193
элементтерін ӛлшеу жолымен табылады. Бҧнда геометриялық метод, графиктік
метод ретінде тар мағынасында алынады.
Екінші тәсіл, шешуі сызбаны қолдану арқылы арифметикалық жолмен
немесе теңдеулер қҧру жолымен, геометриялық қатыстарға (тепе-теңдік,
ҧқсастық, теңкҥштестік, т.б.) негізделген кӛмекші геометриялық модельдер
қҧруға келтіріледі.
Орта мектеп алгебра курсында геометриялық модельдер қҧрудың ҥш
тҥрін қолдануға болады:
1) сызықтық
диаграммалар;
2) тіктӛртбҧрыш, ҥшбҧрыш, трапеция аудандары тҥріндегі екі ӛлшемді
диаграммалар;
3) элементар функциялар графиктері кӛмегімен қҧрылған графиктік
модель.
Геометриялық модельдің әрбір тҥрі сәйкесті геометриялық білімдер мен
дағдыларды қолдануды қажет етеді. Егер модель сызықтық диаграмма болса,
онда негізгі ҧғымдар ретінде кесінді ҧзындығы, кесінді ҧзындығының
қасиеттері, кесінділермен жасалатын амалдар және т.б. алынады. Екі ӛлшемді
диаграммалар жағдайында – аудан, аудан қасиеттері, ҥшбҧрыш пен тӛртбҧрыш
аудандары, теңкҥштес тӛртбҧрыштарды салу, т.б. Графиктік модель
қолданылғанда вертикаль бҧрыштар қасиеттері, параллель тҥзулер қасиеттері,
Пифагор
теоремасы,
ҥшбҧрыштың
ҧқсастық
белгілері
және
т.б.
қарастырылады.
Сонымен, алгебралық есептерді геометриялық методтармен шешу ҥшін
тӛмендегілерді орындау қажет:
1) Есептің геометриялық моделін қҧру (шешуші не кӛмекші);
2) Есептің жауабын табу.
Егер модель шешуші болса, онда жауап сызбадан табылады. Кӛмекші
геометриялық модель жағдайында:
a) геометриялық фигуралардың қасиеттерін қолдана отырып, сандық
ӛрнектер немесе теңдеулер (теңдеулер жҥйесін) қҧру;
б) сандық ӛрнек мәнін табу не теңдеулерді (жҥйесін) шешу;
в) алынған шешулерді зерттеу.
Соңғы кезде мектеп математикасында геометрияның ҥлесі елеулі азаюы
байқалады. Бҧл геометрияны нәтижелі оқытуға, оқушылардың кеңістікті
елестетуін қалыптастыруға кері әсерін тигізуде.
Кӛптеген педагогтар қазіргі мектепте математикалық білім беру
проблемаларының кӛпшілігі математиканы оқытуға бӛлінетін сағат санының
кемуіне байланысты деп есептейді. Математикадан сағат санының қысқаруы
соңғы оқу жылдарымен салыстырғанда елеулі айырмашылықты қҧрайды. Бҧл
оқытудың практикалық қолданбалығы әлсіреуіне, жалпы оқушылардың
дайындық деңгейі тӛмендеуіне алып келеді. Соңғы бес жылдағы ҦБТ
қорытындысы білім сапасы мен оқушылардың білік және дағды деңгейі
тӛмендегенін кӛрсетеді. Сондықтан математиканы оқытудың тиімді жолдарын
іздестіру қажеттілігі туып отыр. [1]