124
принципінің алатын орны ерекше. Ғылымда кейбір ұғымдарға ғалымдар әртүрлі
анықтамалар береді. Сондай ұғымдардың бірі - оқушыларды жекелеп окыту. Бастауыш
сыныптың оқыту процесін жаңашаландыруда оқушыларды жекелеп оқытудың мәнін ашу
үшін алдымен, оқушыларды жекелеп оқыту, оқушыға жеке тұрғыда қарау принциптері
туралы ғалымдардың берген анықтамаларына тоқталуды жӛн кӛрдік.
«Педагогикалық
энциклопедиялық сӛздікте» оқушыларды жекелеп оқыту:
«Оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыру. Ол
жалпы оқу міндеттері мен оқу мазмұны кӛлемінде ұжымдық оқу жұмысын
ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл әр оқушының потенциалды мүмкіндіктерін
тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Оқушыларды жекелеп оқыту оқу бағдарламаларында
кӛрсетілген оқу әрекетінің деңгейлері мен әр оқушының нақты мүмкіндіктері арасындағы
сәтсіздікті жоюға бағытталған. Оқушылардың дербес ерекшеліктері кешенді сипатқа ие
және әр оқу кезеңдерінде жүзеге асырылады [5]. Оқушыларды жекелеп оқыту құралдарына:
жеке және топтық тапсырмалар, сыныптағы оқу жұмысын үйымдастыру түрлері
(тұтастык, топтық, жеке) жатады. Оқушыларды жекелеп оқытудың құрамды бӛлігі бақылау
және ӛзін-ӛзі бақылау болып табылады...» деген анықтама берілген.
Біздің зерттеп отырған мәселеміз сынып-сабақ жүйесінде оқушыларды жекелеп оқыту
болғандықтан, бүл мәселеге байланысты бірнеше ғалымдардың оқытуды
дифференцациялау туралы берген анқтамасымен шектелуді жӛн кӛрдік.
Дүниеде түрі мен түсі, формасы мен қасиеті бірдей екі заттың болуы мүмкін емес
сияқты қабілеті мен мүмкіндігі, темпераменті мен мінез-құлқы бірдей екі оқушыны
кездестіруге болмайды. «Тәрбие жұмысының тәжірибесі - деп жазды В.А.Сухомлинский -
әрбір адам қайталанбайтын ерекше жан екеніне біздің кӛзімізді жеткізді, сондықтан
жас адамдағы сол қайталанбайтын, ӛзіндік, шығармашылықты тәрбиелеу қажет...
Қолайлы жағдай мен тәрбие жұмысын сәтті ұйымдастыра білгенде ӛзінің
қайталанбайтын, ӛзіндік талантын кӛрсете білмейтін адам болмайтынына біз сенімдіміз» [6].
Жоғарыда айтылған пікірді басшылыққа ала отырып, біз оқу-тәрбие процесінде әр
оқушының жеке қасиеттері мен «Мен» ұстанымын қалыптастыруда оқушыларды
жекелеп оқытудың маңызы зор демекпіз.
Оқушыларды жекелеп оқыту бағытын ұстанған мұғалімдерге қиындық тудыратын ең
басты мәселе, ол оқушыларды қалай жекелеп оқыту, оларды қандай ӛлшемдер бойынша
топқа бӛлу, оқушылардың бастапқы білім, іскерлік, дағды деңгейлерін қалай анықтау.
Осыған орай біз оқушыларды жекелеп оқыту мәселесін зерттеген кӛптеген ғалымдардың
(И.Е.Унт, А.А.Кирсанов, А.А.Бударный, Е.С.Рабунский, М.А.Құсаинова т.б.)
еңбектеріне талдау жасадық. Дидактикадағы оқушыларға жеке тұрғыдан қарау принципі
оқушылардың оқу әрекеті мен моральдық дамуына әсер ететіндей ерекшеліктерді ескеруді
карастырады.
Жоғарыда
айтылған жағдайларды ескере отырып, қазақ бастауыш сынып
оқушыларының оқыту процесін жаңашаландырудың бір құралы ретінде гуманды қарым-
қатынас жасау негізінде оқушыларды жекелеп оқытуды ұсынамыз. Осыған байланысты
алыс және жақын шетелдер мен Қазақстандағы зерттеу жұмыстары мен тәжірибелеріне
талдау жасалынды.
Мектептердегі бірқатар мұғалімдердің сабақтарына және жүргізілген сауалнама
нәтижелеріне талдау жасау, бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін жаңашаландыруға
кедергісін тигізіп отырған бірқатар қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік берді:
а) «Оқу-тәрбие процесін жаңашаландыру», «Оқушыларды жекелеп оқыту»
ұғымдарын, оны жүзеге асыру жолдары мен формаларын мұғалімдер жетік меңгермеген;
ә) сыныптағы окушылар санының кӛптігі, уақыт мӛлшерінің аздығы мұғалімге әр
оқушыға жеке тапсырма беріп, жекелеп жұмыс жүргізуге толық мүмкіндік бермейді;
б)
Қазақ орта мектептерінің бастауыш сыныптарындағы оқу-тәрбие процесін
жаңашаландыруда окушыларды жекелеп оқытуға қатысты қазақша шыққан нақты
әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы.
