170
2. ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-
әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн
тҥрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн меңгерту; қолданбалы
программалық қҧралдарды меңгерту; жаңа программалық қҧралдарды меңгерту.
3. ӛз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мҥмкiндiктерiн
пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мҥмкiндiктерi туралы бiлiм;
коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң
ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық қҧралдарды
қолдану және оларды ӛз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану.
Оку кызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жҥзеге асыруды
елестетсек, оның мҥмкіндіктері ерекше ҥлкен. Компьютер кез келген ойдың
ӛтімділігін, міндеттерінің кҥшті және әлсіз жақтарын кӛрсетіп бере алады.
Шығарылуы кҥрделі, кӛп
уакытты қажет ететін есепгерді компьютердің
кӛмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде ӛте жоғары дәлдікпен
есептелінген есептің нәтижесін аламыз.
Оқу процесіне жана ақпараттық технологияларды енгізу ісі
математикамен тығыз байланысты.
Тестілеу жҧмыстарын жҥргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын
алып келеді, ӛзіндік жҧмыстар, консультациялар ҧйымдастыру және тест
тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін кӛтерері сӛзсіз.
Компъютердің графикалык мҥмкіндіктерін сызу математика сабақтарын
ӛткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.
Нәтижелері кӛрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде
компьютерді қолдану мҧғалім мен оқушы қарым-катынасы жҥйесін, олардың
іс-әрекеттерінің мазмҧнын, қҧрылымын ӛзгерте отырып, тҥрлендіре алады және
осы әрекет мҥшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык,
эмоционалдық ортасына, сезімнің ӛсуіне әсер етеді.
Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік
біліктіліктерін «клавиатурамен жҧмыс, программа тізу, принтермен жҧмыс
істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық
редакторлармен жҧмыс істей білу» жҥйелі тҥрде қалыптастыру бҥгінгі кҥннің
кезек кҥттірмес талабына айналуда.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың қағидалары:
қоғамның әрбiр мҥшесi ҥшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiң
тҥсiнiктiлiгi;
жеке тҧлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн
дамыту;
бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;
жалпы компьютерлiк сауаттылық;
оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы (интенсификация).
Нәтижелер:
жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын
кӛтеру;
171
жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу
арқылы бiлiм беру мазмҧнын жаңарту;
бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық
ресурстарға жедел ену;
мультимедиялық
электрондық
оқулықтарды,
виртуальдық
лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
Кемшіліктер мен жетістіктерді саралай отырып, білім сапасын кӛтеруге
болады деп ойлаймын. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын
зерттей отырып, ҥздіксіз жҥйелі жҧмыс жасау – ҥлкен нәтижелерге жеткізеді,
сонымен қатар білім сапасын да арттырады.
Әдебиеттер:
1. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в
системе образования // М., 2000.
2. Фридман Л.М. Изучение личности учащегося // М., 1988. – 198 с.
3. Компьютерлік оқыту программаларын қолдану. Информатика-физика-
математика журналы. №3. Алматы, 2000. –Б.10-13.
4. Білім беру ҥдерісінде қолданылатын ақпараттық технологиялардың
мҥмкіндіктері. «Экология, білім, ғылым және қоғам» атты республикалық
ғылыми-теориялық конференциясының еңбектері. - Кентау, 2006. –Б.356-361.
(Т.Б.Қоштыбаев, К.М.Беркінбаевтармен бірлестікте).
5. Информатика
пәнін
оқытудың
педагогикалық-психологиялық
мәселелері. «Экология, білім, ғылым және қоғам» атты республикалық ғылыми-
теориялық конференциясының еңбектері. Кентау, 2006. – Б.409-414.
(Г.А.Момбиевамен бірлестікте).
ПРАКТИКАЛЫҚ МАЗМҦНДЫ ЕСЕПТЕРДІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қожабаев Қ.Ғ., Мансурова С.Ж.
Кӛкшетау қ., Ш. Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті
Білім берудің негізгі мақсаттарының бірі - жеке адамның жан-жақты
дамып, жетілуін қамтамасыз ету.
Бала санасына жастай тәрбиелік ықпал етіп, баланы ―сегіз қырлы, бір
сырлы‖ болып қалыптасуын қамтамассыз етуге халықтық тәрбиеде ҥлкен мән
берген.
