99
ӘОЖ: 37.035.6:373.1
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҦЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зарпулова С.М.
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы, Тараз қ.
Қай ұлт болса да оның ұлттық үрдісі, ӛзіндік әуені, білікті қасиеті, ұлттық болуы
арқылы болашақ ұрпағының тӛл келбетін қалыптастырады. Қазіргі таңда ғасырлар
қойнауында жатқан ұлттық тәрбиені, адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру маңызды
міндеттердің біріне айналып отыр. Әр ұлт ӛз ұрпағына ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы
ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алатыны белгілі. Тәуелсіз елдің ұрпағына
мәдениет пен ғылым, тәрбие мен білім беру – үздіксіз үдеріс. Олай болса, тәуелсіздік туын
биіктеткен жастардың ұлттық білім мен тәрбие құндылықтарын меңгеруі жасампаз
Қазақстанның жалынды жігерін, қуатты кемерін, ұлттардың жомарт жарастығын, ырысты
ынтымағын әлемге паш етеді. Сондықтан да Қазақстанның келешегі оның әлемге
ашықтығында.
Ұлттық тәрбие - ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ жастарды тәрбиелеуге негізделген
білім беру жүйесінің құрамдас бӛлігі, әр халықтың табиғи ерекшеліктері, ата кәсібі, салт –
дәстүрі, дүниетанымы негізінде жинақталған тәжірибе. Ол уақыт ӛткен сайын ғасырлар
сүзгісінен ӛтіп, сұрыпталып, іріктеліп халық ӛмірінде қолданбалы түрде жүзеге асып
отырады.
Ұлттық тәрбиенің кӛздері ата – бабаларымыздан қалған фольклор, ауыз әдебиеті, әдет –
ғұрып, салт – дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сӛздер мен айтыс термелер, ӛнеге ӛсиеті
бар мақал – мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың
еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады.
Ұлттық тәрбие беру мәселесі әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің
еңбектерінде кӛрініс табады. Ұлтымыздың ұлы тұлғалары түркі халықтарының тәрбиелік
ерекшеліктеріне үлкен мән бере отырып, ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін жасады.
Халқымыздың
кемеңгер
ағартушылары
Ш.Уәлихановтың,
Ы.Алтынсариннің,
А.Құнанбаевтың,
Ш.Құдайбердиевтің,
М.Жұмабаевтың,
А.Байтұрсыновтың,
Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, т.б. педагогикалық мұрасында тұлғаның қалыптасуы мен
дамуындағы ұлттық тәрбиенің маңыздылығы мен мазмұны ашып кӛрсетілді.
Кӛрнекті қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев , С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева,
Ж.Ж.Наурызбай, К.Ж.Қожахметова, Ә.Табылдиев, М.Х.Балтабаев, Р.Қ.Дүйсембінова,
Қ.Б.Бӛлеев,
С.Ғаббасов,
Қ.Қ.Шалғынбаева,
Ш.М.Мұхтарова,
С.Қ.Абильдина,
Ж.М.Акпаров, т.б. тың зерттеулер жүргізіп, ӛз еңбектерінде халықтық педагогиканың
қалыптасуы мен дамуын, оның құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі мәнін, мектептің оқу-
тәрбие процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.
Мағжан Жұмабаевтың «Педагогикасы» нағыз ұлттық тәрбиені насихаттауға
бағытталған, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында мектеп мұғалімдері мен
тыңдаушыларға арналып жазылған тұңғыш этнопедагогикалық еңбек деп толық айтуға
болады. Ӛйткені Мағжан «Педагогикасының» басты ерекшелігі – оның қазақ топырағымен,
салт – дәстүрлері және мінез – құлқымен тығыз байланыстылығында, ӛзі айтқандай, қабысып
жатқанында. Оқулықтың басынан аяғына дейін ұлттық тәрбие басшылыққа алынып, оған
сүйеніп, ұлттық тәрбие беруге мұғалімдерді даярлау туралы ой – пікірлерінің айтылуы
қазіргі кезде қазақ мектептерінде оқу–тәрбие үрдісіне ұлттық мазмұн беру қажеттігімен
сипатталады.
А.Байтұрсынов ӛзінің ―Бастауыш мектеп‖ деген мақаласында қазақ бастауыш
мектептерінде қандай пәндер оқытылуы қажет деген мәселеге арнайы тоқтап, ол пәндерді
―оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа - кәсіп, қолӛнері, жағрафия, жаратылыстану