35
қатынастардың, эмоционалды, психологиялық ахуалдың қалыптастырылуына
әлеуметтік әсер етуді есепке ала отырып қарастыру қажет. Нарықта
жағдайында дене шынықтыру мен спорт саласында құндылық қарым-
қатынастар қолданылады, оның басты қозғаушы механизмдері – нарықтық
ұсыныс пен нарықтық сұраныс. Дене шынықтыру тауарларын өндірушілер
өнімді құндылық ретінде жүзеге асыруға талпынады, экономикалық уәждемесі
– табыс табу. Сатып алушылар – тұтынушылар (нарықтық сұраныс) барынша
тұтынушылық тиімділік беретін тұтынушылық құндылықты алуға тырысады
(Л.Г. Вакалова, Гетман Е.П, 2003) [165].
Бірақ бірінші – маркетинг зерттеушілері спорттық маркетингті қолданғысы
келетіндерге – спорттық маркетингтің спортшылар мен спорттық командалар
кешені ретінде ғана қабылдауы қате. Шындығында, бұл біршама күрделі және
динамикалық жүйе. Спорттық маркетинг – маркетингті қағидаттар мен
үдерістердің спорттық өнімдерге деген арнайы ұсынысы, сондай-ақ, басқа кез-
келген тауарларды спорт серіктестігінің арқасында алға жылжыту (Matthew D.
Shank, 2002) [166].
Бұдан басқа, қызмет көрсету маркетингінде әлеуметтік факторларды
есепке алу маңызды, атап айтқанда: дене шынықтыру және спорт қызметін
тұтынушылардың басым бөлігі – жасөспірімдер, білім алушы жастар,
зейнеткерлер, мүгедектер.
Сонымен, спорттық маркетинг өзіндік ерекшеліктері бар жалпы
маркетингтің құрамдас бөлімі. Нақтырақ айтқанда, спорттық маркетингтің
назарына көбіне жанкүйерлер, демеушілер, спортшыларды сатып алу, сату,
бұқаралық спорт, спорттық бизнес, салауатты өмір салты және т.б. ілігеді.
Спорттық маркетинг ғылым ретінде және тәжірибелік құрал ретінде XX
ғасырда қалыптаса бастады, бұл кезде спорттық тауарлардың өндірілуі мен
спорттық қызметтердің тұтынылуының ауқымы біршама кеңейді, ал клиент
үшін бәсекелесік ушығып тұрды (Paul Downward, Alistair Dawson and Trudo
Dejonghe, 2009) [167]. Тұтынушы үшін күрес бұл кезеңде өндіруші өз
тауарларын тек қана маркетингтік іс-шаралар есебінен қамтамасыз ете алатын
еді. Сатып алушылар өздеріне ұсынылған қызметтерді таңдау есебінен
өздерінің талаптарын күшейте түсті. Нақ солар өндірушілерге керісінше емес,
өз шарттарын қоя бастады. Сонымен, XX ғасырдың екінші жарысында көптеген
өндіруші фирмалар және кәсіби спорттық ұйымдар өнеркәсіп тұтынушылары –
спорт клубтарының жанкүйерлері - табысты бизнестің негіздемелі
құрылымдарының бірі, оларды тарту үшін және ұстап тұру үшін маркетинг
қажеттілігі туындады [168].
Біздің ойымызша, ЖОО-лардағы студенттерді ұсынылған білім беру
қызметімен қанағаттандыру деңгейін көтеру қызметі дербес маркетингілік
бағдарламаларды қажет етеді [169].
Спорттық маркетинг спорттық қызметті спорт пен маркетинг іспетті екі
жақтың да теориялық өзара үйлестікпен заңдарын құрметтеуін талап ететін
өзіндік қызметі бойынша арнайы тауар ретінде қарастырады, олай болса
36
жекелей маркетингтік тәсілді қолдайды. Спорттық маркетинг экономика мен
нарықтық қарым-қатынастардың жалпы заңдарына негізделеді, бірақ сонымен
бірге оның бірқатар ерекшеліктері бар, соның арқасында өзіндік ұстанымы,
бағыты бар, оның басты ерекшелігі - тауарлар мен қызметтерді нарыққа
шығару және оны тұтынушының тиімді жүзеге асыруы.
1.2
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг
бойынша болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудың
мәні
Бұл бөлімде біз «маркетинг», «дене шынықтыру-сауықтыру қызметі»,
«дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы болашақ дене шынықтыру
және спорт мамандарын даярлау» түсініктерінің мәнін ашуға және дене
шынықтыру-сауықтыру қызметінің басты бағыттарына сипаттама беруге, оның
қызметін анықтауға тырыстық.
Ғылыми әдебиет сараптамасы көрсеткендей, маркетинг түрлі жоспарлы
тұжырымдама болып табылады, оның екі мағынасына сәйкес дене шынықтыру
және спорт саласындағы маркетинг дене шынықтыру қозғалысын басқарудың
нарықтық бағдарланған жүйесі ретінде анықталуы мүмкін. Бұл тұрғыдан ол
тұрғындардың күнделікті және келешекті спорттық қызығушылықтары мен
сұраныстарын дене шынықтыру-спорттық жұмыс бағдарламасын жасау,
сондай-ақ, әрбір педагог және дене шынықтыру мен спортты басқару
органдарының өкілдері «тұтынушы», «нарық» дәрежелерімен ойланатындай
болуы арқылы айқындауға және біршама толық қанағаттандыруға арналған. 4-
кестеде біз контент-сараптамасы әдісін қолдана отырып, «маркетинг»,
«спорттық маркетинг» түсініктерінің мазмұнын ашуға тырыстық [170] .
Кесте 4 ‒ Шетел және қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріндегі
«маркетинг», «спорттық маркетинг» ұғымдарының контент-талдауы (1990-
2014жж.)
Авторлар
Мазмұны
Дереккөздер
1
2
3
Котллер Ф.
Маркетинг «адамның сұраныстар мен
талаптарын
алмасу
арқылы
қанағаттандыруға
арналған
қызметі»
ретінде
Основы
Маркетинга: Пер.с англ./ Под
общ. ред. Е.М.Пеньковой.-
М.:Прогресс,1990.-736с .
Голубков Е.П.
Маркетинг әлеуметтік-басқару үдерісі
болып
табылады,
ол
арқылы
индивидуумдар немесе адам топтары
өндіріс өндіру және оны алмастыру
арқылы өздеріне қажет нәрселерін алады.
Маркетинг: стратегии
и планы, структуры. -М.:
Дело Лтд,1995.-192с.
Нарибаев К.Н.
Берілетін білім беру қызметінің сапасы
маркетингтік
стратегияның
негізгі
факторы болып табылады. Білім берудің
түрлі деңгейлерін меңгеруді жекелей
мүмкінідіктерге сай қамтамасыз ету қажет
Стратегия
маркетинга
в
университетском
образовании/ Вестник КазГУ.
Серия
Экономическая.
Алматы, 1999, № 3.
Достарыңызбен бөлісу: |