Қазақ халқының кӛрнекті ағартушылары: Әбу-Насыр-Әл-Фараби, Абай
Қҧнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жҧмабаев т.б. тӛл оқу қҧралдарында казақ
жастарын адал, еңбексҥйгіш, ӛнегелі-ӛнерлі азамат болуға, ҧрлық, зомбылық,
жалқаулық сияқты жаман қылық, жат мінездерден аулақ болуға шақырады.
Ғҧлама ғалым әл-Фараби еңбектерінде адамды дҧрыс жолға бағыттап,
172
тәрбиелеу, дамыту арқылы адамның мінез-қҧлқы мен ой-парасатын жоғары
дәрежеге кӛтеру қажеттігі туралы пікірлер айтылған.
Әл-Фараби математиканы оқытудың білімдік және тәрбиелік сипаттарын
―математика тәлімі ― атауына сыйғызды.
Абайдың философиялық, педагогикалық кӛзқарастары адамгершілік
мәселесіне ҥндейді. Оның қара сӛздеріндегі айтқан ой- тҧжырымдары- жастарға
тәрбиелік мәні зор асыл сӛздер. Ақын ӛлеңінде талап, еңбек, терең ой, қанағат,
рақым – бҧл бесеуі нағыз адамдық қасиеттер екенін кӛрсетті.
Ҧлы ақын, философ, педагог Абай Қҧнанбайҧлы балалардың логикалық
ойлауын дамыту мен адамгершілік тәрбиесін бір-бірінен ажыратпаған.
Қазақ
халқының
тҥңғыш
ағартушысы
Ы.Алтынсарин
барлық
еңбектерінде жеке адамның жоғары қасиеттерін қалыптастыруда еңбек,
адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің ерекше орын алатынын атап кӛрсетті.
Болашақта адамның ғылыми, қоғамдық-саяси әулетінің жоғары болуы
мектеп қабырғасынан қалыптасатындықтан, оқушыларға тәрбие берумен қатар,
оларды жан-жақты дамытып, ӛз ісінің маманы болып қалыптасуына мҥмкіндік
жасауды ерте бастан қолға алған дҧрыс. Осыны ескерсек, математика тек ӛзінің
білім беру мен тәрбиелік функциясын атқарып қана қоймай, солар арқылы
оқушылардың жан-жақты білім мен қабілетін ҥнемі жаңартып отыру
қажеттілігін қалыптастырып, ҥйрету қажет.
Есептің мазмҧнында берілетін сюжеттік материалдар ӛмірдің әр тҥрлі
жақтарынан білім берудің кӛзі болып есептеледі. Оқушылардың ӛндірістің,
халық шаруашылығының және мәдениеттің кез-келген саласында практикалық
қызмет етуге дайын болу дәрежесі де математикалық есептерді тиімді қолдана
білуге байланысты болады.
Есептің мазмҧнының белгілі бір мақсатқа бағытталуы тҥрліше болуы
мҥмкін. Бірқатар есептер есептеулермен, кейбірі ӛлшеу іс-әрекеттерімен, енді
бірі математикалық теория элементтерін меңгерумен, т.б. байланысты болып
келеді. Қандай болғанда да бҧл жағдайлардың барлығы да оқушыларды
тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Шамаларды
ӛлшеуге
берілген
есептерді
орындау
барысында
оқушылардың математика ғылымының табиғаты материалды екендігіне сенімін
қалыптастыруға кӛмектеседі. Математикалық заңдылықтар талданатын
есептерді шығара отырып, оқушылар кӛптеген математикалық тҥсініктердің
негізгі тамыры кҥнделікті ӛмірде, адамдардың практикасында жатқандығына
кӛз жеткізеді, кҥнделікті ӛмірде болатын қҧбылыстарды обьективті бағалауды
ҧғады. Геометриялық мазмҥнды есептерді шығарғанда кеңістікті елестету
элементтері қалыптасып, дамиды. Пропорционал шамалармен байланысты
есептерді шығару шын ӛмірдегі қҧбылыстардың арасындағы байланыстардың
себеп-салдарын бейнелейтін функционалдық тәуелділіктердің идеясын ашып
кӛрсетуге ықпал етеді.
Есеп шығару барысында істелетін жҧмыстың ҧжымдық формасы
оқушыларға белсенділігін, тҥрлі пікірлерді талдай білуін, ӛз ойын баяндауды
ашық тҥрде кӛрсетуге мҥмкіндік береді. Сӛйтіп, ол оқушыларды қоғамдық
Достарыңызбен бөлісу: |