122
5. Осухова Н. Применение психодрамы в психотерапии с детьми, пережившими
насилие. – М.: Чистые пруды, 2005.
6.
http://strategy2050.kz/ru/book/post/id/8/
Аннотация
Бұл мақалада отбасындағы балалардың зорлық-зомбылық мәселесі баяндалған. Зорлық-
зомбылық әсерінен ӛзіне және ӛзгелерге ӛздері және басқалар үшін де зорлық-зомбылыққа ұшыраған
балалардың кӛзқарасы кӛрсетілген. Балалармен қатал қарым-қатынас кезіндегі ата-аналардың қатігез
мінез-құлқының кӛріністерінің себептері ашылған.
Аннотация
В данной статье говориться о проблеме насилия в семье над детьми. Показаны отношение
детей, которые пережили насилие, как к себе, так и к другим. Раскрыты причины жестокого
поведения родителей, категории жестокого обращения с детьми, включающие в себя ряд
поведенческих проявлений.
Annotation
This article speaks about the problem of domestic violence against children. Showing attitude of
children who have experienced violence, both to themselves and to others. The reasons of violent behavior of
parents, the category of child abuse, including a number of behavioral
manifestations.
ӘОЖ 451.41
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҤРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ЖЕКЕ ТҦЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖЕКЕЛЕП ОҚЫТУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мейрманова Н.Р.
Тасшолақ бастауыш мектебі, Жамбыл облысы, Т.Рысқҧлов ауданы
Қазіргі еліміздегі саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени ӛзгерістер орта және
жоғарғы мектепті демократияландыру мен жаңашаландыру, білім беру жүйесінде жас
ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын кӛтеру, оларды еңбекпен қоғамдық ӛмірге даярлау
мәселесінің кӛкейтестілігін кӛрсетіп отыр.
Қазақстан
Республикасының
«Білім
беру»
туралы
заңында,
«Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында,
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында», Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан халқына жолдауында» т.б. құжаттарда осы заманға сай білім беру жүйесін
дамыту, кең ауқымды ойлай білетін тұлғаның рухани және салауатты ӛмір салты негізін
қалыптастыру, тұлғаның шығармашылық дара қасиеттерінің дамуы үшін жағдай жасау,
интеллектісін байыту міндеттерін алға тартып отыр [1].
Қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан бетбұрыстар
оқу-тәрбие процесін жаңашаландыру талаптарын қояды. Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында:
«...Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның
жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған... І сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу
қызметінде негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен игеу үшін мыналарды:
оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін,
шығармашылықпен ӛзін-ӛзі кӛрсетуді, мінез-құлық мәдениетін, жеке гигиенасы және
салауатты ӛмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағдарланған», - деп кӛрсетілген [2].
Жоғарыда айтылған талаптар мен міндеттерді нәтижелі жүзеге асырудың факторлары
оқушылардың этникалық, психологиялық, дербес ерекшеліктерін ескеру, оларды жан-жақты
123
білу және соған орай оқу-тәрбие процесін жаңашаландыру, яғни олардың қабілеттерінің
ашылуына мүмкіндік тудыру,
сенім білдіру, ӛз күшіне сендіре білу болып табылады.
Оқыту мен тәрбиелеудің сапасын кӛтеру арқылы жас ұрпақтың дара-тұлғалық
қасиеттерін қалыптастыру білім берудің негізгі мақсаттарының бірі болып отырған
жағдайда, оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу
үшін, бастауыш мектеп жасынан бастап олардың дербес психологиялық ерекшеліктерін
ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жаңашаландыруды жүзеге асыруда оқушылармен
гумандық қатынас жасау негізінде жекелеп оқытудың маңызы зор.
Қазақстандық педагогика оқушыларды жекелеп оқыту мәселесін зерттеуде окушыға
тұлғалық -
әрекеттік тұрғыдан қарау қағидасына сүйенеді. Оқушыға тұлғалық - әрекеттік
тұрғыдан қараудың психологиялық негіздері С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьевтің
еңбектерінде сӛз болады. Олардың пікірінше, тұлға іс-әрекеттің субъектісі ретінде
кӛрінеді, іс-әрекет үстінде және басқа адамдармен қарым-қатынас үстінде қалыптасады [3].
