16
Маркетингті зерттеу шеңберінде жүргізілген жұмыстар: дене шынықтыру-
сауықтыру ұйымдарының жетекшілері, әкімшілік өкілдері, дене шынықтыру-
сауықтыру ұйымдарының жаттықтырушы-оқытушы ұжымы мен клиенттерінің
арасында жаппай сауалнамалар (сұхбаттар, сауалнама) жүргізілді. Бұл кезеңде
«Қазақстандағы және шетелдердегі дене шынықтыру-сауықтыру қызметі
маркетингінің негіздері» элективті курсы дене шынықтыру бойынша
педагогтарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
жүйесіне арналған дербес пән ретінде жасалынып, практикаға енгізілді;
тәжірибелік ұсыныстар тексеріліп енгізілді; негіздемелік ережелер нақтыланды,
қорытындылар жасалынды, диссертациялық жұмыс рәсімделді.
Алынған нәтижелер статистикалық өңделуден өткізіліп, кестелер, моделді
сипаттамалар құрылып, графикалық суреттер жасалынды.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Маркетинг - сатып алушыға құндылық болып табылатын адамдардың
дене жаттығуларымен және спорт түрлерімен шұғылдануға деген
сұраныстарын
қанағаттандыруға
арналған
әлеуметтік-мәдени
жаңашылдықтардың кіріктірілген технологиясы ретінде.
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі–тұрғындардың түрлі топтарының
денсаулығын нығайтуға, эмоционалдық күйін жақсартуға, жұмыс қабілеттілігін
арттыруға, сұраныстарын қанағаттандыруға арналған түрлі әлеуметтік-
педагогикалық іс-әрекет формаларының жиынтығы.
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг бойынша
болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлау –тұлғаның денесін
жетілдіру мен салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ететін дене
шынықтыру-спорт ұйымдарының нарықтық қызметінің стратегиясы мен
тактикасын меңгеру жүйесі.
2. Жүйелілік, біртұтастық, құзыреттілік, акмеологиялық, синергетикалық
тәсілдерді басшылыққа ала отырып, уәждемелік, танымдық, іс-әрекеттік
құрылымдарға (дене шынықтыру-сауықтыру қызметі маркетингі саласы
бойынша болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлау
критерийлері, көрсеткіштері мен деңгейлері) негізделген және мақсатты,
мазмұнды,
ұйымдастырушы-әдістемелік
пен
нәтижелі-критериалды
бөлімдердің бірлестігін қамтамасыз ететін дене шынықтыру-сауықтыру
қызметі саласындағы маркетинг бойынша болашақ дене шынықтыру және
спорт мамандарын даярлаудың құрылымды-мазмұндық моделі.
3. Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг бойынша
болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудың әдістемесінің
мазмұны: «Дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің маркетингі» (теориялық,
психологиялық
және
әдістемелік
бөлімдер)
кешенді
бағдарламасы;
«Қазақстандағы және шетелдердегі дене шынықтыру-сауықтыру қызметі
маркетингінің негіздері» элективті курсы, психологиялық тренингтер, ойындар,
жаттығулар.
17
Апробация және енгізу: Эксперименталды жұмыс Алматы қаласының үш
бірдей жоғары оқу орындарын қамтыды, олар: Қазақ спорт және туризм
академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Экспериментке барлығы 257
студент, 21 маркетолог-менеджерлер қатысты.
Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, мақұлдануы, тәжірибеге ендірілуі
талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәнімен сәйкес
әдіс-тәсілдерді
қолданумен,
эксперимент
бағдарламасының
мақсатқа
сәйкестілігімен,
бастапқы
және
соңғы
көрсеткіш
нәтижелерінің
қорытындыларымен қамтамасыз етілді.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы – кіріспеден, 3 тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшалардан,150
беттен және 13 суреттен, 34 кестеден тұрады. Жұмыстың жазылуы барысында
242 ғылыми және арнайы әдебиет пайдаланылды.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың көкейкестілігі,
зерттеу жұмысының мақсаты, пәні, нысаны, болжамы мен міндеттері,
әдіснамалық негіздері, жетекші идеясы, зерттеу әдістері мен кезеңдері, зерттеу
базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы,
практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалары, зерттеу
нәтижесінің дәлелділігі, оның мақұлдануы, тәжірибеге енгізілуі баяндалады.
«Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг
бойынша болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудың
теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші тарауда зерттеу мәселесі
бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, арнайы еңбектерге
теориялық талдау жасалынып, дене шынықтыру және спорт саласы маркетингі
генезисі мен идеясының мәні ашылады, контент-талдау әдісі негізінде
«маркетинг», «спорттық маркетинг» ұғымдарының мәні мен мазмұны
анықталып, дене шынықтыру-сауықтыру қызметі, дене шынықтыру-сауықтыру
қызметі саласы бойынша болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын
даярлау ұғымдары нақтыланады. Маманның, ұйымның маркетингті мақсатқа
қол жеткізуінің құралы ретіндегі имиджі ашылады. Дене шынықтыру-
сауықтыру қызметі маркетингі саласы бойынша болашақ дене шынықтыру
және спорт мамандарын даярлаудың құрылымды-мазмұндық моделі жасалды.
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі маркетингі бойынша болашақ дене
шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудың компоненттері, критерийлері,
көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды.
Екінші «Зерттеу әдістері мен ұйымдастырылуы» бөлімінде зерттеудің
мақсаты, міндеттері мен әдістері қарастырылады. Зерттеу жұмысын
ұйымдастыру мәселесі ашылады.
Үшінші «Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы
маркетинг бойынша болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын
даярлаудың тәжірибелік-эксперименталды жұмыстары» бөлімінде дене
шынықтыру-сауықтыру қызметі саласында маркетингті оқыту қажеттігін
Достарыңызбен бөлісу: |