2014 жылы орындалған алдын ала болу қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жинақталған баяндамасы



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет11/17
Дата20.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#14828
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

   

Алматы қ. ІІД қабылдау-тарату орны 

Көптеген   мекемелерде   негізгі   орналасу   жағдайларының   жоқтығы,

орналасу нормаларын (лық толған немесе орналасқан тұлғаларды әркелкі бөлу)

және санитарлық алаңды сақтамауы белгіленді. Көп жағдайда уақытша ұстау

мекемелерінде   табиғи   жарықтандырудың   жеткіліксіздігі   мен   камераларда

тәулік бойы реттелетін жарықтандырудың болмауы, табиғи вентиляцияға және

оны реттеуге шектеулі қолжетімділік орын алуда.

  

Семей қ. уақытша ұстау изоляторы 

Көп   жағдайда   уақытша   ұстау   изоляторларында,   арнайы     қабылдау

орындарында   және  қабылдау–тарату   орындары  ыстық   сумен   қамтамасыз

етілмегендігі,   жылдың   суық   мезгілінде   температура   режимінің   жетіспеуі,

санитарлық тораптардың, кәріздердің қанағаттанарлықсыз жағдайы, төсек орын

құралдарының   лайықсыз   күйі   (жекелеген   мекемелерде   жататын   орындардың

болмауы),   жеке   бас   гигиенасы   құралдарының,   камералар   мен   үйжайларды

санитарлық залалсыздандыру құралдарының жоқтығы, көтеріңкі ылғалдылық

байқалды.   Адами   ар-намысты   қорлайтын   фактор   камераларда   табиғи

қажеттіліктерді жіберу орындарының оқшауланбауы, ауызсу суы бар ыдыстың

жоқтығы   болып   табылады.   Барлық   көрсетілген   жағдайлар   тұтқынға

25



алынғандармен   қарым-қатынастың   халықаралық   нормаларына   қарама-қайшы

болып келеді, ал тұтқынға алынғандарды осындай жағдайларда ұстау азаптауға

теңбе тең.

Ұсынылған есептерді талдау қамауда ұстау орындарында медициналық

қызмет   көрсетуге   қолжетімділік,   медициналық   қызметкерлердің   өз

міндеттеріне   немқұрайлы   қарауы   сияқты   проблемалар   шешілмей,   қалып

жатқаны,   азаматтық   медициналық   ұйымдармен   өзара   әрекеттесу   толық

дәрежеде   ұйымдыстырылмағанын   көрсетіп   отыр.   Рудный   қ.   ІІД   УҰИ-да

жыныстық қолсұқпаушылықпен байланысты қылмысты жасауда күдікті болып

келетін тұлғаға медициналық көмекті көрсетуден бас тарту фактісі бар. Сондай-

ақ   уақытша   ұстау   изоляторларының   бірінде   қамауда   ұсталғанмен   құпия

әңгімелесу кезінде мұндай мекемелерде қамаудағы тұлғаның тартылып жатқан

қылмыстық бабы туралы ақпарат ортаға белгілі болатыны, және көп жағдайда

бұл зорлық іс-әрекеттердің себебіне айналатыны туралы айтылған еді.

  Дене   жарақаттарын   анықтау,   қарау,   тіркеу   тетіктерінің   жоқтығы

мекемелерге   алдын   ала   болу   бойынша   ҰАТ   көптеген     қатысушылардың

есептерінде атап өтілген. 

Ішкі   істер   министрлігіне   бағынысты   барлық   қамауда   ұстау   орындары

үшін маңызды проблеманы атап өту қажет, - бұл сыртқы дүниемен (кезеңдік

басылымдардың, кітапханалық қордың, радиоқойылым нүктелерінің, телефон

арқылы сөйлесу мүмкіндігінің жоқтығы) байланыстың жоқтығы.  

2.3. Қорытынды және ұсынымдар

Қарастырылып   жатқан   кезеңде   ҚР   ІІМ   мекемелерінде   болған   ҰАТ

қатысушыларының   қорытындылары   мен   ұсынымдары   Қазақстан

Республикасының   әрекеттегі   заңнама   нормаларына   және   белгіленген

халықаралық   нормалар   мен   стандарттарға   негізделген.   Сондай-ақ   жағдайды

бағалау   үшін  

 Қамаудағы   адамдармен   қарым-қатынастың   ең   төменгі

стандарттық   ережелері  (бұдан   әрі   –   ЕСЕ)   және     азаптаулар   және   басқа   да

қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер

мен   жазалау   түрлерi   туралы   мәселесі   жөніндегі   арнайы   баяндамашының

баяндамасы  (Қазақстан  Республикасына  миссиясы,  2009  жылғы  5-13 мамыр)

пайдаланылды.

