198
ӘОЖ: 39.21.15
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК РЕСУРСТАРДЫҢ ТУРИЗМДІ
ДАМЫТУДАҒЫ МҤМКІНДІКТЕРІ
Таджикулова Н.А., Жҧмабек Ҥ.Ж.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Әлемдік тәжірибеде табыс кӛзі жағынан туризм – мұнай мен газдан кейінгі орынды
иемденеді. Туризм – кез-келген елдің экономикасында үш тиімді ықпалмен әсер етеді. Олар
– шетелдік валюта ағынын кӛбейтеді, тұрғындарды еңбекпен қамтиды, мемлекет
инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметі
бойынша, бір турист барған жерінде 1 мың АҚШ долларын тастап кетеді екен. Бұл ешбір
ӛсімсіз, қайтарып берусіз елде қалған ақша. Сонымен қатар бір туристің ақшасы 9 жұмыс
орнын құруға мүмкіндік береді. Ӛйткені, турист қаржысының 30%-ін қонақ үйде, 20%-ін
кӛлікте, 35%-ін қоғамдық тамақтандыру орнында және 15%-ін басқа да қызмет кӛрсету
(музей, кӛрме т.б) орындарында қалдырады. Туризмді дамытудағы табыс оның мемлекеттік
деңгейде қалай қабылданатына тікелей байланысты./1,3/.
Қазақстанда кейінгі жылдары туризм кӛпшілікті қамтитын ең дамыған демалыс түріне
айналып келеді. Туристік саяхат жасау дене шынықтырумен бірге адамның дүние танымын
да ӛсіреді. Ол тек қана демалудың тәсілі емес, адамдарды мәдени және рухани жағынан
кӛтереді. Сол сияқты адамның денсаулығын да жақсартады. Туризм адамдарды табиғат
кӛркімен, ерекше сұлу жерлермен таныстырады. Туған ӛлкеде саяхат жасау адамдардың
табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады. Туризм осындай мол рухани қазына сыйлаумен
қатар жасӛспірімдерге тәрбиелік дәріс беретін қоғамдық мектеп те. Ұлы саяхатшы Н.М.
Пржевальский «Ӛмір сүрудің тамашалығы сол, әрқашанда саяхат жасауға болады» деп үнемі
айтып ӛткен. Туристер ӛз жорықтарында жаңалықтар ашып, қоғамға белгілі бір дәрежеде
пайда келтірсе, екінші жағынан денсаулығын шынықтырады, организмдерінің мезгілсіз
қартаюына жол бермейді.
Қазақстан халықтарының мәдениетінің қалыптасу тарихы мен дамуын анықтауда,
зерттеуде маңызды рӛл атқаратын республика региондарының бірі – Жамбыл облысы.
Облыс территориясында ғалым–мамандар мен жергілікті ӛлкетанушылар 2000-нан астам
объектілерді анықтап, тізімге алды. Олар: ежелгі тас дәуірі ескерткіштері, ерте замандағы
кӛшпелілер – сақтар, қаңлы, үйсін қорғандары, тастағы бейнелер, ежелгі тұрақтар, тас
мүсіндер, орта ғасырлық қалалар,архитектуралық кешендер және тарихи-эволюциялық
ескерткіштер./1,2/
ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында ежелгі дәуірді зерттеуге қызығушылықтың
артуы, ӛлкетанушылар мен археологтар санының кӛбеюі салдарынан бірқатар ғылыми
қауымдастықтар құрылып, олар археологиялық ескерткіштерді есепке алу, зерттеу
жұмыстарын жүзеге асырды, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу ӛлкелерінің ескерткіштерін
анықтау, зерттеу жұмыстарын Түркістан үйірмесі жүргізді. Түркістан үйірмесін
ұйымдастыруда оның болашақ мүшелерінің бұрынғы ӛлкетану және жинақтау жұмыстары,
сонымен қатар белгілі шығыстанушы В.В Бартольдтың (1893-1904 ж.ж.) Орта Азия мен
Қазақстанға сапары алғышарт жасады. Олар Шымкент қаласы территориясынан Тараз
қаласына дейін және Шу, Талас ӛзендерінің жағалауларында орналасқан археологиялық
ескерткіштерді қарап шықты. В.В.Бартольдтың еңбектерінде Тараз-Қазақстанның ірі орта
ғасырлық қалаларының бірі ретінде бірқатар мағлүматтар берілген. Археологиялық
ескерткіштерді ширек ғасыр бойы зерттеген ғалым В.А.Каллаур болды. Ол археологиялық
комиссияның мүшесі ретінде тек ескерткіштерді сипаттап қана қоймай,оларды қорғау
шаралары үшін де белсене күрес жүргізді.Қызметінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ ол
Талас аңғары туралы кӛптеген жаңа және қызықты мәліметтер тапты. В.А. Каллаур ежелгі
тұрақтар, қалалар және бекініс қалдықтары туралы едәуір мәліметтер жинап, ежелгі
199
Тараздан Шығыс Түркістанға бағытталған ескі жолды қайта қалпына келтіруге тырысты
/4,5/. Жамбыл облысында 2000 жылы Мемлекеттік есепке 1072 ескерткіш, олардың ішінде
849 – археология, 111 – тарихи, 107 – сәулет және қала құрылыстары, 5 – монументальды
ӛнер ескерткіштері алынды.
