Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет21/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66

46 
 
шара  немесе  бір  жақ  екіншісіне  ұсынатын  пайда,  ол  бірдеңені  иеленуге 
келтірмейді.   
Материалдық  қызмет  көрсетулер  тауардың  материалды  түрімен 
байланысты,  материалдық  емес  қызметтер  тауармен  байланысты  емес.  Ф. 
Котлер  (1998)  бойынша,  қызмет  көрсетудің  төрт  негізгі  қасиеті  бар,  олар: 
сезілмеу;  сақталынбау;  бастапқы  күйінен  ажырамау;  сапаның  тұрақсыздығы 
[182]. 
Көрсетілетін  қызметтердің  сезілмеуі  дегеніміз  оларды  тасымалдауға, 
сақтауға,  орауға  немесе  сатып  алуға  мүмкіндік  жоқ.  Өз  денсаулық  күйіңіздің 
өзгерістерін емдеу басталғанға дейін көру мүмкін емес, тек қана нәтижеге сену 
қажет.  Сақталынбау  -  қызмет  көрсетуді  кейін  жүзеге  асыру  мақсатында 
сақтауға  болмайды  деген  сөз.  Бастапқы  күйінен  ажырамау  қасиеті  көптеген 
қызмет  көрсету  түрлеріне  тән.  Тұтынушылармен  байланыста  болу  –  қызмет 
көрсетудің  ажырамас  бір  бөлімі.Сапаның  тұрақсыздығы  дегеніміз  –  қызмет 
көрсету әзірше әлсіз механизацияланған және автоматтандырылған. 
Сұраныс  пен  ұсыныстың  келісімділігі.  Мұндай  келісім  қажет,  өйткені 
қызметтерді  сақтау  мүмкін  емес.  Сұраныс  пен  ұсыныс  келісімінің  бірнеше 
әдістері қолданылады:  

мұндай  қызметтер  сұраныстың  түрлі  құрылымды  тұтынушы 
бөлімдеріне ұсынылады; 

сұраныстың көрсетілетін қызметтердегі толқуларын теңдестіретін жаңа 
қызметтер жүзеге асырылады;  

максималды  сұраныс  болмаған  кездерде  қосымша  қызметтер 
көрсетіледі;  
-  мүмкіндіктер  бойынша  бар  шектеулер  әсер  етпейтін  жаңа  қызметтер 
жасалынуда;  

жұмысшы  қызмет  түрлерін  үйлестіруді  үйренеді,  сұраныс  көп  болған 
жағдайда уақытша қызметкерлер жалданады;  

тұтынушылар  қызмет  көрсетуді  қолдану  туралы  хабардар  болады, 
оларға бағаларады төмендету ұсынылады.  
 Бағаны  түзу.  Қызмет  көрсетудің  көптеген  түрлерінде  тұтынушылар  тек 
жұмыс  нәтижесін  көреді.  Мысалы,  оларда  шеберханада  көлікті  жөндеу  қалай 
жүріп жатқандығы туралы түсінік те болмайды. Сондықтан клиенттерге қызмет 
көрсетудің қаншалықты күрделі екендігін және еңбек сыйымдылығын түсіндіру 
қажет. Бағаны бекіту кезінде бірқатар шешімдер қабылдау қажет:  
а)  бағаны  уақыт  қанша  тұратындығын  біле  тұрып  жалпылама 
қабылданған  прейскурант  негізінде  бекіту,  оны  кейіннен  жұмсалған  уақыт 
бойынша анықтау;  
б)  кейбір  бағаларды  мәселен,  диагностика  мен  қызмет  көрсету 
сараптамасына анықтау;  
в)  баға  қызметтің  түрлі  білікті  мамандармен  жүзеге  асырылуына 
байланысты өзгеруі қажет пе; 


47 
 
г)  стандартты  бағаларды  бекіту  кезінде  базалық  қызмет  көрсетуге  нені 
қосуға болады. 
Қызмет көрсетуді нарыққа жылжыту. Қызметтердің сезілмейтін қасиеті 
олардың  нарықта  жылжуын  қиындатады.  Қызмет  көрсетулерді  алға 
жылжытудың үш түрлі тәсілдері бар:  

қызмет  көрсетудің  материалдық  көрінісін  жасау  (мысалы,  кредиттік 
карта  өздігінше  қаржылық  қызмет  емес,  бірақ  оның  нысаны  ретінде 
қарастырылады); 

қызмет  көрсетудің  сипап  сезу  нысанымен  астарлас  байланысын 
қалыптастыру,  мысалы:  «Сіздің  ақшаңыз  егер  Сіз  Сақтау  банкі  қызметін 
қолдансаңыз сенімді қолда болады»; 

