185
жасушаларымен ұқсастығын жойған бӛгде заттар мен құрылымдарды тез танып, байлап,
жойып жіберу қабілеті. Дені сау адамның организмі бӛгде заттар мен құрылымдардан,
олардың ішінде сырттан және іштен шыққан ауру тудыратындарынан да, үздіксіз түрде
арылып отырады [4].
Иммунитет пен айыршықты без. Адамның денесі шамамен 1-10 миллиард
генотиптік ұқсас жасушалардан тұрады. Жасушалардың бӛлінуі кезінде әрбәр миллионыншы
жасушаның мутацияға ұшырайтынын ескеретін болсақ, адамның денесінде шамамен
денесінде шамамен 10миллиондай аномальді, ауытқушы жасушалар бар болып шығады.
Иммунитеттің арқасында организм бӛгде заттар мен құрылымдарды тез танып, жойып
жібереді. Иммунитет ескірген жасушаларды, белоктарды, шлактарды шығарып, организмге
қажетті белоктар мен жасушаларды, олардың ішінде белгілі бір топтағы қанның
жасушаларын да, қайта қалпына келтіріп, екіқабат кезде бӛгде денені сақтау арқылы
организмнің ӛмірлік қызметін нығайтады.
Май қышқылының құрамы:
Линолевая кислота – 55-56%
Олеиновая кислота – 15-18%
Пальмитиновая кислота – 10-12%
Эйкозеновая кислота – 4-5%
Стеариновая кислота – 1-3%
Альфа – линолевая кислота-до 1%
Қара зере кӛп ауруға ем екен.
Шығыс елдерінде «Қара зере» деп аталатын май бар. Бұл майды мұсылмандар сан
ғасырлардан бері барлық ауруға ем үшін қолданылып келеді. Ол Сауд Арабиясында,
Мысырда жасалады. Бүгінде АҚШ пен Батыстағы мемлекеттердің ғалымдары қара зеремен
СПИД-ті емдеу жолдарында зерттеуде екен. Ал дәл қазір осы май халал дүкендерде сатылып
жатыр. Дей тұрғанмен, біздегі кӛп адам онымен қайтіп емделу керек екенін біле бермейді.
Сондықтан оны кейбір ауруларға қалай қолданатынын айта кеткенді жӛн кӛрдік [2].
Баспа (ангина). Баспаға ұшыраған кезде қара зере майының екі-үш тамшысын
тамызғыш арқылы таңдай бездеріне тамызады. Болмаса мақтаны майға батырып, онымен
таңдай бездерін сүртуге болады. Осы емді күніне үш-тӛрт мәрте қайталайды. Емнің
ұзақтығы екі – үш күн.
Созылмалы баспа. Созылмалы ангинада мақтаны қара зере майына батырып, онымен
таңдай бездерін сүртіп, сосын сыртқы аймағын маймен сүрту керек. Содан кейін мұрынға бір
– екі тамшы май тамызады. Егер қыздырса, мұрыннан қақырық түсірсе қорықпаңыз. Ол бес –
он минуттан кейін тоқтайды.
Құлақ ауруы.Құлаққа бір тамшы қара зере майын тамызу керек. Ол құлақты тазалап,
ауруын басады. Жарты шай қасық қара зере майын күніне бір рет ішу керек.
Кӛк бауырдың қабынуына қарсы
Бір стакан қайнаған суға бір шай қасық укропты қосып, үш – бес минут қайнатады. Оған
жеті тамшы қара зере майын қосып, бір апта ішу керек.
Мұрынның бітелуі. Қара зере майына малынған мақтаны 15-20 минут мұрынға қояды.
Тұмау қатты тигенде мұны қайталайды.
Жӛтел. Күшті жӛтел кезінде 3-5 тамшы қара зере майын тілдің түбіне таңертең және
кешке тамызады.
Кеуду аурулары және суық тию. Жарты ас қасық қара зере майын қайнап тұрған суға
тамызып, буымен дем алу қажет. Қақырық түспеген жағдайда жарты шай қасық қара зере
майын жарты стакан лимон шырынымен қосып ішу керек. Оған аздап бал қосып ішуге
болады.