Оқушыға тұлғалық - әрекеттік тұрғыдан қарау екі құрамды бӛліктен тұрады: тұлға
және оның іс-әрекеті. Осы қағидаға сәйкес оқушы - оқыту процесіндегі басты тұлға, ал
мұғалім бұл жағдайда оқыту процесін ұйымдастырушы, жетекші қызметін атқарады.
Сондықтан мұғалім бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басына тән
қасиеттерін білуі қажет. Мысалы, М.М.Мұқановтың пікірінше, мектеп ӛміріне үйрене
бастаған бала ӛзін басқа балаларға қарағанда сыныпта қандай орын алатындығына
ойланып, қайткенде жақсы орынға (лидерлікке) ие болсам екен деп арман етеді.
Оқушыға тұлғалық - әрекеттік тұрғыдан қараудың екінші бір құрамды бӛлігі - іс-
әрекет.
Тұлға субъект ретінде ӛзінің іс-әрекетін алдын ала жоспарлап, оны белгілі бір
мақсатқа бағыттап отырады. Тұлғаның мінез-құлқы мен психикалық процестерін
дамытуда іс-әрекеттің маңызды роль атқарады, яғни іс-әрекеттің ӛзі адамды субъект ретінде
қалыптастырады.
Оқу себептерін екі үлкен категорияға бӛлуге болады. Оның біреуі оқу әрекетінің
мазмұнымен және оның жүзеге асуымен байланысты болса, келесісі - баланың
қоршаған ортамен қарым-қатынасына байланысты. Алдыңғы себептерге танымдық
қызығушылық, жаңа білімді меңгеру мен интеллектуалдық белсенділікті қажетсіну жатса,
екіншісіне тұлғаның басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі, ӛзінің қолы
жететін қоғамдық ортада нақты бір орын алуға деген ниеті жатады [4]. Сонымен оқушыға
тұлғалық - әрекеттік тұрғыдан қарау оқу процесіндегі мұғалім мен оқушының арасындағы
(субъекті мен объекті) қарым-қатынасты (субъекті мен субъекті) ӛзгертеді. Бұндай жағдай
оқушының ӛз еркімен шығармашылық жұмыстарымен айналысуына мүмкіндік тудырады.
Оқушыға тұлғалық - әрекеттік тұрғыдан қарау Ш.А.Амонашвилидің классикалық
педагогикаға негізделіп жасалынған түлғаға гумандық тұрғыдан қарау тұжырымдамасынан
ӛз жалғасын тапты. Ш.А.Амонашвили әміршіл тәрбиеге қарсы шыға отырып, гумандық
педагогикаға негізделген іс-әрекеттің тӛмендегідей қағидаларын анықтады:
1. Баланы сүю. Себебі сүйіспеншілік - адам жанының сәулесі;
2. . Бала ӛмір сүретін ортаны адамдыққа, ізгілікке толы ету. Ол үшін баланың рухани
әлемі қалыптасатын оның қарым-катынас жасайтын ортасына кӛңіл бӛлу, яғни,
баланың қоршаған ортасы оны ашуландыр-майтындай, ыза, қорқыныш, сенімсіздік
тудырмайтындай, басқа балалардан ӛзін
кем сезінбейтіндей болуы қажет;
Мұғалім ӛзін бала ретінде сезіне білуі, ӛзін бала орнына қоя білуі қажет.
Оқытуды тұлғаға - бағдарлау шын мәнінде оқушыға жекелік -дифференциалды
тұрғыда қарауды қамтиды.
Жоғарыда айтылған тұжырымдама бастауыш сыныптың оку-тәрбие процесін
жаңашаландыруды жүзеге асыруда оқушылармен гумандық катынас жасау негізінде желелеп
оқытуды жетілдіруге мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Кез келген мәселені дербес шеше
алатын, творчестволы ойлауға қабілетті, рухани жан дүниесі бай түлғаны
қалыптастыруда оқушыларды жекелеп оқыту мен оқушыларға жеке тұрғыда қарау