қызмет  сатушысы  мен  оны  тұтынушы  арасындағы  өзара  қарым-
қатынастарға  сүйенеді  және  сезінбеуден  алшақтайды,  яғни  сәйкестілік  пен 
қызметші біліктілігінің сатылуы.  
Тұлғалық қатысу. Қызмет көрсету саласындағы өндіруші мен тұтынушы 
арасындағы  қарым-қатынаста  тұлға  аралық  қарым-қатынастың  рөлі  зор.  Бұл 
көптеген зерттеулермен дәлелденеді, қызметті өндіруде қызметшінің  тұлғалық 
қатысуы,  тұтынушылардан  ақпарат  алу    талап  етіледі.  Ғылыми  әдебиет 
сараптамасы көрсеткеніндей, қызмет көрсету саласы – өнеркәсіптер, ұйымдар, 
сондай-ақ  жекелей  адамдар  көрсететін  қызмет  көрсету  түрлерін  қайта 
өндіруден  тұратын  қорытынды  категория.  Бұдан  басқа,  қызмет  көрсетулер 
еңбектің 
техникалық 
жабдықталуының 
өсіміне, 
біршама 
жетілген 
технологиялар  енгізілуіне  ықпал  етеді.  Қызмет  заманауи  қоғамның 
тіршілігіндегі  өте  өзекті  түсінік  болып  табылады.  Заманауи  экономиканы, 
қызмет көрсету саласының маңызды қасиеті көптүрлі болып келеді:  
Қазіргі кезде қызмет көрсетудің келесі анықтамалары жиі кездеседі: 
Қызмет көрсету – өзіндік өнімді шығармайтын қызмет, материалдық нысан 
немесе материалды құндылықтар.  
Қызмет көрсету – пайдалы іс-әрекет.  
Қызмет  көрсету  –  материалдық  емес  өндіріс  мақсатында  жасалған   
активтер. 
Қызмет  көрсету  –  бұл  үдеріс,  іс-әрекеттер  тізбегі.  Бұл  іс-әрекеттер 
құндылықтар  өндірісінің  құралы  болуы  мүмкін,  олар  құндылық  жасай  алады, 
бірақ өздері дербес құндылық емес.  
Қызмет  көрсету  –  сатып  алушы  мен  қызмет  көрсетушілердің  денелік 
қорлар,  өнеркәсіп  жүйелерімен  өзара  байланыстар  кезінде  жүретін  сипап 
сезілмейтін  іс-әрекеттерден  тұратын  үдеріс.  Бұл  үдеріс  қызмет  көрсету 
мәселесін шешуге арналған [181,с. 43]. 
Сонымен,  бүгінгі  күнде  қызмет  көрсетудің  жалпылама  қабылданған 
анықтамасы жоқ.  
Қызмет  көрсетудің  кеңінен  тараған  жіктемелерін  біз  5-кестеде  көрсетуге 
тырыстық. 
 


48 
 
Кесте 5 – Қызмет көрсетудің кеңінен тараған шетелдік жіктемелері 
  
Бүкіләлемдік 
сауда 
ассоциациясының жіктемесі  
Халықаралық 
стандартты 
өндіріс жіктемесі  
Экономикалық  серіктестік 
пен даму жіктемесі  
Іскерлік 
 
Арада болу 
Байланыс 
  Байланыс 
 
Құрылыс және инжиниринг 
 
 
Бөлу  
Қоймалар, 
сауда, 
мейрамханалар, 
қонақ 
үйлері 
Жеткізу, 
жеткізулерді 
жоспарлау 
Білім беру 
 
 
Қаржылық  
 
Банкілер, 
жылжымайтын 
мүлік, сақтану, капитал түзу 
Денсаулық 
сақтау 
және 
әлеуметтік  
Қоғамдық, жекелей,  
 
Туризм  
 
 
Тынығу, мәдениет, спорт  
 
 
Тасымалдау 
Көлік 
Тасымалдар 
Экология 
 
 
Басқалар 
 
 
 
Қызмет  көрсетуге  бүтіндей  сипаттама  беру  күрделілігіне  байланысты, 
біздің  ойымызша,  қазіргі  кезде  қызмет  көрсетуді  оның  мәнін  аша  отырып 
берген  дұрыс.  Қызметтер  жіктемесін  жасаудың  алғашқы  талпынысына  1964 
жылы  жарияланған  У.Д.Стентон  пен  Р.  Джадд  еңбегін  айтуға  болады.У.Д. 
Стентон коммерциялық негізде көрсетілетін қызметтерді он топқа бөледі: үйлер 
ұсыну  бойынша  қызметтер,  (отбасыларына  қызмет  көрсету,  үйді  жөндеу, 
ландшафты  күту,  үйлерді  жинау  және  т.б.);  тынығу  мен  серуендеу;  жекелей 
санитарлық-гигиеналық  қызмет  көрсету  (кір  жуу,  құрғақ  киім  тазалау, 
косметикалық  қызмет  көрсету  және  т.б.)  медициналық  және  басқа  денсаулық 
сақтау  қызметтері;  жекеменшік  білім  беру;  бизнес  пен  басқа  да  кәсіби 
қызметтер саласында қызмет көрсету (құқықтық, бухгалтерлік, кеңе беру және 
т.б.);  сақтау  мен  қаржылық  қызметтер;  көлік  тасымалдау  қызметі, 
коммуникация саласындағы қызмет [183]. 
Р.  Джадд үш  топты  айқын  көрсете  отырып,  өз  жіктемесін  ұсынды: 
клиенттің қолында бар және ол қолданып жүрген, бірақ оның меншігінде емес 
затты  тауарлармен  байланысты  қызметтер;  клиенттің  меншігіндегі  затты 
тауарлармен  байланысты  қызметтер;  затты  тауарлармен  байланыссыз 
қызметтер [184]. 
К.  Лавлок  қызмет  көрсету  айырмашылығын  келесі  қасиеттерімен 
қарастырады:  сұраныстың  негіздемелі  қасиеттері;  мазмұнның  мәні;  жеткізу 
процедуралары.Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  жіктемесі  бойынша  қызметтер 
құрамы  12  негізгі  бөлімге  бөлінген  160  түрден  тұрады:  іскерлік  қызметтер  -  
қызметтің  46  салалы  түрі;  байланыс  қызметтер  -  25  түрі  бар;  құрылыс  және  
инжинирингтік  қызметтер  -  5  түрден;  дистрибьютерлік  қызметте  -  5  түрден; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау