93
ӘОЖ 874.89
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Бердалиева А.К.
№6 балабақша, Тараз қ.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге кӛптеп
күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс
тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке
тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім
беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын
жүзеге асыруға бағытталған. Қоғамның алға басуы кӛп ретте бүгінгі ұрпақтардың қандай
дәрежеде білім алып тәрбиеленуіне байланысты. Мектепке дейінгі кезеңде білім беруде
инновациялық технологияны енгізу мен таратудың кӛпшілігі оны зерттеуші және таратушы
ғана емес, оны қолданушы болып табылатын адамға тәуелді. Бүгінде мектепке дейінгі
ұйымдар біркелкі бағдарламамен, біртектес әдістемемен, біркелкі оқу жоспарларымен
жұмыс істейді.
Тәрбиеші педагогтар қауымы заман талабы қойып отырған ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу
міндетін жүзеге асыру үшін инновациялық технологияларды тәжірибеде қолдана білуге
дағдылану керек. Тәрбиешінің оқыту әдістерін үйлесімді етіп таңдап алуы білім берудің
нәтижелі болуына мүмкіндік жасайды, ол үшін тәрбиеші балалардың ӛмір тәжірибесін, білім
қорын, іскерлік дағдыларының қалыптасуын есепке алуы қажет. Жаңаша әдіс- тәсілдермен
танысып, оны үнемі ӛз тәжірибесінде қолданып, жетілдіріп отыруы шарт. Сондай-ақ,
жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесімен танысып, дамыта оқыту, модульдік оқыту, сын
тұрғысынан ойлау, іскерлік ойындарды ӛткізу, тренинг жүргізуді және балаларды қарапайым
зерттеу жұмыстарын жүргізе білуге үйрету жолдарын ӛздері меңгеруі керек. Балалардың
ақыл-ойын дамытып, дүниетанымдық ӛрісін кеңейтуде, ұлттық рух пен сана сезімін
қалыптастыруда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, тәжірибеде тиімді пайдалану
негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Қоғамның заманауи даму сатысында инновациялық үдерістер, бірінші кезекте, баланың
әлеуетті қабілеттіліктерін ашудың бірінші деңгейі ретінде мектепке дейінгі білім беру
жүйесіне әсер етеді. Мектепке дейінгі білім берудің дамуы, жаңа сапалы деңгейге ӛтуі
инновациялық технологияларды дайындаусыз мүмкін емес. Инновациялар бала тұлғасына,
оның қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған педагогикалық практикада қолданылатын
жаңа әдістерді, нысандарды, құралдарды, технологияларды анықтайды. Қазіргі таңда
мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге кӛптеп күш жұмсалады.
Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс
таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс
дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан
балаға мынадай жағдай туғызу қажет:
Қазіргі кезде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі ӛзгерістер жүріп
жатыр. Дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру – білім мен тәрбие берудегі
мемлекеттік істің ең маңыздысы. Адамзат баласының ӛз ұрпағын мектепке дейінгі оқыту мен
тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу
педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. Білім, тәрбие
жұмысына жаңа әдістемелік амал-тәсілдерді, құрал-жабдықтарды, жаңа тұжырымдамаларды
жасап, оларды қолдану инновация деп аталады.
Тәрбиеші педагогтің мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда
тікелей басшылыққа алатын негізгі құзіреттілік түрлері: инновациялық технологияларды
пайдалана білу құзіреттілігі, құндылық түсінігі құзіреттілігі, жалпымәдени құзіреттілігі,