Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66

14 
 
4. Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг бойынша 
болашақ  дене  шынықтыру  және  спорт  мамандарын  даярлаудың  әдістемсі 
әзірленіп, тиімділігі  эксперимент арқылы  тексерілді.  
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: 
 1. 
Дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметі  саласындағы  маркетинг  
мәселесінің зерттелу деңгейі анықталды.  
2.  «Маркетинг»,  «дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметі»,  «дене 
шынықтыру-сауықтыру  қызметі  саласындағы    маркетинг  бойынша  болашақ 
дене  шынықтыру  және  спорт  мамандарын  даярлау»  ұғымдарының  мәні 
нақтыланды.  
3.  Дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметі  саласындағы  маркетинг  бойынша 
болашақ  дене  шынықтыру  және  спорт  мамандарын  даярлаудың  құрылымды-
мазмұндық моделі құрастырылды.   
 Зерттеудің  тәжірибелік  маңыздылығы:  Дене  шынықтыру  бойынша 
мамандарды  даярлау,  қайта  даярлау  және  біліктілігін  арттыру  жүйесіне 
арналған: 
- Теориялық, психологиялық және әдістемелік бөлімдерден тұратын «Дене 
шынықтыру-сауықтыру  қызметінің  маркетингі»  кешенді  бағдарламасы 
жасалды; 
-  «Қазақстандағы  және  шетелдердегі  дене  шынықтыру-сауықтыру 
қызметі  маркетингінің  негіздері»  элективті  курсы  жасалынып,  практикаға 
енгізілді; 
-  «Дене  шынықтыру  мен  спорт  маркетингінің  негіздері»  электронды 
оқулығы жасалды; 
- «Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі маркетингі: теория мен әдістеме» 
оқу-әдістемелік құралы әзірленді;  
-  Үш  тілде  «Қазақстандағы  және  шетелдердегі  дене  шынықтыру-
сауықтыру 
қызметі 
маркетингінің 
негіздері./ 
Основы 
маркетинга  
физкультурно-оздоровительных  услуг  в  Казахстане  и    за  рубежом./  Marketing 
fundamentals  of  health  and  fitness  services  in  Kazakhstan  and abroad»  әдістемелік 
құралдар әзірленді; 
-  Авторлармен бірлесе  отырып,  «Менеджмент, маркетинг в образовании  и 
спорте: в схемах, рисунках, таблицах» оқу-әдістемелік құралы әзірленді. 
- «Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі маркетингі: теория мен әдістеме» 
атауымен  авторлық құқық нысанына мемлекеттік тіркелу туралы Куәлік 
алынды. Оқу-әдістемелік құрал №366, 03.03.2017ж., ИС 007508. 
Зерттеу әдістері:  
-  теориялық:  ғылыми-әдістемелік  әдебиет  материалдарының  сараптамасы 
мен  жинақталуы,  арнайы  кезеңді  басылымдарда  жарық  көрген  ресми 
құжаттардың  зерттелуі,  тарихи-логикалық  және  салыстырмалы-кереғарлы 
сараптама,  салыстыру,  жинақтау,  жүйелі  сараптама,  дене  шынықтыру  және 
спорт  саласына  арналған  мамандарды  даярлау  үдерісінің  моделін  жасаудың 


15 
 
жүйелі  тәсілі,  даярлау  мазмұнының  жобасын  жасау,  нормативті  құжаттарды 
зерттеу;  
-  эмпирикалық:  алдыңғы  қатарлы  тәжірибелерді  зерттеу,  сауалнама 
жүргізу  (1.  Дене  шынықтыру-сауықтыру  жұмысы  саласындағы  білімгерлердің 
уәждемелерін  айқындау,  дене  шынықтыру  және  спорт  саласы  бойынша 
болашақ  мамандардың  ЖОО  бітіргендерінен  кейін  еңбекке  араласуындағы 
маңызды  бағыттарды  айқындау  (Н.В.  Кандаурова  бойынша)  [116],  Авторлық 
сауалнама,  Элективті  курс  бойынша  тест  жүргізу  [117],  Коммуникативтілік 
(Ряховский  тесті)  [118]  тест  деңгейінің  бағаламасы,  Өзіндік  даму  деңгейінің 
болжамы  (Л.Н.Бережнова)  [119],  Р.  Кэттеллдің  тұлғалық    (16PF)  тесті  [120], 
педагогикалық  эксперимент,  материалдарды  математикалық-статистикалық 
өңдеу, эксперимент жүргізу. 
Зерттеу  көздері.  Қазақстан  Республикасының  «Дене  шынықтыру  және 
спорт  туралы»  03.07.  2014  ж.  Заңы,  Қазақстан  Республикасының  2011-2020 
жылдарға арналған білім беруді  дамыту Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан 
Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2017  жылғы  12  сәуірдегі 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. 
Зерттеу кезеңдері. Зерттеу 2014-2017 жылдар аралығында жүргізілді және 
шартты түрде келесі кезеңдерге бөлінді. 
Бірінша  (2014-2015  жж.)  іздеу-сараптама  жүргізу  кезеңінде  теориялық 
базаны  даярлау  және  ғылыми  әдебиетке,  статистикалық  материалдарға 
сараптама жүргізу, Қазақстанда және шетелдерде дене шынықтыру мен спортқа 
әсер  ететін,  жүзеге  асыратын,  нормативті-құқылы,  ұсынылымды,  заңды 
актілердің  контент-сараптамасы,  дене  шынықтыру-спорттық  ұйымдардың 
нормативті  және  әдістемелік  құжаттарының  сараптамасы  жүргізілуінен 
тұратын зерттеу жұмысының негізгі тәсілдерін  анықтау жүзеге асырылды.  
Екінші  (2015  -  2016  жж.)  іздеу-сараптама  кезеңінде  арнайы  әдебиетке 
сараптама  жүргізу  мен  оларды  жинақтау,  тұрғындармен  дене  шынықтыру-
спорттық  жұмысқа  қатысты  ұйымдардың  нормативті  және  әдістемелік 
құжаттамаларды  зерттеу  жалғастырылды;  дене  шынықтыру-сауықтыру 
ұйымдары әкімшілігі өкілдері мен клиенттерінің дене тәрбиесі және спорттық 
маркетинг  саласындағы  болашақ дене шынықтыру  және  спорт  мамандарының 
сұраунамалары  (әңігемелесу,  сұхбаттасу,  сауалнама  жүргізу)  нәтижесінде 
алынған мәліметтерге  сараптама жүргізу мен жинақтау жүзеге асырылды.  
Екінші  кезеңнің  қорытындысы  ретінде  зерттеудің  түсініктемелік 
аппаратын, 
мақсатын, 
міндеттерін, 
болжамдарын, 
әдістемесін, 
бағдарламаларын,  әдістемелік  құралдарын  және  зерттеудің  ұйымдастырылуын 
нақтылау мен толықтыру қарастырылды. 
Үшінші  тұжырымдамалы-жинақтау  кезеңінде  (2016-2017  жж.) 
ауқымды  маркетингтік  зерттеулер,  алынған  мәліметтерді  өңдеуден  өткізу, 
жүйелендіру  және  сипаттама  беру,  теориялық  тұрғыдан  ұғыну  жүзеге 
асырылды.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау