115
бірнеше сағат бӛлінген. Бұл сағаттар тарауды меңгеруге мүмкіндік туғызады. Септіктермен
таныстырудың алғашқы сағаттарында тақтаға жазылған сӛздердің қай сӛз табына жататынын
тапқызып, жалғауы ажыратылады. Ал жалғауларын алып тастағанда сӛйлем
байланыспайтыны түсіндіріледі. Бұл жалғаулар зат есім сӛздерін бір-бірімен байланыстыру
үшін жалғанатыны, мұндай жалғаулардың септік жалғаулары деп аталатыны айтылады.
Кейінгі кезде мұғалімдер сабақтарында жиі пайдаланып жүрген септіктер туралы
ертегіні жас ерекшеліктеріне қарай күрделендіре отырып пайдалануға болады. «Зат есімнің
септелуі» тақырыбына 1 сағат берілген. Сол берілген сағатта септіктер туралы ертегі
қызықты баяндалады. Сонымен қатар үшінші, тӛртінші сыныптарда сӛз таптарын ӛту
барысында ертегінің тӛмендегі түрлерін сабақта қолдану арқылы ӛткен сабақтарымыздың
қызықты әрі нәтижелі болғанын байқадық.
Арыстан мен тышқан.
Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп ӛтеді.
Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Бейшара тышқан жалына бастайды: «Егер мені
жіберсең, мен де саған жақсылық жасаймын», - дейді ол. Арыстан, тышқанның, «жақсылық
жасармын» деген сӛзіне күліп, оны босатып жібереді. Келесі күні аңшылар арыстанды ұстап
алып, ағашқа таңып тастайды. тышқан арыстанның ақырғанын естіп, жүгіріп келіп, арқанды
тісімен қырқып, «Есіңде ме: сен менен жақсылық күтпеген едің ғой.
Енді міне, тышқаннан да
қайырымдылық келетіні кӛрдің», - депті.
- Кӛрдіңдер
ме балалар, кішкентай тышқан да арыстанға кӛмектесе алады екен.
Кӛп нүктенің орнына керекті сӛздерді қойыңдар:
1. Бір күні ... ұйықтап жатқан кезде, ... келіп, оның үстінен жүгіріп ӛтеді.
2. ... оянып, ...
ұстап алады
Соңғы кезеңде ірі блокпен оқыту әдісі жиі айтылуда. Ірі блокпен оқытқанда мұғалім
бірнеше сағатқа мӛлшерленген материалдардың түйінді мәселелерін алғашқы сабақта
меңгертіп, қалған сабақтарда білім дағдыларын қалыптастып алған білімдерін бекіту
мақсатында жаттығу, қайталау, тексеру сияқты жұмыстарды қалыптан тыс сабақ түрлері
(семинар, сынақ, жарыс т.б.) арқылы жүзеге асыруға болады.
Екі әтеш. (Қазақ халық ертегісі)
Ертеде бір кемпір-шалдың екі әтеші болған екен. Олар қолдарына түскен жемдерін сол
әтештерге беріпті.
Бір күні кемпір құстарына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер жүгіріп келеді.
Шұбар әтеш қасында жүрген досынан жемді қызғанып, бергісі келмейді.
- Шіркін, мына жемнің бәрін ӛзім жеп, бір тойсам-ау, - деп ойлайды.
Сӛйтіп шұбар әтеш қасындағы сұр әтешті қайта-қайта шоқып, жем жегізбейді, мазасын
алады. Ақырында сұр әтеш ызаланып, шұбар әтешті шоқып алады. Осыдан соң екі әтеш,
жүндері үрпиіп, тӛбелесе кетеді. Екеуінің де үсті-басы жұлым-жұлым болады. Бұлар таласып
жатқанда, кӛрші үйдегі тауықтың балапандары келіп, жемді түгін қалдырмай жеп етеді.
Екі жалқау. (Қазақ халық ертегісі).
Қысқы боран есікті жұлқылай ашып, үйге енеді. Екі жалқау жылы пештің қасынан
тұрғысы келмейді.
- Сен кішісің ғой, есікті жауып келші.
- Сен үлкенсің ғой, ӛзің жап.
- Жоқ. Ӛзің жап.
Екеуі осылай айтысып отырғанда бораған қар үйге толады. Аяз пештегі оттың жылуын
азайтады. Бӛлме суық болып кетеді.
Екі
жалқауды мұз басып, екеуі де мұз адам болып қатып қалады.
Үстеу тақырыбын ӛту барысында ауыз әдебиет үлгілерін сабақта тӛмендегіше
пайдаландық:
Ҥстеу. Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сӛз табын үстеу дейміз.
Үстеулер қашан? қайда? қалай? деген сұрақтарға жауап береді: Асқар тез жүреді. Марат
бүгін келді. Ертең жаңбыр жауады.