Жамбыл облысындағы туристік ресурстарды жалпы 3 топқа топтастырып қарастыруға
болады:
1.
Табиғи-рекреациялық; (Андасай, Қарақоңыз, Берікқара қорықшалары)
2. Тарихи – архитектуралық
ескерткіштер;
3. Археологиялық ескерткіштер.
Жамбыл облысындағы тарихи-архитектуралық және археологиялық ескерткіштерді
туристік мүмкіндіктеріне қарай тӛмендегідей жіктейміз:
1. Республикалық деңгейдегі
маңызы бар ескерткіштер;
2. Облыстық деңгейдегі маңызы бар ескерткіштер;
3. Аудандық деңгейдегі маңызы
бар ескерткіштер;
Жамбыл облысы – Қазақстан халықтарының мәдениетінің қалыптасу тарихы мен
дамуын анықтауда, зерттеуде маңызды рӛл атқаратын республика региондарының бірі
екендігі белгілі. Облыс территориясында ғалым–мамандар мен жергілікті ӛлкетану-шылар
2000-нан астам объектілерді анықтап, тізімге алды. Олар:ежелгі тас дәуірі ескерткіштері,
ерте замандағы кӛшпелілер – сақтар, қаңлы, үйсін қорғандары, тастағы бейнелер, ежелгі
тұрақтар, тас мүсіндер, орта ғасырлық қалалар, архитектуралық кешендер және тарихи–
эволюциялық ескерткіштер. Сонымен, бұл бӛлімде Жамбыл облысының әкімшілік
аудандары бойынша туристік ресурстардың таралуы жӛнінде сандық мәліметтер келтірілді.
Оны мына кестеден кӛруге болады. Сонымен, Жамбыл облысында Меркі, Жуалы, Байзақ,
Жамбыл, Қордай аудандары Ұлы Жібек жолында орналасқандықтан, бұл аймақта табиғи,
тарихи–археологиялық және сәулет ӛнері ескерткіштеріне бай. Мұнда туризмді дамытудың
перспективасы жоғары. Ал Шу, Талас, Т.Рысқұлов, Сарысу, Мойынқұм аудандары Ұлы
Жібек жолы бағытынан қашық орналасқан. Мұнда ескерткіштердің жиілік коэффициент
кӛрсеткіштері тӛмен болып отыр /4,6/.
Қазіргі кезеңде анықталғандай Жамбыл облысының тарихы ӛте ертеден басталады.
Туризм – экономиканы дамытудың және қосымша қаржы табудың басты кӛзі. Сондықтан да
дамыған елдер тәжірибелерінен үлгі ала отырып, біздің елде де экономиканы осы салада
дамыту керек. Туризм саласын дамытып, ӛркендету үшін Қазақстанның табиғат жағдайы да,
ауа райы да, орман-тау, ӛзен-кӛл, құлпырған даласы да, құмдауыт жерлері мен аң-құстары
да,тамыры тереңге кеткен тамаша тарихыда толық мәнді демалыс пен туристік жорықтарға
түгелдей жауап бере алады Біздің жер арқылы сонау замандарда Батыс пен Шығысты
байланыстыратын кӛне жол–Ұлы Жібек жолы басып ӛтеді.Ұлы Жібек жолының туристік
мүмкіндіктерін анықтап, оларды дамыту мақсатында елімізде «Жібек жол–Қазақстан»
Ұлттық Компаниясы құрылған. Бұл Ұлттық Компания мемлекетімізде Ұлы Жібек жолы
бойында туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларды жүзеге асыруда.
Жамбыл облысының бай тарихы, жануарлар мен ӛсімдіктер дүниесі, климаты,
табиғаты–бұл аймақты тартымды туристік нысанға айналдыруда. Облыс аумағында
орналасқан табиғи қорықшаларда – Андасай, Қарақоңыз, Берікқара қорықшаларында–
жануарлар мен ӛсімдіктердің алуан түрлері сақталған,олардың кейбіреулері Қызыл кітапқа
енген. Туризм экономиканың басты саласы болып отырғандықтан, облыста осы саланы
дамытып, туризм ошағына айналдыру–бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Ӛткен
ғасырлар мәдениеті–бүгінгі біздің мәдениетіміздің іргетасы болып табылатындықтан,
адамзат баласы мыңдаған ғасырлар барысында жасаған құндылықтарды толығымен сақтап
қалу – біздің міндетіміз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Байпаков К.М. «Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути»,-
Алматы: «Ғылым», 2008ж.