Әлсіздік. Он тамшы қара зере майын апельсин шырынымен араластырып, таңертен
ұйқыдан оянған мезгілде ішу керек. Мұны 10 күн бойы қайталайды.
186
Шаштың түсуі. Шаштың түскне жеріне қара зере майын жағады. Сонымен бірге,
тамақтан 15 минут бұрын, таңертен және кешке жарты шай қасық қара зере майын 1 ас қасық
бал қосылған жарты стакан сумен ішу керек.
Ӛсімдіктің химиялық құрамы.
Қара зеренің тұқымында: Нигелон, минералдар,
фосфор, темір, кальций, активті ферменттер, кӛмірсулар, ақуыздар, А және Е (сонын ішінде
бэта токотриенол 1,22мг, гамма токоферол 2,59 мг әр қайсысында 100 г) май дәрумендер
болады.
Зере біздің дастарханымызда. Зере біздің дастарханымыздағы барлық тағамдарға
(сорпалардан бастап, салаттарға дейін) ұмытылмас тамаша дәм сыйлайды. Әсіресе, зере
қосылған печенье. Дербес екі мемлекетке айналған бұрынғы Чехословакияда зере жемісі
себілген тоқаштар, қазіргі күнге дейін таңғы кофені толықтыратын негізгі тағам [5].
Әдебиеттер тізімі:
1. Кӛкенов М.К., Әдекенов С.М. т.б. Қазақстанның дәрілік ӛсімдіктері және
оның қолданылуы. Алматы «Ғылым» баспасы, 1998ж.
2. Сәбит Ибадуллаев. Қара зере – күллі дерттің дауасы. Алматы, 2010
3. Бұхари, Әбу Абдиллаһ Мұхаммед ибн Исмайл. әл-Жамиус-сахих
4. Мүслим. Әбул Хусәйн ибн Хажжаж. Сахих
5. Шиков А.Н., Макаров В.Г., Рыженков В.Е. Растительные масла и масляные
экстракты: технология, стандартизация, свойства. – М.: Издательский дом «Русский врач» –
2004
Аннотация
Бұл мақалада қара зере ӛсімдігінің биологиялық ерекшеліктері және емдік қасиеттері
толығымен зерттелген.
Аннотация
В данной статье рассматривается биологические особенности и целебные свойства "черного
тмина", а так же методы его применения в народной медицине.
Annotation
This article discusses the biological features and the healing properties of the "black cumin", as well as
methods for their use in traditional medicine.
ӘОЖ 34.29.01
ҚАРАТАУ ФЛОРИСТИКАЛЫҚ АЙМАҒЫННЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТЫ ЖӘНЕ INULA HELENIUM L .- ОНТОГЕНЕЗІНДЕГІ ВЕГЕТАТИВТІК
МҤШЕЛЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АНАТОМИЯЛЫҚ
ҚҦРЫЛЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бекзатова М.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Батыс Тянь-Шаньның жалғасы Қаратау жотасы. Ол Талас Алатауының батыс жағынан
басталып, Боралдай, Сайрам жоталары арқылы Оңтүстік Алатауымен шектеседі. Солтүстік
батысқа қарай созылып жатқан таудың ұзындығы 400км, орташа биіктігі 1800км. Ең биік
нүктесі Мыңжылқы тауы,2176м. Тау солтүстік-батысқа қарай араласып, Сарысу,Шу
ӛзендерінің атырабында бітеді. Геологиялық құрылысы мен жер бедері жағынан Шу-Іле
тауларымен ұқсас. Аласарып мүжіле бастаған. Қаратаудың солтүстік-шығыс және оңтүстік-
батыс жоталарын тау аралық ойыс бӛліп тұрады. Оңтүстік-батыс жотасы протерезойдың
метаморфтанған жыныстарынан құралса,солтүсік шығыс жотасы тӛменгі палеозойдың құм
тастары мен тақтатастарынан тұрады. Екі жотаның арасындағы ойыс қызыл түсті құмдардан
түзілген. Сонымен қатар мезазой мен кайназойдың әктасы, құмтастар,сазды шӛгінділер кең
Достарыңызбен бөлісу: |