125
Осы айтылған жағдайларды басшылыққа ала отырып біз бастауыш сынып
оқушыларын жекелеп оқытуды жүзеге асырудың механизмдері анықталды:
1)
оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау;
2)
оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлері мен танымдық қабілет-терінің басым
болатын ерекшеліктерін анықтау;
3)
оқушылардың
оқу
іс-әрекетін
ұйымдастырудың
алуан
түрлерін
пайдалана білу;
4) жекелеп оқытуды сабақтың әр кезеңдерінде тиімді ұйымдастыра алу.
Сонымен қатар бастауыш сыныптың оқыту процесін жаңашаландыру
бағытындағы мұғалімнің оқушылармен жекелеп жұмыс жүргізуінің дидакти-калық
моделі жасалынды. Оның негізгі құрамды бӛліктері мыналар:
- мұғалімнің жеке бас қасиеттері (гуманистік және ұйымдастырушы-лық қасиеті,
мінез-қүлқы мен жүріс-тұрысы);
- қарым-қатынас жасау шеберлігі (оқушылармен жылы қарым-қатынас жасау,
баланың жеке басын қадірлеу, баланың қуанышы мен қайғысына ортақтаса білу,
кемшілігін сынып алдында айтпау, сенім білдіру, талап қою, болашағына үмітпен қарау);
- оқушыларды
жекелеп оқытуды жүзеге асыруға қажетті білімі (яғни,
жалпы кәсіби білімі, бастауыш сынып оқушыларының жалпы даму және дербес
ерекшеліктерін білуі, оқушыларды жекелеп оқыту әдістерін, сабақтағы оқушылардың іс-
әрекетін үйымдастырудың түрлерін білуі);
- оқушыларды жекелеп оқытуды ұйымдастыру іскерлігі (яғни, оқушылардың
мүмкіндіктерін анықтау мақсатында әртүрлі әдістерді қолдана білуі, белгілі ӛлшемдер
бойынша оқушыларды топқа жіктей алуы, жеке тапсырмалар құрастыра білуі, жекелеп
оқытуды жүзеге асырудың алуан түрлерін үйлесімді ұштастыра білуі).
Баланың моральдық мінез-құлқының қалыптасуына ықпал ететін факторлардың
бірі - оның микро ортасы. Бірақ барлық орта балаға дүрыс тәрбие бере алмайды.
Ортаның тәрбиелік мәні оның ӛзінде емес, ішкі құрылымында, яғни оның
ұйымдастырылуында. Сондықтан бастауыш сыныптан бастап бала адамгершілік
қасиеттерді игеретіндей микроортасын жаңашаландыру қажет. Тек ізгілікке толы орта
ғана балада жағымды қаситеттердің қалыптасуына алып келеді. Осы тұрғыда мұғалім
оқушының нақты іс-әрекетін ұйымдастырып, әр оқушының қабілетінің ашылуына, яғни
жағымды жақтарының кӛрінуіне, олардың бір-біріне кӛмектесуіне, кӛңіл бӛлуіне
мүмкіндік тудыруы қажет деп ойлаймыз. Бұл әр баланың сынып алдындағы беделінің
ӛсіп, басқа балалармен еркін карым-қатынасқа түсуіне кӛмектеседі.
Бастауыш
сынып
оқушыларымен
оқу-тәрбие
процесін
ұйымдастыру
кезеңінде ескеретін тағы бір жағдай мұғалім тарапынан ылғи ескерту алатын не нашар
оқитын оқушыға басқа (үлгерім деңгейі жоғары) оқушылардың қатынас мен кӛзқарасы
дұрыс болмайды. Сондықтан мұғалім бұндай жағдайлардың алдын алып, балалардың
ӛзара дос болуына, жылы қарым-қатынас жасауына кӛңіл бӛлгені жӛн. Сондай-ақ
оқушыға қатысты айтылатын сӛздеріне баса кӛңіл бӛлуі қажет. Сӛз - мұғалімнің сабақ
процесіндегі басты құралы, сол себепті оның сӛзі анық, образды, әсерлі, психологиялық
жағынан жоғары болуы керек деп ойлаймыз.
Дегенмен, біз оқушылармен гумандық қарым-қатынас жасау негізінде жекелеп оқытуды
ұйымдастыру - бастауыш сыныптың оқыту процесін жаңашаландыруды түбегейлі шешіп
береді деп есептемейміз. Бұл ӛте күрделі процесс, сондықтан оны жан-жақты, жүйелі
зерттеу алдыңғы уақыттың міндеті деп ойлаймыз. Бұл мәселені әрі қарай зерттеп,
бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін жаңашаландыруда оқушыларды жекелеп
оқытуға қатысты бастауыш мектеп мұғалімдеріне арнап әдістемелік нұсқау дайындау біздің
болашақтағы міндетіміз.
Әдебиеттер тізімі:
Достарыңызбен бөлісу: |