
рап  алушылардың,  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ 
прокурордың міндетті түрде қатысуымен қаралады. 
3. Бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешiмi заңды 
күшiне енген күннен бастап бала асырап алу тоқтатылады. 
Бала  асырап  алудың  күшiн  жою  туралы  сот  шешiмi  заңды 
күшiне  енген  күннен  бастап  үш  күн  iшiнде  сот  осы  шешiмнiң 
үзінді  көшірмесін  бала  асырап  алуды  мемлекеттiк  тiркеу 
орны  бойынша  тіркеуші  органға  жəне  қорғаншылық  неме-
се  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органдарға жiберуге мiндеттi. 
108-бап.  Бала  асырап  алудың  күшін  жоюды  талап  етуге 
құқығы бар адамдар
Баланың  ата-аналарының,  бала  асырап  алушылардың,  он 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау