195
бактериялар болады. Бадананы топыраққа 10 см аралықпен 12-14 см тереңдікте
отырғызылды.Аптасына бір рет суғарылып тұрды.Арада 6 апта ӛткеннен кейін ӛскін пайда
болды [3].
1-сурет . Бадананы топыраққа отырғызу
Ӛскін ӛсіп шыққаннан кейін жылыжайдың температурасы 12-14
0
С болу қажет. Одан
кейін қайта 17-18
0
С кӛтеру керек. Жәнеде сумен минералды және органикалық
тыңайтқыштармен қоректендіріп отыру қажет. Суды тұндырып барып құю қажет, себебі
хлорлы суды құюға болмайды. 2-3 апта ӛткеннен кейін қызғалдақ гүлі гүлдей бастайды.
Қызғалдақ гүлінің биікті жағынан және тез гүл ашуы үшін күніне 2-3 рет суарып тұру қажет.
Егер ұзақ уақыт гүлдеп тұру үшін температураны 2-3
0
С тӛмен түсіру керек [4].
2-сурет . Ӛсіп шыққан ӛскін
Қызғалдақ гүлін ӛсіру барысындағы туындайтын қиыншылық. Жылыжайда
температура жоғары болса,қызғалдақ гүлі жұқа,әлсіз және ұзын болады. Егер қызғалдақ
гүліне температура жеткіліксіз тӛмен болса, ерте отырғызылса, қызғалдақ гүлінің сабағы
қысқа болады. Отырғызу барысында баданасы кішкентай болса, жапырақ сабақсыз дамиды.
Кальций жетіспеушіліктен гүлі мен сабағы әлсіз,әрі сынғыш келеді. Егерде температура
жоғары
болып,
желдеткіш
әлсіз
болса,
қызғалдақ
гүлі
солып
қалады.
Салқындату қызғалдақ гүлінің қалыпты ӛсуін реттеу үшін қажет. Биологиялық белсенді
заттар бағанының дамуына жауапты. Осы уақытта, гибберелин жиналады. Салқындату
кезеңі түрі мен бадананың ӛлшеміне отырғызылған күні байланысты. Бадананың түптену
барысында кӛп мӛлшерде ылғалдылықты қажет етеді. Суару уақыты аптасын 2 рет
жүргізіледі. Қызғалдақ гүлін кесу тәртібі. Қызғалдақ гүлін кесу гүлдері жабық тұрған кезде
жүргізіледі. Кесіп алынған қызғалдақ гүлін +1... +4
0
С ұстау керек. Сол арқылы 1 аптадай
иісін ұстап тұрады. Қызғалдақ гүлі қурап қалғанша дейін суарамыз. Жапырағы сарғайып
қалғанда, бадананы қазып алып, оны кептіріп, сақтауға жібереміз.
Бадананы сақтау. Баданаларды тым кеш уақытта да жинауға да болмайды. Себебі кеш
жинау зардабы – бадананың қабыршақтары бір-бірінен оңай ажырайтындай жағдайға келеді,
сол себепті, қорғансыз қалған бадана оңай ауруға ұшырайды. Баданаларды жинап алғаннан
196
соң, 10-20 күндей 24-25
0
С температурада, сағатына 10-20 рет орнын ауыстырып, жақсы
желдетілетін ортада кептіріп алады. Сосын оларды ескірген түбіректері мен
қабыршақтарынан тазалайды.Кептіру мен тазалаудан соң пиязшықтарды кӛлеміне қарай
сұрыптайды.[5]
3-сурет. Бадананы сақтау
Тараз
мемлекеттік
педагогикалық
институтының
ғылыми-инновациялық
агробиостанциясында Йокогама қызғалдағы және Абба қызғалдағы қазан айының 10-шы
жұлдызында егілді. Топыраққа бадананы отырғызғаннан бастап, қызғалдақ гүлін кесу және
оның баданасын сақтау барысында жұмыстар жасалынды. Яғни қызғалдақтың баданасын
топыраққа отырғызып, оның ӛскін беруін, температураны реттеп отыру, ылғалдылығын
қадағалау,қызғалдақ гүлін ӛсіру барысында туындайтын қиыншылықтар ескеру,мәселен,
белгілі бір тыңайтқыштың жетіспеуі немесе жиі кездесетін саңырауқұлақтық ауру секілді
ауру түрлерін болдырмау,салқындату ережесі, қызғалдақ гүлін кесу және бадананы сақтау
сияқты жұмыстар қадағаланып атқарылды.
.
4-сурет. Баданадан гүлдің ӛсіп шығу ерекшелігі
197
5-сурет. Йокогама қызғалдағы
Кӛптеген зерттеулер бойынша, қызғалдақ гүлінің ӛсіп шығу уақытысы 16-22 аптада
жүзеге асады. Топыраққа отырғызылған 10 данасының 8 данасы гүл берді. Менің ғылыми
зерттеуімнің нәтижесінде, Абба қызғалдағы мен Йокогама қызғалдағының 17 аптада гүл
беру қалыпты уақыт деп ойлаймын. Және менің жүргізген зерттеулерім уақытылы мерзінде
ӛсіп шыққанына мен куаныштымын. Алдағы уақытта қызғалдақ гүлін жылыжайда ӛсіруге
кеңес беремін. Себебі, қарапайым ӛсіру технологиясынан тұратын бұл гүлді неге
жылыжайда ӛсірмеске.
Әдебиеттер тізімі:
1. Иващенко А.А., ―Қазақстанның ӛсімдіктер әлемі‖ Энциклопедия Алматы- 2004
2. Әметов Ә.Ә. Ботаника –Алматы: Дәуір, 2005– 512бет.
3. Дәріқұлов Н.Т. Ботаника. Ӛсімдіктер жүйесінің практикалық курсы. Алматы:
«Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2003,320-бет.
4. В мире Растений журналы - № 5, 2008 ж, № 9, 2010 ж, Москва
5. Вовченко Ю.А., Орехов М.С., ―Энциклопедия цветовода‖ Санкт-Петербург-2000
Аннотация
Мақалада қызғалдақ гүлінің биологиялық ерекшеліктері мен жылыжайда ӛсіру жолдары туралы
айтылады.Сондай-ақ қызғалдақтың 2 түрін Абба қызғалдағы мен Йокогама қызғалдағының
жылыжайда ӛсіру ерекшеліктері зерттелді.Қызғалдақ гүлін жылыжайда ӛсіруде қолданылатын
агротехникалық тәсілдер мен әдістер қолданылды.
Аннотация
В статье рассказывается о том, как вырастить в теплице и биологических харастеристики
тюльпана. А также два вида тюльпанов Абба и Йокогама изучены особенности выращивание в
теплице. Букет тюльпанов при выращивание в теплицах применимый агротехнический методы и
метод используемый.
Annotation
This article describes how to grow in the greenhouse and biological harasteristiki tulip. And two kinds
of tulips Abba and Yokohama studied especially the cultivation in greenhouses. Tulips under cultivation in
greenhouses applicable agro-technical methods and technique used.
Достарыңызбен бөлісу: |