ҰАТ   өз   ұсынымдарының   көбінде   мекемелер   әкімшілігіне   және

ведомстволардың   басшылығына   тұрғын   үйжайларының,   санитарлық-

гигиеналық   жағдайларының,   медициналық   қызмет   көрсетудің,   тамақтандыру

жағдайларының,   спортпен   шұғылдану   мен   сыртқы   дүниемен   (БАҚқа

қолжетімділік,   кездесулер,   телефон   арқылы   сөйлесулер)   байланыстар   үшін

жағдайлардың ведомстволық нормативтермен және ЕСЕ сәйкессіздіктерін жою

бойынша нақты ұсыныстарды ұсынады.

26



 

 

Алматы облысының Қарасай ауданы ІІД уақытша ұстау изоляторы, Қаскелен қ. 

Осындай ұсыныстарды (ұсынымдарды) облыстар бойынша жинақтауды

прокуратура   органдары   қызметкерлері   заңда   көзделген   прокурорлық   жауап

қайтару   шарасын   қолдану   үшін   бақылауға   алуы   тиіс   деп   көрінеді,   себебі

осындай сәйкессіздіктер тікелей немесе жанама түрде ҚР ІІМ мекемелерінде

қамауда орналасқан тұлғалардың адами ар-қасиеті мәселелерін қозғайды.

Алайда,   осы   баяндамада   ҚР   ІІМ   мекемелерінде   адами   ар-намысына

қолсұқпаушылық пен қатыгез іс-әрекеттер, жазалау оқиғаларына жол бермеу,

сондай-ақ   азаптауды   алдын   алуға   тікелей   қатысты   кейбір   ұсынымдарды

көрсету қажет.

ҰАТ   іске   асырудағы   маңызды   проблемалық   мәселелердің   бірі   ҰАТ

туралы   Заңның   әрекеті   аясына   кірген   мекемелердің   жекелеген

қызметкерлерінің   дәне   басшылығының   аталған   тетіктің   қызметі,   оның

мақсаттары   мен   міндеттері   туралы   хабардар   болмауы   болып   табылады.

Бірқатар   өңірлерде   түзеу   мекемелерінде,   уақытша   ұстау   изоляторларында,

арнайы қабылдау орындарында,  қабылдау–тарату орындарында арнаулы алдын

ала   болуы   кезінде   ҰАТ   қаысушыларын   мекемелерге   кіргізбеу,   фото   және

бейнефиксаторларын тартып алу фактілері орын алды. Жағдайды реттеу үшін

Адам   құқықтары   жөніндегі   уәкіл   мекемесінің   орталық   мемлекеттік   органға

мәлімдеу арқылы араласуы қажет болды.

 Осыған байланысты, орталық органдардың да, ведомстволық бағынысты,

аумақтық,   жергілікті   бөлімшелердің   және   мекемелердің   қызметкерлері

арасында   азаптауға   қарсы   күрес   бойынша   құрылған   тетіктің   маңыздылығы

туралы ақпараттық жұмысты тұрақты негізде жалғастыру өте қажет.

Арнайы   құралдарды   негізсіз   қолдану,   ІІМ   бағынысты   мекемелер   мен

ұйымдарда   орналасқан   тұлғаларға   қызметкерлердің   психологиялық   қысым

және күш жұмсау (жүйесіз сипаттағы) практикасын назарға ала отырып, жабық

мекемелерде адам құқықтарын сақтау туралы, сондай-ақ қатыгез іс-әрекеттерді

қолданғаны   үшін   лауазымды   тұлғалардың   жауапкершілігі   туралы   мекемелер

персоналының хабардарлығын арттыруды қамтамасыз етуін ұсынып отырмыз.

Бас   бостандығынан   айыру   орындарында   орналасқан   тұлғалардың

олардың   құқық   бұзбаушылық   жүріс-тұрысқа   және   әрі   қарай   әлеуметтік

бейімделуге,   қоғамға   араласуға   түрмедегі   қамаудың   жағымсыз   салдарларын

азайтуға   ынталандыру   мақсатында   тәрбиелік   ықпал   ету,   олардың

27



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау